Қосымша әдебиеттер:
24. Головин Б.Н. Введение в языкознание. Москва, 1977, 1980 ж.
25. Кодухов В.И. Введение в языкознание. Москва, 1979, 1987 ж.
26. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. Алматы, 1995 ж
Аманжолов А.С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. Алматы, 1997.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.
Баранникова Л.И. Введение в языкознание. Саратов, 1973.
Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. Москва, 1969.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1998.
Истрин В.А. Возникновение и развитие письма. Москва, 1965.
Мурат В.П. Введение в языкознание. Методические указания для студентов заочников. Изд. 4., Москва, 1973.
Жұмабекова А.Қ. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. Алматы, 2000 ж.
Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы, 1997.
Амирова Т., Ольховиков Б., Рождественский Ю. История языкознания. М:, 2005.
Оразов М. Қазақ тілі тарихын дәуірлеу мәселесі. Алматы: ҚРҒМ-ҒА хабарлады: тіл/әдебиет сериясы, 1996, №4. -35 б.
Орфоэпиялық сөздік. Алматы, 2007.
Ахманова О. Словарь лингвистических терминов.
Мұсаұлы Ж., Какенұлы Қ. Қазақ жазу тарихы. Оқу құралы. Көкшетау, 2003.
Мечковская Н.Б. Семиотика: Язык. Природа. Культура. М:, 2008.
Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы,1995.
Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.
Досмұхамедұлы Х. Аламан. Алматы, 1991. 81-ші бет.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
Отар Әлі Б. Түркітану. Алматы, 2003.
Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Гуманитарлы-педагогикалық факультеті
Н-01-4-45-15
СОӨЖ ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
ПӘН АТАУЫ: ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Оқу түрі: күндізгі бөлім
Көкшетау, 2016
Тіл біліміне кіріспе пәніне құрастырылған (СОӨЖ) әдістемелік нұсқау оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес әзірленді.
Оқытушы туралы мәлімет: филол.ғ.д., профессор Молгаждаров Қасиет Какенұлы
Офис: КА-ның бас ғимараты, 2-қабат, 216 кабинет. Телефон: 32-62-20 (жұмыс), ұялы тел: 87014723756; электр.почта: kasiet_k@list.ru Контакт сағаттар: 800 -1800 с. Уақыты: бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі.
Кафедраның отырысында қарастырылды
Хаттама № __. «___» _______2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Е.Арыққарақызы
Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің
шешімімен мақұлданған. Хаттама № __. «___» _______2016 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы _________ Қажыбай А.Т.
КІРІСПЕ
«Тіл біліміне кіріспе» атты пәннің әдістемелік нұсқауы жұмыс жоспарларына сәйкестендіріліп жасалынды. Мұнда жұмыс бағдарламасы негізінде семинар мен өздік сабақтарының тапсырма материалдары қамтылып, студентке пәнді жетік меңгерту мақсатында әдістемелік бағыты көрсетіледі. Жоспар бойынша берілген тапсырмалар студенттің білім деңгейін анықтауға, танымдылық, шығармашылық әрекетін арттыруға мүмкіндік береді және зерттеу қабілетін қалыптастырады.
«Тіл біліміне кіріспе» курсының бағдарламасы теориялық және практикалық екі бағытта жүргізіледі. Курстың теориялық бөлімінде тіл білімінің ғылым ретінде танылуы, тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланыс, тіл білімінің зерттеу әдістері жайлы, тілдің шығуы мен дамуы жайында, тілдің лексика, грамматика, фонетика салалары жайлы түсінік беріледі. «Тіл біліміне кіріспе» курсы қазақ филологиясының студенттері үшін өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын, фактілерін ғылыми терең түсінуге, ана тілінің туыс тілдерімен генетикалық жақындығын білуіне, ал басқа туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Студенттердің оқытушымен бірлесе жұмыс жасауы теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді, студенттер тілдің әртүрлі субстантивтік және реляциялық мағына элементтерін ажырата білу және топтастыра білу дағдысын меңгеруі тиіс. Студенттердің оқытушымен бірлесе жұмыс жасауы әр тақырып бойынша өткізіледі, одан әрі студенттердің білім дәрежесін тест арқылы тексеру, бақылау т.б. жұмыстары арқылы іске асады. Курс студенттердің оқу құралдарымен, анықтама және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауына бағдар береді. Жұмыстың қандай түрі болмасын студенттерге лингвистикадан элементарлы мәлімет беру, тілдің қызметі, тілдердің пайда болуы мен дамуы, олардың генеологиялық және типологиялық ерекшеліктерін, жазу мен оның түрлері, тіл және қоғамның диалектикалық бірлігі, тілдің деңгейлік жүйесі – фонетика және фонология, лексикология, грамматика туралы жүйелі білім алуына негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |