1. жалпы мәліметтер



бет1/5
Дата13.11.2022
өлшемі260.52 Kb.
#464695
  1   2   3   4   5
PRMBBD




1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: Ермағамбетов Т.Қ., кафедра доценті, ф.-м. ғ. к.,
e-mail: turg@mail.ru,
ZOOM ID: 233 614 6769 (құпия сөз: 205216)


Пәннің қысқаша сипаттамасы: Пән мәліметтер қорын құрудың клиент-серверлік технологияларын меңгеруге арналған және мәліметтер қоры теориясының мәселелерін оқып үйренудің логикалық жалғасы болып табылады. Оқыту барысында студенттер медициналық-биологиялық мәліметтер түрлері және мәліметтер қорын жобалау үдерісінің кезеңдерімен танысады, МҚ басқару жүйесінің жұмысына, оның ерекшеліктеріне, сервер компоненттеріне, қашықтағы мәліметтер қорының құрылымына қатысты мәселелерді зерттейді. Қашықтағы мәліметтер қорымен жұмыс істеу әдістерімен, клиент-серверлік деректер қорының негізгі нысандарымен, оның ішінде сақталынатын процедуралар, триггерлер, транзакциялар құру тәсілдерімен танысады. Сондай-ақ, Transact-SQL тілін қолдану ерекшеліктері және деректер қорының клиенттік бөлігін құру үшін Visual Studio құралдары және C# қарастырылады.


Оқыту мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты реляциялық мәліметтер қорын жобалауды, мәліметтер қорынан мәлімдемені бағдарламалық алу үшін Transact-SQL тілін қолдануды меңгерту.
Оқыту нәтижелері: (5-тен кем болмауы тиіс)

  1. Мәліметтер қоры құрылымының ерекшеліктерін, жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін білуі

  2. Нақты мәліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын жүзеге асыру

  3. Клиент-серверлік МҚБЖ құрудағы әдістер мен құралдарды қолдана білуі

  4. Transact-SQL тілінде күрделі құрылымды мәліметтер қорын құру және шыққан нәтижені талдау

  5. Клиент-серверлік деректер қорының негізгі нысандары мен түсініктерін бағалау және талдау жүргізу

  6. Visual Studio және C# ортасының мүмкіндіктері көмегімен клиенттік қосымшаларды құру және нәтижелерін бағалау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет