1 жалпы мәлметтер



бет7/11
Дата14.10.2022
өлшемі297.5 Kb.
#462693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жалпы паразит- гельминт-22-27

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР
5.25ZooVet.infobolezni-zhivotnykh/84-invazionnye…Инвазионные болезни животных. справочник по паразитарным и инвазионным
5.26 kotupes.rupparra.html Паразитарные болезни.
5.27 cow-leech.rudocs/index-65.html Паразитарные заболевания собак (гельминтозы)
5.28 e-reading.clubchapter.php/1006357/4/Melnikov_-_…ИНВАЗИОННЫЕ (паразитарные) БОЛЕЗНИ. ПРОТОЗООЗЫ
5.29 gup-veles.ruСтатьи паразитарные болезни животных
5.30 docme.rudoc…30.parazitarnye-bolezni-zhivotnyh Учебное пособие «Паразитарные болезни животных»
5.31academia.edu
…Паразитарные_болезни_животных…МЭБ…Паразитарные болезни домашних и диких животных (гельмин- тозы, протозоозы, арахноэнтомозы).
5.32spec-kniga.ruzhivotnovodstvo…o…imi-boleznyah.html Источники и пути заражения животных инвазионными болезнями.
5.33 profermer.ruzhiv_veterinariya_parazit.html Паразитарные болезни сельскохозяйственных животных
5.34
webvet.rudisease/invazionnie/ Болезни животных, Заразные болезни, Паразитарные
5.35webkursovik.rukartgotrab.asp Болезни животных, опасные для человека.


№1 дәріс ЖАЛПЫ ПАРАЗИТОЛОГИЯ. ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Кіріспе


2 Паразитологияның қысқаша даму тарихы және ғалымдардың қосқан үлестері

1 Паразитология – (грек сөзі parasotos – арамтамақ, тоғышар, logos – ғылым) паразиттердің жіктелуін, құрылысын, экологиясын, иесі мен тоғышардың бірімен бірінің қарым-қатынасын, адам, жануар және өсімдіктерде тудыратын ауруларымен оларға қарсы жүргізілетін күрес және дауалау шараларын ұйымдастыратын кешенді биологиялық ғылым.

Паразиттік организмдер табиғатта еркін өмір сүрген организмдерден эволюциялық даму барысында сұрыпталып регрессивтік және прогрессивтік өзгерістерге ұшырау нәтижесінде пайда болған.


Паразит өкілдерін зерттеумен шұғылданатын салалар (пәндер) академик К.И.Скрябиннің анықтамасы бойынша олардың шығу тегіне, тоғышарлық мекеніне, қоздырушының жануарлар әлеміндегі алатын орнына байланысты жіктеледі.
Шығу тегіне қарайзоопаразитология – жануартектес паразиттерді (гельминттер, кенелер, жәндіктер, біржасушалы қарапайымдар) және олардың тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым; фитопаразитология – өсімдіктектес (бактерийлер, бациллалар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар) паразиттерді және олардың тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым болып бөлінеді.

Паразит иелері мен қоздырушылардың биологиялық тұғырығына қараймедициналық зоопаразитология, адамның паразиттері мен тудыратын ауруларын, ветеринариялық зоопаразитология, жануарлардың паразиттері мен тудыратын ауруларынагрономиялық зоопаразитология, ауылшаруашылық дақылдарының паразиттері мен тудырған ауруларынорман зоопаразитологиясы, ағаш тұқымдарының паразиттері мен тудырған ауруларын зерттеумен айналысады.

Қоздырушылар жануарлар патшалығындағы типіне қарай 4 тарауға жіктеледі: гельминтология (HELMINS), арахнология (ARACHNEA), энтомология (ENTOMA) және протозоология (PROTOZOA). Қазіргі уақытта ғылымға 90-ға жуық тоғышарлық күй кешетін организмдер белгілі. Паразит өз иесімен жанасқанда ауру үнемі өрбімейді, өйткені оның дамуына паразит пен иесінің арасындағы қарым-қатынас, малдың жасы мен бейімділігі, қоздырушының саны мен уыттылығына байланысты болады. Белгілі паразиттердің ішінде ең зардаптысы - гельминттер. Бұрынғы КСРО аумағында 25 000 гельминт түрі белгілі.
Паразитология ғылымының мақсаты – жануарларды паразиттерден сауықтыру арқылы адамдардың зооантропоноздармен дерттенуін болдырмау.
2 Паразитологияның қысқаша даму тарихы және ғалымдардың қосқан үлестері. Паразиттік күй кешетін құрттар (аскарида, тения) жөніндегі алғашқы деректер ислам дүниесіне ертеректен (б.э.д. 600 жыл бұрын) белгілі. Гиппократ, Аристотель, Авицена, Рудольфи өздерінің еңбектерінде адамдарда анықталған аскарида, оксиур, тения, шошқада – финна көпіршіктері туралы келтіреді. XVII-XVIII ғасырларда паразитологиялық ғылымға 980 астам паразит түрлері 756 иелерінен табылған. Паразитология саласы XX ғасырдың басында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Гельминтологияның негізін қалаған атақты ғалым, ветеринария мен медицина ғылымдарының докторы, профессор, 10 жақын және шалғай мемлекеттердің Академияларының академигі К.И.Скрябин (1878-1972) әртүрлі жануарлардың гельминттер фаунасын анықтау мақсатында 320 жуық экспедициялар ұйымдастырып, осының нәтижесінде 200 астам құрттардың морфологиясын, биологиясын, иесімен арасындағы қарым-қатынасын зерттеген. Сол кездегі Мәскеу, Новочеркаск қалаларындағы зооветеринарлық институттардың құрамында паразитология кафедрасын ашқан. Әйгілі Е.Н.Павловский медицина ғылымдарының докторы, профессор жалпы паразитология және арахноэнтомология салаларының дамуына айтарлықтай үлесін қосып, 250 экспедиция ұйымдастыруының арқасында адам мен жануарларға қауіпті беймәлім 10 трансимиссивтік ауру ошақтарын ашты. Қарапайымдыларды зерттеумен шұғылдануда В.Л.Якимовтың алатын орны бөлек. Ленинградтағы Ветеринарлық институтта протозоологтардың мектебін ұйымдастырған ғалым. Профессор В.А.Догель – жалпы паразитология мен ихтиопатология саласына айтарлықтай үлес қосты. Елімізде паразитология ғылымының алға басуына гельминтолог-ғалымдар: Боев С.Н., Гвоздев Е.В., Щульц Р.С., Даугалиева Э.Х., Диков Г.И., Кәдіров Н.Т., Егізбаева Х.Е., Рамазанов В.Т., арахноэнтомолог Галузо И.Г., Целищева А.А., Есімбеков Ж.М., протозоологтар Сванбаев С.К., Хван М.В., Сабаншиев М.С., Ысқақов М.М. айтарлықтай ғылыми жаңалықтарымен үлес қосты. Аталмыш ғылым саласының жетістіктеріне жаңадан 200-ден астам паразит түрлерінің ашылуы, адам арасында риштаны, дракункулезді жою, дәрі-дәрімектерді қолданудың тиімді әдістерін ұсынуы, гельминтоздарды жайылымдық дауалау, көпшілік гельминтоздардан мал басын сауықтыру жатқызуға болады. Сондықтан паразитология саласының негізгі көздеген мақсаты жануарларды паразитоздардан сауықтыру арқылы олардың өнімділігін арттыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет