Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



Дата05.07.2016
өлшемі326.91 Kb.
#180448


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығымен

бекітілген



Жұмысшылардың жұмыстары мен

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы

14-шығарылым


«Металл электродтар өндірісі» бөлімі

Астана 2009


Кіріспе

Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) 14-шығарылымы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы № 130-ө бұйрығымен бекітілген, бұрын қолданыста болған БТБА 14-шығарылымы «Металл электродтар өндірісі» бөлімі негізінде әзірленді.


Аталған тарауға жұмыстың немесе өндірістің қызметіне ұқсас жұмысшы мамандықтары енгізілген.

БТБА «Жұмысшы мамандығы, экономиканың барлық саласына қатысты» тарауына нақты өндіріс түріне немесе жұмыс түріне жатпайтын жұмысшы мамандықтары да енгізілген.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасының тәртібі, дәрежені беру және көтеру, өзгертулер мен толықтырулар енгізу Жұмыстардың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 1-шығарылымының «Жалпы ережелерінде» көрсетілген.

БТБА тарауында төменгі дәрежелі жеке мамандықтардың жұмысы, өндіріс жағдайынан және орындалған жұмыс сипатынан, жұмыстың жеке түрін орындау жоғары дәрежелі жұмысшылардың басшылығымен орындалатыны жазылған. Мұндай жағдайда жоғары дәрежелі жұмысшылар осы мамандық бойынша төменгі дәрежелі жұмысшыларды басшылыққа алуы тиіс.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.


«Металл электродтар өндірісі» бөлімі


Тарифтік-біліктілік сипаттама
1. Брикеттеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы электродтар мен түсті металлды дәнекерлеуге және балқытуға арналған майлау массасынан, төменгі қысымды брикетті нығыздау брикеттерді дайындау. Майлау массаларының консистенцияларын органолептикалық әдіспен анықтау. Цилиндрларды қолмен қағу. Жұмыс орнын жабдықтауға қатысу, цилиндрларды майлау және оны тазалау. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін көтергіш-көлік құралдары мен сомдама құралдарын; дайындалған электродтар маркасын; майлау массасын сақтау тәртібін; қолданатын құралдар мен жабдықтарды сайлау және қолдану тәртібін.


2. Брикеттеуші

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы электродтар мен түсті металлды дәнекерлеуге және балқытуға арналған майлау массасынан, жоғары қысымды брикетті нығыздау брикеттерді дайындау.

Білуге тиіс: жоғары қысымды қызмет көрсетуші брикетті нығыздау қондырғыларын; шығарылған электродтар маркасына қатысты брикеттер технологиясын дайындауды; сылау массасын дайындаудың қасиеті мен материалдар құрамын, олардың сылау массасына әсерін және электродтарды жабу сапасын; сылау массасының әр түрлі компоненттерінің байланыстыратын материалдармен сәйкестігін.


3. Брикеттеуші

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы электродтар мен түсті металлды дәнекерлеуге және балқытуға арналған майлау массасынан, жоғары қысымды брикетті нығыздау брикеттерді дайындау. Майлау массасының келуін реттеу. Брикеттер мен жұмыс цилиндрларын тиеу.

Білуге тиіс: түрлі құрастырылған брикеттелген пресстердің құрылғысын; жабдықтардың жұмыс түзімін; әр түрлі бағыттағы электродтарды жабу массасына массаны беруді реттеу тәртібін; электродтарды жабу үшін тағайындалған түрлі майлау массаларына қойылатын талаптарды; майлау массасының ауысымды жұмыс цилиндрін толтыру ережелерін.

4. Майлау компоненттерін бөлшектеуші

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрғақ шихта мен майлау массасын қолдан дайындау. Түрлі құрылымды ұнтақтағыш, шойын тоқпақтар, ұнтақты сымдар, флюстер, жалпы белгіленген электродтардың жабындыларын дайындауда қолданылатын компоненттерді ұнтақтау, жуу. Қарапайым механикалық және қолдан жасалған елеулер компоненттерін орнату. Төмен қысымды брикеттелген сыққыштармен жалпы белгіленген электродтарды майлау массаларынан брикеттерді престеу. Жоғары квалификацияланған электродтаушының басқаруымен электрод майлау сыққыштарына түрлі маркадағы электродтар жабындысын жағу. Берілген тәртіп бойынша мерзімді жұмыс істейтін пештерде электродтарды қыздыру. Қызметтегі жабдықты жүтеу және түсіру. Жабдыққа материалдардың тура жүктелуін реттеу. Электродтарды қолдан сұрыптау. Электродтар жабындысының ақауларын жою. Жабдықдың жұмысы мен жылу тәртібін қадағалау. Қызметтегі жабдықтың жөндеу жұмыстарына қатысу, майлау және тазалау. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: жуу үшін қолданылатын, жабдықтарды құруды; майлау массасын ұсақтауды; жуу процессінің тәртіптерін; сылау массасының құрауыш номенклатурасына қойылатын талаптарын; арнайы құралды қолдану ережелерін; электродтар жабыны мен флюстің сапасына құрауыштар тазалығының әсерін; жүк көтеруші механизмдерді қолдану және құрауыштарды жүктеу ережелерін.


5. Майлау компоненттерін бөлшектеуші

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы тағайындалған электродтар жабдығын дайындауда қолданылатын мысты, минералдарды, тау жыныстарын құрғақ және дымқыл ұсақтау. Үздіксіз және мерзімді әрекет ететін диірмендердің, үккіш машиналардың, классификаторлардың ферроқорытпалар ымен басқа да компоненттерінің ұнтақты сымдар мен флюстерді дәнекерлеу мен балқыту. Қызмет көрсету жабдықтарын тиеу және түсіру. Механикалық електерді жасауда қолданылатын материалдардың құрылымын реттеу. Инертті қоспасы бар жарылғыш материалдарды елеу. Сынамаларды таңдау. Еленген заттың сапасын анықтау. Ферроқорытпаларды пассивтеу. Диірменді, тазалау машиналарын, жіктеушілерді қосу, қуат көздерін тоқтату және тұрақтандыру. Ұсақтау компоненттерінің түстері мен сапасын анықтау және оларды елеу мен араластыруға дайындау. Құралдың жарамсыздығын алдын-алу және табу. Торларды ауыстыру.

Білуге тиіс: үздіксіз және мерзімді әрекет ететін диірмендердің жөндеу әдістері мен құрылғыларын, жуу машиналарының классификаторларын; сылау массаларының құрылым қасиеттері мен атаулары, оның сапасына қойылатын талаптарды; ферроқорытпалардың пассивтенуі, жарылу қаупі бар материалдарды қолдану ережелерін; құрауыштардың төзу шарттары мен мерзімі, сақтау ережелерін; инертті қоспаларды жүргізу нормалары мен ережелерін; диірменнен материалдардың ұсақталып шығуына байланысты, ұсақталған денелерді жүктеу ережелерін; аспаптар мен арнайы құралдардың құрылғыларын.


6. Майлау компоненттерін бөлшектеуші

4 – разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы тағайындалған электродтар жабдығын дайындауда қолданылатын мысты, минералдарды, тау жыныстарын құрғақ және дымқыл ұсақтау. Үздіксіз және мерзімді әрекет ететін диірмендердің, пневмотранспорт ауа тазартқыш құралдарын, үккіш машиналардың, классификаторлардың ферроқорытпаларымен басқа да компоненттерінің ұнтақты сымдар мен флюстерді дәнекерлеу мен балқыту. Пневмотранспорт желілерін қорғау аясы мен материалдардың ұсынылуын реттеу. Материалдарды кептіру және классификациялау. Инертті қоспасы бар жарылғыш материалдарды елеу. Компоненттерді өлшейтін автоматты таразыларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: классификаторлардың, дезинтеграторлардың, диірмендердің түрлі түрлерін жөндеу әдістері мен құрылғыларын; автоматтандырылған таразы мен газанализаторларының құрылғыларын; диірмендердің жұмыс тәртібі мен классификацияланған құрылғыларды; жарылу қаупі бар материалдардың қасиеттері және оларды қайта өңдеу ережелері; жабдықтарды бекіту ережелері мен тәсілдері; ферроқорытпалар мен минералдардың физико-механикалық қасиеттері; қауіпті жарылғыш материалдарды ұсақтау жүйесіне жіберілетін қорғаныс газын беруді реттеу ережелерін; пневмотранспорт тізбегіндегі қорғану ортасының құрамын реттеу ережелерін.


7. Майлау компоненттерін бөлшектеуші

5- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мысты, минералды, тау жыныстарын, басқа да компоненттерді ұсату процессін енгізу. Электродтардың жалпы және арнайы жабындыларын дайындауда қолданылатын міндеттемелерді тағайындау. Ұнтақты сымдар мен флюстерді балқыту мен дәнекерлеу, автоматандырылған және жартылай автоматтандырылған агрегаттар мен желілерді жөндеу Ұсатудың технологиялық түзімін реттеу.

Білуге тиіс: желіні басқарудың кинематикалық және электр сызбасын; желі агрегаттары жұмысының ақауын анықтау және оның алдын алу амалдарын; желідегі материалдарды ұсақтау түзімін анықтау тәртібін.


8. Электрод өндірісін бақылаушы

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға мен мемлекеттік стандартқа сай электродтар мен флюстер жабындыларының майлау массасының құрамына кіретін шикізат, жартылай фабрикаттар, материалдар, флюстерді қабылдау және бақылау. Шикізат және құрауыш кептіргіштерінің, электрод тығындарының температура түзімін бақылау.

Білуге тиіс: материалдар мен техникалық жағдайын және материалдың, жартылай дайындалған өнімнің, шикізаттың, мемлекеттік стандартын, құрауыштары мен флюстерін; силикатты кесектерді езу технологиясын, компоненттер құрамын.


9. Электрод өндірісін бақылаушы

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттар мен мемлекеттік стандартқа сай дайын электродтардың дымқылдығы, беріктігі, жабындының ылғал тұрақтылығы анықтамаларын қабылдау және бақылау. Карбоксиметилцеллюлоза және сұйық шыны, желілердің маркалы құрамдары, ұнтақты материалдардың ылғалдығы мен гранулметриялық құрамын бақылау.

Білуге тиіс: дайын электродтар мен ұнтақ материалдардың техникалық жағдайы мен мемлекеттік стандартты; бақылау-өлшеу құралдарымен жұмыс істеу тәртібін; дайын өнімдерді қабылдау тәртібін және техникалық құжаттарды дайындауды; желі, ерітінді сапасына қойылатын талаптарды.


10. Майлау сыққыштарын сыққыштаушы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары классификацияланған сыққыштаушының басқаруымен электродтардың түрлі белгілерін электрод майлау массаларын сыққыштау және электродты жабудың жалпы белгісін қолдану. Тегістеу машиналары мен қабылдау конвейерінің жұмыстарын бақылау. Металл желілермен бункерлердің қуат көздерін жүктеу. Электродтарды жиектемеге салу және тегістеу. Поршеньдерді тазалау және цилиндр сыққышына брикеттерді жүктеу. Арнайы жабдықтар арқылы электродтардағы қыздырылған жабынды ақауларын жою. Жабдықты жөндеу кезінде қатысу, майлау және оны тазарту. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: тазалау машинасының, қабылдау конвейерінің, электрод майлау сыққышы жұмысының негіздерін; дайындалатын электродтар мен сымдардың маркаларын; сымдарды таңбалаудың ережелерін; электродтардың торцты тазалауының техникалық шарттары; электродтардың сыртқы түрінен ақауларының әдістерін; ақауы бар электрод жабындысын өшіруге арналған құрылғыларды; электродтарды жиектемеге салу және оларды сақтау; бақылау-өлшеуіш құралдарының және жай құрылғылардың қолдану ережелері мен белгілері.


11. Майлау сыққыштарын сыққыштаушы

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен басқарылатын электрод майлау сыққыштарының жалпы белгілемесін электрод жабындыларын майлау массаларын 500кгс/см2 қысымға келтіру және арнайы міндеттеме әдістері арқылы электродтарды батыру. Электродтар жабындылары қалыңдығын және эксцентрлілігін өлшеу. Тазалауыш машиналар мен қабылдау-жіберу тасымалдағыш, желілерді жіберу қуат көздерін жөндеу. Дұрыстарды бұзу кезінде ақаулардың алдын алу.

Білуге тиіс: қолданылатын бақылау-өлшеуіш құралдардың және электрод майлау престерінің қызметі құрылғыларын; диаметрі мен жабынды электродтардың түрлі маркаларының қалыңдығын; жабындының салмағын анықтау ережелерін; жүк көтеру механизмімен қолдану ережелерін; дайындалатын электродтардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарын.


12. Майлау сыққыштарын сыққыштаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен басқарылатын электрод майлау сыққыштарының жалпы белгілемесін электрод жабындыларын майлау массаларын 500кгс/см2 қысымға келтіру, жалпы және арнайы міндеттемелердің болат диаметрі 3 мм желі әдістері арқылы электродтарды батыру. Жоғары классификацияланған сыққыштаушының басқаруымен электродтардың лектік желілерін жабудың жалпы белгісін қолдану. Арнайы жабдықта балқыту және дәнекерлеу үшін ұнтақты сымдарды дайындау. Қуат көзінен желілерді беру мен конвейер жылдамдығын, сыққыш поршенінің қысымын реттеу. Электродты желілердің диаметріне сай құралдарды таңдау және агрегатты жөндеу.

Білуге тиіс: ұнтақты сымдар жасауға арналған табандар мен бөлек агрегаттардың лектік сызықтарын, қолмен басқарылатын түрлі құрылымды электрод майлау престерін жөндеу әдістері мен құрылғылары; электродты ленталар мен желілерді, ұнтақты сымдарды, дайындалатын электродтардың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын; бақылау- өлшеуіш құралдарын қолданудың дәл және қиын түрлерінің ережелері мен әдістерін.


13. Майлау сыққыштарын сыққыштаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен басқарылатын электрод майлау сыққыштарының жалпы белгілемесін электрод жабындыларын майлау массаларын 500кгс/см2 қысымға келтіру, жалпы және арнайы міндеттемелердің болат диаметрі 3 мм желілердің түрлі түсті және балқымалы әдістері арқылы электродтарды батыру. Электродтардың жалпы белгілемесін дайындауда өлшеу машинасы, тасымалдауышты қабылдаушы, индукциялық қондырғылар мен конвейерлі пештер, тазалау машиналарын, брикетсіз және шыбықты электрод майлау сыққыштарын, шыбықты қуат көзін лектік желілер агрегаттарына қызмет көрсету. Массаны жүктеу желісінің сыққыш поршенінің қысымын реттеу және сыққыштау массасының шығуы, пешке электрод беру желісінің және конвейер жылдамдығын реттеу. Жуу құралдары мен дозатор жұмысын реттеу. Барлық желілерді жөндеу. Сыққыштаудың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: кинемакалық және электр сызбасын, үздіксіз желілердің басқару сызбасын; сылау массасына және оны нығыздауға қойылатын талаптарды, желілерді орналастыру және реттеу тәртібі мен әдістерін; электрод маркасын; сылау массасына әр түрлі технологиялық қоспалардың әсерін; электродтардың түрін бақылау-өлшеу құралдарын қолдану тәртібін.


14. Пештерді қыздырушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Берілген тәртіп бойынша мерзімді жұмыс істейтін қыздырғыш пештердегі түрлі түсті металдарды балқыту, болат стерженьді электродтарды қыздыру және кептіру. Қыздырғыш пештерді қосу және өшіру. Электродтарды қыздыруда пештің жылу тәртібін бақылау. Электродтарды пештен шығару мен жүктеу. Электродтарды диаметрлері мен маркалары бойынша сөрелерге орналастыру. Құралды жөндеуде, майлау және тазалауда қатысу. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: қыздыру пештерінің жұмыс негіздерін; диаметрі мен түрлі маркадағы электродтарды қыздыру технологиясын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен негіздерін; электродтарды тегістеу және сақтау ережелерін.


15. Пештерді қыздырушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Берілген тәртіп бойынша басқарылатын мерзімді автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған қыздырғыш пештердегі түрлі түсті металдарды балқыту, болат стерженьді электродтарды қыздыру және кептіру. Пештерді жүктеу және түсіру. Пештің жөнделген қалпымен мерзімді және басты конвейердің электродтарды дұрыс тегістеу жұмыстарын бақылау. Ақауы бар электродтарды қайта сұрыптау. Үйінділерді болдырмау үшін электродтар пештің түрлі аймақтарына орналасқанда қисықтар мен түсірулердің алдын алу. Техникалық шарттарға сай электродтарды қыздырудың жылу тәртібін, конвейерлердің қозғалыс жылдамдығын реттеу. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қыздыру пештерінің жұмыс негіздерін; диаметрі мен түрлі маркадағы электродтарды қыздыру технологиясын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен негіздерін; электродтарды тегістеу және сақтау ережелерін; пештің температуралық тәртібі мен конвейердің қозғалу жылдамдығын реттеу ережелерін.


16. Пештерді қыздырушы

4 – разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі түсті металдарды және көпсекциялы индуктивті қондырғыларды балқыту, жоғары жиілікті токпен жұмыс істейтін тоннельді пештерде, қосарланған тоннельді қондырғыларды термоөңдеу, болат стерженьді электродтарды қыздыру және кептіру. Техникалық шарттарға сай түрлі маркалардың электродтарды қыздыру тәртібін реттеу, бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіш тәртібінің параметрлерін бақылау.

Білуге тиіс: түрлі маркадағы электродтарды, термоөңдеу тәртібін, қосарланған тоннельді пештердің, қуат көздерінің, көпсекциялы индуктивті қондырғылардың құрылғыларын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану тәртібі мен әдістерін; жиілігі жоғары генераторларды басқару әдістерін; қызудың рационалды тәртібін таңдау ережелерін; ақаудың себептері мен оларды алдын-алу әдістерін.


17. Силикатты кесектерді дәнекерлеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары квалификацияланған дәнекерлеушінің басқаруымен стационарлы автоклавтарда калий, натрий және құрамдастырылған кесектердің процесін жүргізу. Кесектерді шаю. Автоклавқа су мен кесек құю. Дайын силикатты ерітіндіні құю. Құралды жөндеуде, майлау және тазалауда қатысу. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: қызметтегі автоклав әрекетінің негіздерін; силикатты кесектерді дәнекерлеу технологиясын; силикатты кесектер мен ерітіндіге қойылатын талаптар; автоклавқа құйылатын су мен кесектің нормаларын; дайын силикатты ерітіндіні құю тәртібін; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен әдістерін; жүк көтеруші механизмдермен жұмыс істеу ережелерін.


18. Силикатты кесектерді дәнекерлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары квалификацияланған дәнекерлеушінің басқаруымен стационарлы автоклавтарда калий, натрий және құрамдастырылған кесектердің процесін жүргізу. Автоклавтағы қысым мен температуралы тәртіпті қадағалау. Талап етілген тығыздыққа дейін ерітіндіні булау және фильтрлеу. Жабысқақ және нығыз болуы үшін ерітінді мен сұйық шыныларды араластыру

Білуге тиіс: сорғы, араластырғыш, фильтрлер, булауыштар, қызметтегі автоклав құрылғыларын; дайын ерітінділердің тығыздығын және жабысқақтық әдістерінің анықтамаларын; тығыздық пен түрлі жабысқақтық ерітінділерін араластыру ережелерін; дайын ерітінділерді тасымалдау және сақтау, оларды құю әдістерін; дайын ерітіндінің сапасына қайылатын талаптарды.


19. Силикатты кесектерді дәнекерлеуші

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Калий, натрий және құрамдастырылған кесектердің араласу автоклавтағы процесін жүргізу. Пасивтеуіш қоспаларды (хромпика, марганецті-қышқыл калий) жүргізу. Ерітіндіні булау, фильтрлеу және айшықтандыру. Сілті ерітіндісін қосу арқылы сұйық шынының модулін түзету. Карбоксиметилцеллюлоза ерітіндісін, керекті қаттылығы бар суды, шайылған ерітіндіні дайындау. Фильтрлі тканді регенерациялау.

Білуге тиіс: жұмсартылған су мен автоклавтардың түрлі типтерінің құрылғыларын; сұйық шыны модулін түзету, автоклавқа жіберілетін су мен кесектердің мөлшері ережелерін; сүзу қабаты мен шайылған ерітінділерін, карбоксилметилцеллюлоза ерітіндісін дайындау әдістерін; сұйық шынының химиялық және электрлі қасиеттерін.


20. Сым темірді кесуші

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Стерженьнің ұзындығын реттемей-ақ түрлі-түсті металдардан және болаттан ұшпа жүзді дұрыс-кескіш автоматтарымен минутына 150 стержень сым темір кесу. Түрлі диаметрлі сым темірлерді кесетін автоматты жөндеу. Кескіш жүздерді орнату мен егеу. Фильерді таңдау және оны дұрыс барабанға орнату. Жабдықтың жарамды қалпын қадағалау. Стерженьдерді ыдыстарына орналастыру, түрлі жүккөтергіш механизмдердің стерженьдерін және сымдарды тасымалдау, стерженьдерді таңбалау. Арнайы құрылғыда сымдардың қалдықтарын брикеттеу және жинау. Құралды жөндеу, майлау және тазалау. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: ұшпа жүзді дұрыс-кескіш автоматтарын жөндеу ережелерін, әрекет әдістерін; кеңінен таралған қосалқы құралдарды қолдану ережелері мен құрылғыларын; кесу жылдамдығын таңдау ережелерін; өзектердің сапасына қойылатын талаптарды; дайын өзектер мен сымдарды тасымалдау және қаттау, таңбалау ережелерін.


21. Сым темірді кесуші

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Стерженьнің ұзындығын реттемей-ақ түрлі-түсті металдардан және болаттан ұшпа жүзді дұрыс-кескіш автоматтарымен минутына 150 стержень сым темір кесу және стерженьнің ұзындығын ретте п,минутына 350 стержень кесу. Түрлі диаметрлі сым темірлерді кесетін автоматты жөндеу. Қабылдау бункеріне стерженьдерді орналастыруды қадағалау.

Білуге тиіс: түрлі қосалқы құралдардың, гильотинді кесуге арналған жүзді дұрыс-кескіштерді жөндеу ережелері мен құрылғыларын, өзектерді ң ұзындығын реттейтін дұрыс-кескіш автоиаттарды; түрлі маркалы сымдардың механикалық қасиеттерін.


22. Сым темірді кесуші

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Стерженьнің ұзындығын реттеп түрлі-түсті металдардан және болаттан дұрыс-кескіш автоматтарымен минутына 350 стержень сым темір кесу. Сүйреу станы желісімен сымдарды кесу. Түрлі диаметрлі және түрлі маркадағы сым темірлерді кесетін автоматты жөндеу. Кескіш жүздерді орнату мен егеу, фильерді таңдау және оны дұрыс агрегатқа орнату, торапдәнекерлеу машинасында сымдардың соңдарын дәнекерлеу.

Білуге тиіс: түрлі қосалқы құралдардың, торап дәнекерлеуші машиналар, қайрау және егеу станоктарының, түрлі құрылымдағы дұрыс-кескіш автоматтарын жөндеу ережелері мен құрылғыларын; сүйреу станымен жұмыс негіздерін, оның бөлек тораптарының өзара әрекетін.


23. Электродтарды сұрыптаушы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электродтарды сыртқы түріне байланысты сұрыптау және ақауларын түзету. 1-ші топты сапаның мемлекеттік стандартқа сай электродтардың жабынды сапаларының түрлі маркаларын және көлемдерін тексеру. Электродтарды таңбалау мен өлшеу.

Білуге тиіс: электродтар номенклатурасын; 1-ші топты сапаның мемлекеттік стандартқа сай электродтарды тазалау мен техникалық шарттарын; электродтардың ақауларын жоюдағы бақылау-өлшеуіш құралдарымен қолдану ережелері мен міндеттерін; электродтарды таңбалау мен өлшеу әдістерін.


24. Электродтарды сұрыптаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электродтарды сыртқы түріне байланысты сұрыптау және ақауларын түзету. 2-ші және3-ші топты сапаның мемлекеттік стандартқа сай электродтардың жабынды сапаларының түрлі маркаларын және көлемдерін тексеру. Электродтарды конвейерлі желілерге түзету. Өлшеуіш автоматтары мен электродтарды сұрыптаудың автоматтарына қызмет көрсету. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қолданылатын құралдар құрылғыларын; 2-ші және 3-ші санаттағы сапалардың электродтарды тазалау және төсемдеудің техникалық шарттарын; арнайы электродтарды таңбалау ережелерін.


25. Майлауды құрауыштар

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майлау массаларын қолдан дайындау. Ерітінділерді жүктеу және түсіру. Электродтарды төсеу үшін қолданылатын ерітінділердің құрамындағы компоненттер мөлшері. Жұмыс орнын тазалау. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: майлау массасына кіретін компоненттердің атауларын; майлау массасының компоненттерін сақтау ережелерін; қолдан дайындалған майлау массаларын дайындау ережелері мен әдістерін.


26. Майлауды құрауыштар

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электродтарды төсеу үшін қолданылатын түрлі типті араластырғыштарды майлау массаларын дайындау. Электродтардың рецептурасына байланысты талап етілетін майлау массаларын құру және шихта компоненттерін өлшеу. Ерітіндіге компоненттерді жүктеу, Шихтаны араластыру, шихтаны ыдысымен таңбалау. Сұйық шыны ерітіндісін майлау массасына қосу. Масса консистенциясын анықтау. Массаны жүктеу және оны брикет дайындайтын жерге тасымалдау. Жабдықтарды жуу.

Білуге тиіс: арнайы кұралдар мен дозаторлардың, қызметтегі араластырғыштардың құрылғыларын; шихтаны дайындаудың рецептурасы мен электродтарды жабындау үшін жалпы тағайындалған майлау массаларын; сұйық шынылар ерітінділерінің жабысқақтығы мен тығыздығын бақылау әдістері мен қасиеттерін, жүргізу ережелерін; майлау массаларының дайындығын анықтаудың органолептикалық әдістерін; қышқыл қосылған массалардың компоненттерінің белсенділігін төмендету тәсілдерін; жабынды сапасына тазалық компоненттерінің әсері; жүк көтеру механизмін қолдану ережелерін; майлау массалары компоненттеріне техникалық шарттарын.


27. Майлауды құрауыштар

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электродтарды төсеу үшін қолданылатын түрлі типті араластырғыштарды майлау массаларын дайындау. Автоматтандырылған және механикаландырылған мөлшерлі желілердің электродтардың құрғақ шихтаны дайындауды басқару. Автоматтандырылған және механикаландырылған жабдықтарды жөндеу және реттеу. Массаны жүктеу және түсіру. Майлау массасының дайындығын анықтау.

Білуге тиіс: автоматтандырылған және механикаландырылған мөлшерленген желілерді, автоматтандырылған таразыларды, түрлі типтегі араластырғыштарды, дозаторлар құрылғыларын; шихта компоненттерінің қасиеттерін; шихта компоненттерінің гранулметрленген құрамына қойылатын талаптар; белсенді компоненттер мен пластификацияланған қоспаларды шихтаға енгізу ережелерін; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолданудың дәл және күрделі ережелерін және міндеттемелерін, құрылғыларын.


28. Флюстер мен майлау компоненттерін кептіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электрлі және жалынды қызудың кептіргіш пештерді дәнекерлеуші гранулденген флюстер мен электродтар жабындысын майлау массаларының компоненттерін кептіру. Флюстер мен майлау массаларының компоненттерін жүктеу және түсіру. Компоненттерді кептірудің талап етілетін температуралық тәртібін қадағалау және түсі мен сыртқы түріне қарап дайындығын анықтау. Кептіру пештерінің ағымды жөндеу жұмыстарына қатысу, пештерді майлау және тазалау. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: қызметтегі кептіру пештерінің әрекет негіздерін; флюстер мен түрлі майлау массаларының компоненттерін кептіру тәртібін.


29. Элекродтарды кептіруші

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типтегі электродтардың мерзімді кептіру жұмысы. Кептіру пештерін қосу және ажырату. Жылу пештерінің бақылау-өлшеу приборлары түзімінің көрсеткіштерін бақылау. Электродтарды тиеу және пештен шығару. Пеш жұмысының ұсақ жөндеу жұмыстарының алдын алу. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: мерзімді әрекет ететін қызметтегі кептіру пештерінің жұмыс негіздерін; диаметрі мен түрлі маркадағы электродтарды кептіру технологиясын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен міндеттемелерін; электродтарды сақтау және төсеу ережелерін.


30. Элекродтарды кептіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типтегі электродтарды берілген тәртіп бойынша мерзімді кептіру жұмысы. Техникалық талаптарға сай түрлі маркадағы электродтарды бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіштері ақылы пештің қызу тәртібін реттеу. Конвейер қозғалысының жылдамдығын реттеу. Пештің жарамды қалпын қадағалау. Пештің футеровкасын ауыстыру мен жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: мерзімді әрекет ететін қызметтегі кептіру пештерінің жұмыс негіздерін; диаметрі мен түрлі маркадағы электродтарды кептіру технологиясын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен міндеттемелерін; конвейердің қозғалу жылдамдығын реттеу ережелерін.


31. Электродтарды кептіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электродтарды картон және ағаш жәшіктерге орау және салу. Жәшіктер мен поддондардың белгілі жерге орнын ауыстыру және жинау. Жәшіктерді маркирлеу. Оралған өнімдерге этикетка жапсыру. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: электродтардың номенклатурасын; түрлі маркадағы дайын электродтарды орау және тегістеу ережелерін; қораптарды таңбалау ережелерін; электродтар қаптамасын бояу және буу әдістерін; қаптама материалдарын дайындау ережелерін.


32. Электродтарды кептіруші

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматтар мен жартылай автоматтарда электордтарды орау. Автоматтар мен жартылай автоматтарды материалдармен орау. Автоматтар мен жартылай автоматтарды әр түрлі размерлер мен диаметрлерге бөлу. Жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: автомат және жартылай автоматтарды жөндеу ережелерін; қаптама материалдарының техникалық шарттары мен номенклатураларын; автомат және жартылай автоматтарының қаптама материалдарын түзету тәсілдерін.


33. Флюстеуші

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр балқыту пештерінде электрдәнекерлеуге жалпы белгіленген флюстерді балқыту процесін дәнекерлеу. Берілген рецепт бойынша флюстерді балқытуға шихтаны дайындау. Балқытылған флюстерді түйіршіктеу. Флюс қорытындыларын электр пешіне тиеу. Пешті ағымды жөндеуге қатысу. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: қызметтегі электрбалқыту пештерінің жұмыс негіздерін; көтеру-тасымалдау құралын және қызметтегі грануляцияланған қондырғылардың құрылғыларын; түрлі маркадағы флюстердің шихта құрамын; флюстердің ылғалдық мүмкіндігі мен балқыту тәртіптерін; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен міндеттемелерін; флюстарды сақтау және төсеу ережелерін.


34. Флюстеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электрбалқыту пештерінде электр дәнекерлеу үшін түрлі маркадағы флюстерді дәнекерлеу процесін жүргізу. Пештің жұмысын тұрақтандыру және қызмет көрсету. Сулы тәсіл бойынша флюсті еріту. Пештегі электродтарды ауыстыру. Электр балқыту пештерінің футеровкасын ауыстыру және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: флюстерді балқыту және кептіру үшін қызметтегі пештердің құрылғылары; түрлі маркадағы флюстерді балқыту технологиясын; электробалқыту сапасына флюстер құрамының әсерлерін; флюстер құрамына кіретін компоненттердің номенклатурасын; флюстерді дайындау рецептурасын; флюстер компоненттерінің қасиеттерінің сапасына қойылатын талаптар; қышқылдар мен шихта материалдарының құрамы мен физика-химиялық қасиеттері; флюстердің гранулметриялық құрамына қойылатын талаптар.


35. Флюстеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымды электр балқыту пештерінде жоғары таза флюстерді дәнекердеу процесін жүргізу. Керамикалық және балқытылған флюстерге арналған шихтаны дайындау. Шихта материалдарының дәл мөлшерін бақылау. Жөндеуден кейінгі пешті қабылдауға қатысу.

Білуге тиіс: флюстерді балытудың жоғары тазалықты технологиясын; түрлі басқа құралдардың балқытуға, кептіруге және флюстерді қыздыруға арналған электрбалқыту пештерінің құрылымдық ерекшеліктері мен құрылғыларын; дайын флюстердің сапасына қойылатын талаптар; флюстерді балқытуды үдету; электротехника мен электрониканың негіздерін.


36. Электродтаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрғақ шихта мен майлау массасын қолдан дайындау. Түрлі құрылымды ұнтақтағыш, шойын тоқпақтар, ұнтақты сымдар, флюстер, жалпы белгіленген электродтардың жабындыларын дайындауда қолданылатын компоненттерді ұнтақтау, жуу. Қарапайым механикалық және қолдан жасалған елеулер компоненттерін орнату. Төмен қысымды брикеттелген сыққыштармен жалпы белгіленген электродтарды майлау массаларынан брикеттерді престеу. Жоғары квалификацияланған электродтаушының басқаруымен электрод майлау сыққыштарына түрлі маркадағы электродтар жабындысын жағу. Берілген тәртіп бойынша мерзімді жұмыс істейтін пештерде электродтарды қыздыру. Қызметтегі жабдықты жүтеу және түсіру. Жабдыққа материалдардың тура жүктелуін реттеу. Электродтарды қолдан сұрыптау. Электродтар жабындысының ақауларын жою. Жабдықдың жұмысы мен жылу тәртібін қадағалау. Қызметтегі жабдықтың жөндеу жұмыстарына қатысу, майлау және тазалау. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: қызметтегі құралдың және майлау массалары компоненттерін елеу, бөлшектеу негіздерін; қыздыру пештерінің әрекет негіздерін; электродтар мен майлау массасының компоненттерінің номенклатурасын; майлау массасын қолдан дайындау, электродтарды қыздырудың технологиясын; электродтар мен брикеттерді, майлау массаларын сақтау ережелерін; электродтардың жабындылары мен флюстердің сапасына тазалық компоненттерінің әсері; материалдарды жүктеу және түсіріп алу ережелерін; қолданылатын құралдар мен жабдықтарды, жүк көтеруші механизмдерді қолдану ережелерін; электродтарды сыртқы түріне қарай ақауларын жөндеу әдістерін; майлау массаларының сапасына қойылатын техникалық талаптар.


37. Электродтаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен басқарылатын электрод майлау сыққыштарының жалпы белгілемесін электрод жабындыларын майлау массаларын 500кгс/см2 қысымға келтіру және арнайы міндеттеме әдістері арқылы электродтарды батыру. Берілген тәртіп бойынша автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған басқарумен мерзімді жұмыс істейтін пештерде электродтарды қыздыру. Автоматтандырылған және қолмен басқарылатын жоғары қысымды біртипті престерді майлау массаларынан брикеттерді престеу. Түрлі типті араластырғышты жалпы белгіленген электродтарды жабу үшін майлау массаларын дайындау. Классификатор, егеу машиналары, үздіксіз және мерзімді жұмыс істейтін диірмендер, флюстер, ұнтақты сымдар, электрод жабындыларын дайындауда қолданылатын ферроқоспалар, минералдар және басқа да компоненттерді, кендерді құрғақ және дымқыл ұсақтау. Инертті қоспасы бар жарылғыш материалдар мен түрлі құрылымдағы компоненттердің механикалық елеуіштерге берілуін реттеу, орнату. Стационарлы автоклавтарда силикатты кесектерді дәнекерлеу. Техникалық талаптарға сай қызметтегі жабдықтардың температуралық тәртібі мен технологиялық тәртібін реттеу. Қызметтегі жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: үздіксіз және мерзімді әрекет ететін диірмендердің, қыздыру пештерінің, майлау массаларының, брикеттелген пресстер мен автоклавтардың, араластырғыштардың, арнайы және әмбебап құралдардың құрылғыларын; электродтарды қыздырудың техникалық шарттарын; араластырғыштардан майлау массасын дайындайтын технологияларды және шығарылатын электродтардың маркасына байланысты брикеттерді дайындау; майлау массалары құрамының компоненттері мен қасиеттері және оның электродтар жабындысының сапасына әсері; майлау массаларының түрлі компоненттерінің байланысқан материалдармен әрекеттестігі; жарылғыш материалдарды жою ережелерін; ферроқорытпаларды пассивтендіруді; диаметрі мен түрлі маркалы электродтардың жабынды қалыңдығын; дайындалатын электродтардың мелекеттік стандарты мен техникалық шарттары; дайын силикатты ерітінділердің тығыздығын және жабысқақтық әдістерінің анықтамаларын; тығыздық пен түрлі жабысқақтық ерітінділерін араластыру ережелерін.


38. Электродтаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен басқарылатын электрод майлау сыққыштарының жалпы белгілемесін электрод жабындыларын майлау массаларын 500кгс/см2 қысымға келтіру, жалпы және арнайы міндеттемелердің болат диаметрі 3 мм желі әдістері арқылы электродтарды орнату. Жоғары квалификацияланған электродтаушының басқаруымен электрод майлау сыққыштарына түрлі маркадағы электродтар жабындысын жағу. Арнайы жабдықта балқыту және дәнекерлеу үшін ұнтақты сымдарды дайындау. Түрлі түсті металдарды және көпсекциялы индуктивті қондырғыларды балқыту, жоғары жиілікті токпен жұмыс істейтін тоннельді пештерде, қосарланған тоннельді қондырғыларды термоөңдеу, электродтарды қыздыру. Ауа тазартуға арналған жабдықтар мен пневмотасымалдау диірмендерінде, ұнтақты сымдар мен флюстер, электродтар жабындыларын дайындауда қолданылатын компоненттердің құрғақ және дымқыл ұсақтау. Инертті қоспасы бар жарылғыш заттарды құрғақ ұсақтау. Автоматтандырылған және механикаландырылған мөлшерлі желілердің құрғақ шихтасын дайындау. Түрлі типті араластырғышты жалпы белгіленген электродтарды жабу үшін майлау массаларын дайындау. Жұмыс істейтін цилиндрлердің ауыстырмалы орналасуымен, түрлі құрылымдарда жоғары қысымды брикеттеуші престерге майлау массаларынан брикеттерді престеу. Айналмалы автоклавтарда силикатты кесектерді дәнекерлеу.

Білуге тиіс: түрлі маркадағы электродтарды, термоөңдеу тәртібін, қосарланған тоннельді пештердің, қуат көздерінің, көпсекциялы индуктивті қондырғылардың құрылғыларын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану тәртібі мен әдістерін; жиілігі жоғары генераторларды басқару әдістерін; қызудың рационалды тәртібін таңдау ережелерін; ақаудың себептері мен оларды алдын-алу әдістерін; жұмсартылған су мен автоклавтардың түрлі типтерінің құрылғыларын; сұйық шыны модулін түзету, автоклавқа жіберілетін су мен кесектердің мөлшері ережелерін; сүзу қабаты мен шайылған ерітінділерін, карбоксилметилцеллюлоза ерітіндісін дайындау әдістерін; сұйық шынының химиялық және электрлі қасиеттерін.


39. Электродтаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен басқарылатын электрод майлау сыққыштарының жалпы белгілемесін электрод жабындыларын майлау массаларын 500кгс/см2 қысымға келтіру, жалпы және арнайы міндеттемелердің болат диаметрі 3 мм желі әдістері арқылы электродтарды орнату. Автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған желілерді, оның бөлек желілері мен агрегаттарын жөндеу, ұнтақты сымдар, флюстер, электрод жабындыларын дайындауда қолданылатын компоненттерді ұсақтау. Жабдық жұмысын реттеу. Заттарды ұсақтау мен электродтарды престеу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: желіні басқарудың кинематикалық және электр сызбасын; үздіксіз желілердің басқару сызбасын; сылау массасына және оны нығыздауға қойылатын талаптарды, желілерді орналастыру және реттеу тәртібі мен әдістерін; электрод маркасын; сылау массасына әр түрлі технологиялық қоспалардың әсерін; электродтардың түрін бақылау-өлшеу құралдарын қолдану тәртіптерін.


2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы мен бөлімі бойынша атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі




р/с



Аталған бөлімде қарастырылған мамандықтар атауы

Дәреже диапазо

ны


2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы бойынша атаулар



Дәреже диапазоны

БТ

БА бас. №



Бөлімнің қысқартылған

атаулары


1.

Брикеттеуші

2-4

Брикеттеуші

2-4

14

Металл электродтар

2.

Майлау компонент

терін ұсақтаушы



2-5

Майлау компонент-терін ұсақтаушы

2-5

14

-//-

3.

Электрод өндірісін бақылаушы

3-4

Электрод өндірісін бақылаушы

3-4

14

-//-

4.

Майлау пресін престеуші

2-5

Майлау пресін престеуші

2-5

14

-//-

5.

Пештерді қыздырушы

2-4

Пештерді қыздырушы

2-4

14

-//-

6.

Силикатты кесектерді дәнекерлеуші

2-4

Кесектерді дәнекерлеуші (шыны дәнекерлеуші)

2-4

14

-//-

7.

Сымдарды кесуші

2-4

Сымдарды кесуші

2-4

14

-//-

8.

Электродтарды сұрыптаушы

2-3

Электродтарды сұрыптаушы-ораушы

2-3

14

-//-

9.

Майлау құрауыштары

2-4

Майлау құрауыштары

2-4

14

-//-

10.

Флюстер мен майлау компоненттерін кептіруші

2

Флюстер мен майлау компоненттерін кептіруші

2

14

-//-

11.

Электродтарды кептіруші

1-2

Электродтарды кептіруші

1-2

14

-//-

12.

Электродтарды ораушы

2-3

Электродтарды сұрыптаушы-ораушы

2-3

14

-//-

13.

Флюстеуші

2-4

Флюстеуші

2-4

14

-//-

14.

Электродтаушы

2-5

Электродтаушы

2-5

14

-//-

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші




№ рс

Кәсіптердің атауы

Разрядтар диапазоны

Беті

1.

Брикеттеуші

2-4

2

2.

Майлау компоненттерін ұсақтаушы

2-5

3

3.

Электрод өндірісін бақылаушы

3-4

5

4.

Майлау пресін престеуші

2-5

5

5.

Пештерді қыздырушы

2-4

7

6.

Силикатты кесектерді дәнекерлеуші

2-4

8

7.

Сымдарды кесуші

2-4

9

8.

Электродтарды сұрыптаушы

2-3

11

9.

Майлау құрауыштары

2-4

11

10.

Флюстер мен майлау компоненттерін кептіруші

2

12

11.

Электродтарды кептіруші

1-2

13

12.

Электродтарды ораушы

2-3

13

13.

Флюстеуші

2-4

14

14.

Электродтаушы

2-5

15

Мазмұны


Кіріспе …………………………………………………………………....…. 1

«Металл электродтар өндірісі» бөлімі.................................................................. 3

2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы

мен бөлімі бойынша атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген



жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі.............................................................18
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші………………………………...19




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет