Биология
1-нұсқа
1.Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан ұлпа:
A) Тірек ұлпасы.
B) Өткізгіш ұлпа.
C) Негізгі ұлпа.
D) Жабын ұлпа.
E) Бөліп шығарушы ұлпа.
2.Сұңғыла өсімдігінің тамыры ... өзгерген.
A) Тіреу тамырға.
B) Емізік тамырға.
C) Ауа тамырға.
D) Түйнек тамырға.
E) Жемтамырға.
3.Бұрыс гүлді өсімдікті көрсетіңіз:
A) Соя.
B) Жүгері.
C) Қияр.
D) Мақта.
E) Меңдуана.
4.Беденің құрғақ жемісі:
A) Жаңғақша.
B) Бұршаққынша.
C) Бұршаққап.
D) Қауашақ.
E) Тұқымша.
5.Түйнек бактерияларының тіршілік ететін орны:
A) Картоп түйнегінде.
B) Нарғызгүлдің түйнек тамырында.
C) Сәбіздің жемтамырында.
D) Беденің тамырында.
E) Қызан тамырында.
6.Вирустар -
A) Ядросыз ағзалар.
B) Жасушасыз эукариотты ағзалар.
C) Бір жасушалы ағзалар.
D) Жасушасыз, тек тірі жасушада тіршілік ететін тіршілік формалары.
E) Хемотрофты ағзалар.
7.Агар-агар өндіруге шикізат ретіндегі балдыр:
A) Анфельция.
B) Ламинария.
C) Порфира.
D) Кладофора.
E) Улотрикс.
8.Қырықбуынның дәрілік шикізат ретінде жинайды:
A) Тамырсабағын.
B) Масағын.
C) Көктемгі өркенін.
D) Жасыл сабақтарын.
E) Спорасын.
9. Мақтаның көсегі -
A) Жеміс беретін бұтағы.
B) Ұрық шашатын тұқымы.
C) Шала ашылған қауашағы.
D) Ашылған қауашағы.
E) Негізгі сабағы.
10.Денесінен жарық шығаратын қарапайым:
A) Сәулелі күнқұлақ.
B) Сәулелі күншар.
C) Түншырақ.
D) Бодо.
E) Сәулелі өрмекаяқ.
11.Ішекқуыстылардың денесі:
A) Бір қабатты.
B) Екі қабатты.
C) Үш қабатты.
D) Төрт қабатты.
E) Көп қабатты.
12.Дара жынысты паразитті құрт:
A) Бауырсорғыш..
B) Сиыр цепені.
C) Эхинококк.
D) Ішек сорғы.
E) Мысықсорғыш.
13.Өрмекшілер ... тыныс алады:
A) Ауа қапшығы арқылы.
B) Демтүтік.
C) Демтүтік,ауа қапшығы.
D) Тері, демтүтік.
E) Өкпе.
14.Балықтың есту мүшесі ... тұрады:
A) Тек ішкі құлақтан.
B) Ішкі құлақ, ортаңғы құлақтан.
C) Ішкі құлақ,дабыл жарғағы.
D) Ішкі құлақ, сыртқы құлақтан.
E) Есту сезімі жоқ.
15.Бақаның дернәсілі ... тыныс алады:
A) Тері арқылы.
B) Желбезек.
C) Өкпе, тері
D) Ауа қапшығы.
E) Өкпе.
16.Аяқсыз кесірткені көрсетіңіз:
A) Батбат.
B) Сарлан.
C) Үлкенкөз кесіртке.
D) Сарыбауыр жылан.
E) Келес.
17.Етті қарын ... болады:
A) Жыланда.
B) Саламандрада.
C) Қандауыршада.
D) Скатта.
E) Құстарда.
18.Тіршілігі сумен байланысты сүтқоректі өкілі:
A) Көртышқан.
B) Ақкіс.
C) Жұпартышқан.
D) Суыр.
E) Жалман.
19.Жөтелу, түшкіру орталығы орналасқан:
A) Жұлында.
B) Аралық мида.
C) Ортаңғы мида.
D) Сопақша мида.
E) Алдыңғы мида.
20. Көз алмасының пішіні:
A) Шар тәрізді.
B) Қысыңқы.
C) Шыны тәрізді.
D) Сопақша.
E) Доғалы.
21. Сүйектің негізгі нәруызы:
A) Гистон.
B) Оссеин.
C) Актин.
D) Миозин.
E) Глобин.
22.Қысқа сүйектер:
A) қабырға , төс, жанбас.
B) омыртқа, алақан, табан.
C) қол-аяқ, табан.
D) жауыран, иық.
E) тұлға, бас сүйегі.
23.Иммундық жүйенің орталық мүшесі:
A) кемік майы.
B) бадамша без.
C) лимфа түйіндері.
D) көкбауыр.
E) лимфоциттер.
24.Тромбоциттің қызметі:
A) Оттегін тасымалдау.
B) Көмір қышқыл газын тасымалдау.
C) Қанұйық түзіліуіне қатысу.
D) Иммунитет қалыптасуына қатысу.
E) Жылу реттеуге қатысу.
25.Жүректің айшық тәрізді қақпақшалары:
A) Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның арасында.
B) Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында.
C) Сол жақ қарынша мен қолқаның арасында.
D) Оң жақ қарыншамен өкпе көктамырының арасында.
E) Сол жақ және оң жақ жүрекшенің арасында.
26. Веналық қан оттегімен қанығады:
A) Сол жақ жүрекшеде.
B) Оң жақ қарыншада.
C) Үлкен қан айналым шеңберінің капиллярларында.
D) Кіші қан айналым шеңберінің капиллярларында.
E) Сол жақ қарыншада.
27.Альвеола қабырғасы:
A) Бір қабатты эпителий.
B) Көп қабатты эпителий мен біріңғай салалы бұлшық еттен.
C) Кірпікшелі эпителийден.
D) Көп қабатты эпителиймен серпімді талшықтардан.
E) Бір қабатты эпителий мен біріңғай салалы бұлшық еттен.
28. Үш түбірлі тіс:
A) Сойдақ тістер.
B) Үстіңгі жақтағы кіші азу тістер.
C) Үстіңгі жақ сүйектегі үлкен азу тістер.
D) Астыңғы жақтағы кіші азу тістер.
E) Күрек тістер.
29.Асқазан сөлінің негізгі ферменттері:
A) Амилаза,химозин.
B) Пепсин, химозин.
C) Трипсин, пепсин.
D) Птиалин, пепсин.
E) Амилаза,мальтаза.
30.Соңғы өнімдерді шығаруға ... қатыспайды.
A) Май бездері.
B) Бүйрек.
C) Тері.
D) Өкпе.
E) Асқазан.
31.Нефронда кері сіңірілу нәтижесінде ... түзіледі.
A) Ұлпа сұйықтығы.
B) Лимфа.
C) І-ші реттік несеп.
D) ІІ-ші реттік несеп.
E) Қан плазмасы.
32.Ананың жүктілік мерзімі:
A) 180 тәулік.
B) 270 тәулік.
C) 280 тәулік.
D) 320 тәулік.
E) 300 тәулік.
33.Жануар жасушасының мембранасының сыртқы қабаты ... тұрады.
A) нәруыз молекулаларынан.
B) фосфолипид молекулаларынан.
C) май молекулаларынан.
D) май қышқылдарынан.
E) нуклеин қышқылдарынан.
34.Мейоз І-дің профаза кезінде ...
A) ДНҚ молекуласының репликациясы жүреді.
B) Хромосомалар екі полюсіне ажырайды.
C) Хромосомалар коньюгацияланып,кроссинговер жүреді.
D) Ахроматин жіпшелері түзіледі.
E) Кариокинез жүреді.
35.Қой көзді, қоңыр шашты адамның генотипі:
A) АаВв
B) ААвв
C) ааВв
D) аавв
E) Аавв
36.Жүгерінің отаны:
A) Шығыс Азия.
B) Орталық Америка.
C) Оңтүстік Азия.
D) Оңтүстік Америка.
E) Абиссиния.
37.Биогенетикалық заңды ашқан ғалым:
A) Т.Шванн, М.Шлейден.
B) А.Северцов, И.Шмальгаузен.
C) Ф.Мюллер,Э.Геккель.
D) В.Флемминг,П.Переменко.
E) Дж.Уотсон,Ф.Крик.
38.Табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ...
A) Жаңа іріктеме пайда болады.
B) Жаңа қолтұқым пайда болады.
C) Жаңа түр пайда болады.
D) Белгілі жоспар бойынша сұрыпталады.
E) Адамның араласуымен жаңа белгілер пайда болады.
39.Адам эволюциясының әлеуметтік негізгі қозғаушы күші -
A) Тіршілік үшін күрес.
B) Тұқым қуалайтын өзгергіштік.
C) Табиғи сұрыптау.
D) Модификациялық өзгергіштік.
E) Еңбек.
40.Ылғалды тропикалық орман өсімдіктердің экологиялық тобы -
A) Мезофиттер.
B) Гигрофиттер.
C) Гидрофиттер.
D) Ксерофиттер.
E) Суккуленттер.
Биология
2-нұсқа
1.Топырақта калий элементі жетіспесе ...
A) Ағаштың жанама бұтақтары дамымайды.
B) Жемістің түзілуі баяулайды.
C) Жапырақтары бозарады.
D) Бидайдың түптенуі нашарлайды.
E) Тірек ұлпасы жетілмейді.
2.Тиса қылқанының тіршілік ету ұзақтығы -
A) 2-4 жыл
B) 9-13 жыл
C) 6-10 жыл
D) 5-12 жыл
E) 1-4 жыл
3.Көп сүйекті жинақталған жеміс:
A) Құлпынайда.
B) Итмұрында.
C) Таңқурайда.
D) Қырыққабатта.
E) Аскөкте.
4.Қосарланып ұрықтану ... жүреді.
A) Спирогирада.
B) Плаунда.
C) Аршада.
D) Арпада.
E) Көкек зығырында.
5.Түбіртектің жалған түбіртектен айырмасы:
A) Тек қара, құнарлы топырақта өседі.
B) Түбіртектің белдеушесі бар.
C) Түбіртектің белдеушесі жоқ.
D) Кескен кезде ақ шырын бөлінеді.
E) Қалпақшасының асты қою сарғылт жасыл.
6.Жемтамырлы өсімдік:
A) Батат.
B) Сәбіз.
C) Нарғызгүл.
D) Монстера.
E) Шырыш.
7.Таспа пішінді храматафоры жасушада оралма тәрізді орналасқан балдыр
А) Улотрикс
В) Хламидаманада
С) Хлорококк
D) Хлорелла
Е) Спирогира
8.Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген споралы өсімдік:
A) Далалық қырықбуын.
B) Усасыр қырықжапырақ.
C) Шолпаншаш сүмбілі.
D) Сфагнум мүгі.
E) Алоэ.
9.Жалаң қызыл мия қолданылатын ауру:
A) Іш айдауға.
B) Демікпеге.
C) Тері ауруларына.
D) Зәрді айдауға.
E) Жөтелге.
10.Безгек паразиті ... бүлдіреді.
A) Қан қызыл түйіршігін.
B) Теріні.
C) Тыныс алу жолдарын.
D) Ішекті.
E) Бауырды.
11.Денесі екі қабаттан тұратын көпжасушалы жәндік:
A) Домаланғы.
B) Актиния.
C) Ақ сұлама.
D) Жауын құрты.
E) Сүлік.
12.Гидраның безді жасушалары ... орналасқан.
A) Эктодермасында.
B) Қармалаушында.
C) Энтодермасында.
D) Ауыз қуысында.
E) Эктодерма, энтодермасында.
13.Шала түрленіп дамитын бунақдене:
A) Қоңыз.
B) Құмырсқа.
C) Шыбын.
D) Маса.
E) Дәуіт.
14.Шоғал:
A) Балықтардың шоғыры.
B) Уылдырық шашатын жері.
C) Аналық балықтың жұмыртқа жасушасы.
D) Аталық балықтың аталық безінен бөлінетін сұйықтық.
E) Ұрықтанған уылдырық.
15.Ең алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануар:
A) Жыландар.
B) Тасбақалар.
C) Құрбақалар.
D) Кесірткелер.
E) Гаттерия.
16.Тасбақа аналығы ның жыныстық жағынан жетілетін уақыты:
A) 10-11 жыл.
B) 1-2 жыл.
C) 12-13 жыл.
D) 3-4 жыл.
E) 15 жыл.
17.Бауырымен жорғалаушылардың ұрпағы дамитын орын:
A) Суда.
B) Іште.
C) Дымқыл жерде.
D) Құрлықта.
E) Өздері басып шығарады.
18.Қызылшақа балапан шығаратын құс:
A) Үйрек.
B) Құмай.
C) Торғай.
D) Құр.
E) Лашын.
19.Ми мен жұлынның ақ затын ... түзеді.
A) нейронның денесі
B) аксон
C) дендрит
D) рецептор
E) синапс
20.Ортаңғы мидың алдыңғы жағында ... орналасқан.
A) сопақша ми.
B) мишық.
C) артқы ми.
D) аралық ми.
E) ми көпірі.
21.Қысқа сүйек:
A) Қабырға.
B) Жамбас.
C) Табан сүйегі.
D) Ортан жілік.
E) Бас сүйек.
22.Арқа омыртқалары:
A) 7
B) 5
C) 12
D) 8
E) 10
23.Қанның қызыл түсті пигменті:
A) Гемоглобин.
B) Фибриноген.
C) Глобулин.
D) Альбумин.
E) Оссеин .
24.Иммунология ғылымының негізін салушы:
A) И.П.Павлов.
B) Л.Дженнер.
C) Л.Пастер.
D) И.И.Мечников.
E) У.Гарвей.
25.Эритроциттер жойылады:
A) Өкпеде.
B) Сүйек кемігі майында.
C) Көкбауыр мен бауырда.
D) Мида.
E) Жұлында.
26.Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы:
A) 10 күн.
B) 20 күн.
C) 25 күн.
D) 85 күн.
E) 120 күн.
27.Көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше:
A) Өкпе.
B) Мұрын қуысы.
C) Кеңірдек.
D) Бронхы.
E) Альвеолла.
28.Бауырда қор түрінде ... жиналады.
A) Гликоген.
B) Нәруыз.
C) Жасунық.
D) Май.
E) Қан.
29.Нәруыздың ыдырауы ... басталады.
A) Ауыз қуысында.
B) Аш ішекте.
C) Тоқ ішекте.
D) Асқазанда.
E) Бауырда.
30.Бүйректің ең қауіпті ауруына ... жатады.
A) Энурез.
B) Цистит.
C) Нефрит.
D) Уремия.
E) Гастрит.
31.Терідегі меланин пигменті ағзаны ... қорғайды.
A) Температураның төмендеуінен.
B) Инфрақызыл сәуленің әсерінен.
C) Температураның жоғарлауынан.
D) Биологиялық мутагендік факторлардан.
E) Ультракүлгін сәулелерден.
32.Жыныс жасушаларында хромосома жиынтығы:
A) Гаплоидты.
B) Диплоидты.
C) Триплоидты.
D) Тетраплоиды.
E) Полиплоидты.
33.Өсімдік жасушасының мембранасы ... тұрады.
A) Жасұнықтан.
B) Хитинден.
C) Нәруыздан.
D) Фосфолипидтен.
E) Глюкозадан.
34.Хлоропластың құрылымдық компоненттері:
A) Криста мен граналар.
B) Строма мен матрикс.
C) Строма, граналар, тилакоидтер.
D) Граналар мен түтікшелер.
E) Кіші және үлкен бөліктер, полисома.
35.Г.Мендель өз зерттеулерінде қолданған әдісі:
A) Цитогенетикалық.
B) Гибридологиялық.
C) Биохимиялық.
D) Генеалогиялық.
E) Популяциялық.
36.Хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы -
A) Делеция.
B) Девишенсия.
C) Инверсия.
D) Дупликация.
E) Транслокация.
37. «Популяция» терминін ғылымға алғаш рет енгізген ғалым.
A) В.Иогансен.
B) Ч.Дарвин.
C) Г.Мендель.
D) Д.Ивановский.
E) К.Линней.
38.Гомологтық мүшелер:
A) Ұлулардың өкпесімен сүтқоректілердің өкпесі.
B) Өзен шаянының желбезегімен балықтың желбезегі.
C) Шыбынның қанаты мен құстың қанаты.
D) Адам көзі мен өрмекшінің көзі.
E) Жертесердің алдыңғы аяғы мен адамның қолы.
39.Ч.Дарвин теориясының жаратылыстану ғылымы үшін маңызы:
A) Жерде тіршіліктің пайда болуын түсіндірді.
B) Алғашқы эволюциялық ілімнің негізін қалады.
C) Эволюцияның қозғаушы күштерін анықтады.
D) Мутагенез теориясын жасады.
E) Биогенетикалық заңды ашты.
40.Абиотикалық факторларға ... жатады.
A) Бактериялар мен саңырауқұлақтар.
B) Жарық, температура, ылғал.
C) Адамның іс-әрекеттері.
D) Өсімдіктер мен жануарлар.
E) Вирустар мен прокариоттар.
Достарыңызбен бөлісу: |