СӨЖ
Тақырыбы: Құлақ құрылымы мен топографиясының жасқа байланысты ерекшеліктері және олардың құлақ патологиясындағы маңызы
Орындаған: Кеңесова С
Қабылдаған: Пірназарова Г
Шымкент 2023
ЖОСПАР - I. Кіріспе
- II.Негізгі бөлім
Б) Құлақ құрылымы мен топографиясының құлақ потологиясындағы маңызы - III.Қорытынды
- IV.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді. Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.
Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіңдеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағы мен теңеседі.
2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында-ақ ересек адамның құлағы мен теңеседі.
Құлақ құрылымы мен топографиясының жасқа байланысты ерекшеліктері
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарыны нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту анализаторының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса мүзыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс анализаторының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс анализаторындай, бірақ есту қабілеті анағұрлым жоғары болады. Ми қыртысының талдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |