1 Калий хлоридінің 14,9 дық 240 г ерітіндісінің электролизі кезінде



Дата05.02.2024
өлшемі15.78 Kb.
#490885

1) Калий хлоридінің 14,9 %-дық 240 г ерітіндісінің электролизі кезінде
анодта 4,48 л (қ.ж.) газ бөлініп шықты. Электролизден кейінгі ерітіндідегі
заттардың массалық үлестерін табу (жауабы: 9,94 % KOH; 2,64 % KCl).

2) Натрий хлоридінің 200 г 14 %-дық ерітіндісінің электролизі катодта 5,6


л (қ.ж.) газ бөлінгенше жүргізілді. Электролизден кейінгі ерітіндіге күміс
нитраты ерітіндісінің артық мөлшері қосылды. Осы кезде түзілген
тұнбадағы заттардың массалық үлестерін табу (жауабы: ω(Ag2O) = 66,9
%; ω(AgCl) = 33,1 %).

3) Мыс (II) сульфатының 10 %-дық 96 г ерітіндісін толық электролизге


ұшыратылды. Осыдан кейін түзілген ерітінді арқылы 1344 мл (қ.ж.)
аммиак өткізілді. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеу
(жауабы: ω(NH4HSO4) = 7,48 %).

4) Литий хлоридінің 34 г 5 %-дық ерітіндісінің толық электролизі


нәтижесінде түзілген хлор темір (II) хлориді ерітіндісі арқылы өткізілді.
Хлор толығымен әрекеттеседі және құрамында 13 % бір ғана тұз бар
ерітінді түзілді. Бастапқы ерітіндідегі темір (II) хлоридінің массалық
үлесін есептеу (жауабы: 10,46 %)

5) Калий сульфидінің 15 %-дық 88 г ерітіндісінің электролизі катодта 3,36


л (қ.ж.) газ бөлінгенше жүргізілді. Электролизден кейінгі ерітінді 50 г
сумен сұйылтылды, содан кейін оған 10,56 г көмірқышқыл газы жіберілді.
Соңғы ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеу (жауабы: ω (KHCO3) =
16,67 %).
6) Натрий бромидінің 42 г ерітіндісінің электролизі анодта бромның
бөлінуі тоқтағанша жүргізілді. Алынған ерітіндіге мыс (II) сульфатының
130 г 8 %-дық ерітіндісі қосылды, осы кезде массасы 5,88 г тұнба түзілді.
Соңғы ерітіндідегі заттардың массалық үлестерін есептеу (жауабы:
ω(Na2SO4) = 5,45 %; ω(CuSO4)қалған = 0,51 %).

7) Мыс (II) нитратының 300 г ерітіндісінің ішінара электролизі кезінде


құрамында 4,5 % мыс (II) нитраты бар 288 г ерітінді алынды. Бастапқы
ерітіндідегі мыс (II) нитратының массалық үлесін есептеу (жауабы: 13,72
%).

8) Натрий сульфидінің 120 г 3,9 %-дық ерітіндісінің электролизінен кейін


алынған ерітіндіге 2,87 г мырыш купоросы (ZnSO4⋅7H2O) қосылды.
Тұнбаның мүмкіндігінше максимал массасы түсу үшін алынған ерітіндіге
10 %-дық тұз қышқылының қанша грамын қосу керек? (жауабы: 36,5 г).

9) Электролиз жүргізу үшін (инертті электродтарда) 500 г 16 %-дық мыс


(II) сульфаты ерітіндісі алынды. Анодта 1,12 л (қ.ж.) газ бөлінгеннен кейін
процесс тоқтатылды. Алынған ерітіндіден массасы 98,4 г порция бөлініп
алынды. Мыс иондары толығымен тұнбаға түсу үшін ерітіндінің бөліп
алынған порциясына 20 %-дық натрий гидроксиді ерітіндісінің қандай
массасын қосу керек? (жауабы: 40 г).

10) Электролиз жүргізу үшін (инертті электродтарда) 282 г 40 %-дық мыс


(II) нитраты ерітіндісі алынды. Ерітінді массасы 32 грамға азайғаннан
кейін процесс тоқтатылды. Алынған ерітіндіге 140 г 40 %-дық натрий
гидроксиді ерітіндісі қосылды. Алынған ерітіндідегі сілтінің массалық
үлесін табу (жауабы: 2,16 %).

11) Күміс нитратының 400 г 8,5 %-дық ерітіндісінің электролизі ерітінді


массасы 25 грамға азайғанша жүргізілді. Электролиз аяқталғаннан
кейінгі ерітіндідегі қосылыстардың массалық үлестерін және инертті
электродтарда түзілген заттардың массаларын табу (жауабы: ω(HNO3) =
3,36 %; 21,6 г Ag; 0,2 г Н2; 3,2 г О2).
Ескерту: «толық электролиз» ерітіндіде тұз біткеннен кейін электролиз
тоқтатылатынын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет