1 Карипова М. Р


Экономиканың құлдырауы себебімен жұмысынан айырылған адам келесі



Pdf көрінісі
бет110/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

9. Экономиканың құлдырауы себебімен жұмысынан айырылған адам келесі 
жұмыссыздық түрін көбейтеді: 
А) Фрикциондық В) Құрылымдық С) Циклдік 
D) Табиғи E) Маусымдық 
10. Жұмыс күші құрамына кіретін, өз еркімен жұмыстан шыққан, бірақ әлі 
жұмыс таппаған жұмысшы – бұл: 
А) құрылымдық жұмыссыздықтың құрамына кіреді В) уақытша жұмыссыздықтың 
құрамына кіреді 
С) фрикциондық жұмыссыздықтың құрамына кіреді 
D) жасырын жұмыссыздықтың құрамына кіреді Е) циклдік жұмыссыздықтың 
қатарына кіреді 
12. ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
Мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілері ретінде көрінетін 
инфляцияның негізгі себептеріне, түрлеріне, көрсеткіштеріне және оларға қарсы реттеу 
шараларына кеңінен тоқталу. 
 
Сұрақтар: 
1. Инфляция түсінігі және себеептері. Инфляция түрлері 
2. Филлипс қисық сызығы.
3. Қазақстан Республикасы банкінің антиинфлясаясаты 
Экономикалық құбылыс инфляцияның пайда болуын негізінен, қағаз ақшалардың 
шығуымен және оның қызметімен байланыс- тырады. «Инфляция» термині латын 
тілінің «inflatio» сөзінен аударғанда «қампаю», «ісіну» деген мағынаны береді. Алғаш 
рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары азамат соғысы кезінде пайда болып
айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі үдерісін білдірген. Осы түсінік ХІХ 
ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде 
инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес 
өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың орта кезінде көрінді. 
Инфляция – бұл бағалардың жалпы деңгейінің өсуі нәтижесінде ақшаның сатып 
алушылық қабілетінің төмендеуі және оның құнсыздануын білдіретін көпфакторлы 
экономикалық құбылыс. Инфляцияға қарама-қарсы құбылысты, яғни бағалардың жалпы 
деңгейі мен шығындардың төмендеуін дефляция деп атайды, ал бағалардың өсу 
қарқынының бәсеңдеу құбылысы дезинфляция деп аталады. 
Бағалардың өсуі екі себептен туындайды – сұраныстың ұсыныстан артып кетуінен 
(сұраныс инфляциясы) және өндіріс шығындарының өсуінен (ұсыныс инфляциясы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет