Атаулы жалақы – бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт аралығында өздерінің
істеген еңбегі үшін алатын ақша сомасының жиынтығы.
2)
Нақты жалақы – бұл жұмыскерлердің өзі үшін және отбасын қамтамасыз етуі
үшін алған жалақысына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы, басқаша
айтсақ, нақты жалақы атаулы жалақының сатып алушылық қабілеті. Нақты жалақы екі
факторға: а) атаулы жалақыға; ә) тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне тәуелді.
Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның негізгі екеуіне
тоқталуға болады:
1)
Мерзімдік жалақы – бұл жалақының еңбектің нақты атқарған жұмыс уақытының
шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы әдетте, жай мерзімді және мерзімді
сыйақылы болып тағайындалуы мүмкін.
2)
Келісімді жалақы – бұл жалақының жұмыскердің қажетті сапада өндірген
өнімінің санына байланысты төленуі. Жалақының бұл түрі мынадай жүйелерде белгіленуі
мүмкін: аккордтық, келісімді сыйақылы, тікелей келісімді және келісімді үдемелі
жалақылар.
Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары табыс- тарының басым
бөлігін құрайды және табыс табудың осындай негізгі
көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне және олардың
бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.
Капитал нарығы және пайыз
Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақ- тардың бірі ретінде
саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқа да
тұлғалардың капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың
уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде ақшалай капиталды
бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз
етіледі.
Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады.
Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |