1-күн тапсырмасы.
Кестедегі оқу мақсаттарының бірін таңдап, Бөлтірік шешеннің ойын негіздеңіз. Сөйлесу параметрлеріне сай сөйлесу жағдаятын құрыңыз.
Сынып
|
Оқу мақсаты
|
5
|
5.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай эмоциоанлды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.
|
6
|
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
|
7
|
7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.
|
8
|
8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.
|
9
|
9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, кең көлемді монолог дайындау.
|
10
|
10.1.6.1. коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
|
11
|
11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақатай отырып, дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу,шешен сөйлеу.
|
Сөйлесу жағдаятын ұйымдастыру құрылымы:
Сөйлеуші (адресант)
Тыңдаушы (адресант)
Сөйлесушілер арасындағы қарым-қатынас
Сөйлесу реңі (ресми,бейтарап, достық)
Мақсаты
Сөйлесу стилі
Сөйлесу тәсілі (ауызша/жазбаша, оффлайн/онлайн,қашықтықтан)
Сөйлесу орны
Сөйлесу жағдаятының параметрлері:
Не сөйлейтініңді біл,
Кімге сөйлейтініңді біл,
Қай жерде сөйлейтініңді біл,
Қай кезде сөйлейтініңді біл,
Қалай сөйлейтініңді біл.
Бөлтірік шешен
Бөлтірік шешеннің баласы ел ішінің ісіне жаңадан араласа бастаған шағы екен. Бір жиын үстінде қызу әңгіме-дүкен болады. Кісілер сұлу сөйлеп, тапқыр сөйлеп, алға озғысы келіп сөз жарыстырып отырады. Жиналғандардың ішінде бір байдың мырзасы да бар екен. Өзі малға бай болғанмен, сөзге кедей екен, мінезі де жайсыз болса керек. Сол реті келген жерде де, реті келмеген жерде де сөзге жармасып, елдің алдын орай береді. Сөздің мәні кеткен соң, Бөлтіріктің баласы, өз сөзі кезегінде:
- Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін, - деп, өзінің сөзге қатысқысы жоқ екенін самарқау білдіреді. Содан ары жұрттың әңгімесі жараспайды. Бай баласының аузы шынында да аздап қисық екен. Әлгі сөзге намыстанып, ашу шақырады. Жиынның шырқы бұзылады.
Болған жай Бөлтірікке жетеді. Баласының бір ауыз сөзі біреудің жиынының шырқын бұзуға себепші болғанына қатты қапа болады. Баласын оңаша шақырып алып Бөлтірік:
- Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады, - деп ақыл беріпті.
Сөйлесу жағдаятын ұйымдастыру құрылымы:
Сөйлеуші (Бөлтірік)
Тыңдаушы (баласы)
Сөйлесушілер арасындағы қарым-қатынас
Сөйлесу реңі (бейтарап)
Мақсаты: баласына ой салу, үндеу тастау
Сөйлесу стилі:ауызекі сөйлеу стилі
Сөйлесу тәсілі ауызша
Сөйлесу орны:үлкен жиын
7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.
Сөйлесу жағдаятының параметрлері:
Не сөйлейтініңді біл,
|
|
Кімге сөйлейтініңді біл,
|
|
Қай жерде сөйлейтініңді біл,
|
|
Қай кезде сөйлейтініңді біл,
|
|
Қалай сөйлейтініңді біл.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |