Тақырыбы: «Нәруыз алмасуының бұзылуы. Ашығу»
(3 когнитивті деңгей)
Науқаста бауыр циррозы дамыған. Плазма нәруыздарының электрофореграммасында гамма-глобулиндік
фракцияның жоғарылауы, ал альбуминдер санының азаюы байқалады. Бұл келесі бұзылыс дамығанын
білдіреді:
A. диспротеинемия
B. парапротеинемия
C. гиперпротеинемия
D. дефектпротеинемия
E. оң азоттық баланс
ANSWER: A
Нәресте А., 9 айлық, салмақ аз қосады, тыныс және ішек ауруларымен жиі ауырады. Соңғы кездері құсу,
ісіну, нәжісінің сұйық және майлы болуы байқалады. Жалпы нәруыз деңгейі – 42 г/л, альбуминдер 20 г/л.
Ұлтабар сөлінің құрамында энтерокиназа және трипсин жеткіліксіз. Нәрестеде нәруыз алмасуының қай
этапы бұзылған:
A. аминопуриндердің экскрециясы
B. нәруыздардың сіңірілуі және синтезі
C. аминқышқылдардың аралық алмасуы
D. соңғы өнімдердің пайда болуы
E. нуклеин қышқылының эндогендік синтезі
ANSWER: B
Бауыр жеткіліксіздігі кезінде нәруыз алмасуының бұзылысыны тән:
A. гипопротеинемия
B. гиперпротеинемия
C. ретенциалық гиперазотемия
D. гиперпротромбинемия
E. гиперфибриногенемия
ANSWER: A
Нәрестенің салмағы төмендеген, суық тиіп жиі ауырады, анемия байқалады. Осы жағдайға тән нәруыз
алмасуының өзгерісін атаңыз:
A. диспротеинемия
B. парапротеинемия
C. гиперпротеинемия
D. гиперальбуминемия
E.
оң азоттық баланс
ANSWER: A