№ 2 дәріс Нәруыздардың жалпы қасиеттері. Жай нәруыздар. Дәріс жоспары:
1.Нәруыз ерітінділерінің коллоидты қасиеттері.
2.Нәруыз молекуласының құрылымдары, нәруыз фолдингі.
3. Денатурация, ренатурация және денатурациялаушы агенттер.
4.Тұнбаға түсу реакциялары.
Нәруыздардың судағы ерітіндісі тұрақты, гомогенді, сондықтан оларды нағыз ерітіндіге жатқызуға болады. Дегенмен, нәруыз жоғары молекулалы қосылыс болғандықтан, оның судағы ерітіндісіне келесі коллоидтық қасиеттер тән:
Коллоидты қасиеті
Коллоидты қасиеттері:
- белгілі бір оптикалық қасиет көрсетеді (нәруыздардың жарықты шағылыстырып, сындыруы -Тиндаль конусы )
Коллоидты қасиеттері:
- диффузия жылдамдығының баяу болуы;
- жартылай өткізгіш мембранадан өтпеуі;
- ерітінділердің тұтқырлығы;
- гель түзуі;
-нәруыз молекуласының беткі қабатында заряды және оны қоршап тұратын гидратты қабаты бар, бұл –
тұрақтылық факторлары.
Нәруыздардағы амин қышқылдарының жүйелілікпен тізбектелуі және нәруыз молекуласының кеңістік құрылымы төрт деңгеймен – бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылыммен сипатталады.
Нәруыз молекуласының құрылымдары
Нәруыз молекуласының құрылымдары
І- амин қышқылдарының белгілі бір ретпен өзара байланысып, полипептид тізбегін түзуі (пептидтік байланыс);
ІІ -α-спираль және β-құрылым (сутектік байланыс);
ІІІ - полипептид тізбегінің иілуінің нәтижесінде нәруыздың глобулярлы немесе фибриллярлы пішінде болуы;
IV –екі және одан көп полипептидтік тізбектен тұрады (гемоглобин).
Нәруыздарға тән ерекшелігін, антигендік қасиетін
І реттік құрылымы қамтамасыз етеді, оның бұзылуы нәруыздың физико-химиялық және функционалдық қасиетін өзгертеді.
Бір ағзадан алынған нәруыз басқа түрдегі организмге түссе, иммунологиялық жүйе арқылы қорғаныс нәруызын (антиденені) синтездейді. Бұл нәруыз антигенмен қосылып, бөгде нәруызды метаболиттік айналымнан шығарып тастауға, тұнбаға түсіруге немесе ерітіп жіберуге тырысады. Антиденемен тікелей комплекс түзуге қатысқан нәруыз бөлімін антигендік детерминант деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |