1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Өрмекшілер отрядына түсінік беріп, көрсетіңіз



бет43/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

61.Өрмекшілер отрядына түсінік беріп, көрсетіңіз
Өрмекшілер аса көп тараған, 27000-ға жуық түрі бар, жыртқыш жануарлар. Үйлерде, далаларда, тоғайларда, су жағасында да кездесетін
түрлері бар. Ұзындығы 0,7-П см. Денесі баскеуде және сегменттелмеген құрсақ бөлімінен тұрады (124-сурет). Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (баскеуденің 7-ші сегменті). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ төрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы бездерінің тесігі орналасқан, сол бездердің шығаратын сөлімен (секретімен) қорегін өлтіреді. Педипальпалары қармалауыш тәрізді, аталықтарыңда олар шағылыс мүшесінің қызметін атқарады. Бір немесе екі жұп өкпелері бар, ал көпшілігінде сонымен қатар қосарланған трахея түйіндері болады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2-4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция барысында өрмекшілердің елеулі жетістігі - оларда өрмек бездерінің дамуы, осыдан өрмек сұйықтығы бөлініп шығады. Өрмек бездері құрсақтың қуысында, оның вентральды жағында орналасқан. Олардың тармақтары өрмек сүйелдерінде немесе кейбір өрмекшілерде сүйелдердің алдында жататын тақтада ашылады.
Өрмек бездері ауада қататын кілегейлі, созылатын затты (өрмекті) бөліп шығарады. Бөлінетін жүздеген жұқа өрмек жіптерінің жиынтығы бірігіп жібектей өрмек жіпшелеріне желімденеді. Өрмек жіпшелерінің көптеген түрлері болады: құрғақ, ылғалды, кілегейлі, гофрирленген және т. б. Олар ау торларын, жұмыртқа пілләсін жасауға арналған.
Ау торы өрмекшінің індерінің жанында төселінеді, немесе өсімдіктерде бұтақтар арасында созылады. Торға түскен насекомдарды өрмекші өрмегімен шырмап тастайды, сосын ұстаған жемтігін хелицерасымен жаралап, кейін ішіндегісін сорады. Үй өрмекшінің (Tegenaria domestica) өрмек торы (тұзақ) өзінің ұясымен тікелей жалғасып жатады.
Індерді жасайтын өрмекшілер індерінің қабырғаларын өрмекпен астарлап, өрмектің көмегімен қайырмалы қақпақшаны жасайды. Соңғысы інге кіретін тесікті жабады. Кейбір ағаш өрмекшілері өрмектен тұрғын түтіктер мен ұялар тоқиды, ал кейде ұяның қабырғаларын құрайтын оралған жапырақтарды өрмекпен бекітеді.
Су өрмекшісі - Argyroneta aquatica - су астында өрмектен қоңырау тәрізді ұя жасап, оны су асты заттарға немесе өсімдіктерге жабыстырып, ауамен толтырады. Ол ауаны өрмекші су бетіне көтеріліп құрсағындағы түтіктері арқылы әкеледі және сол түтіктері арасында тыныс алатын, ауа қорын ұстап сақтайды. Ауа көпіршіктерінің әсерінен су өрмекшінің қоңырқай түсі сынап тамшылары тәрізді күмісше жылтырайды, сондықтан оларды күміс өрмекші деп те атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет