1. Математиканы оқытудың дидактикалық ұстанымдары Математиканы оқытудың әдістері



бет2/5
Дата26.04.2023
өлшемі110 Kb.
#472824
1   2   3   4   5
Matematikany o ytu stanymdary men disteri

Сұрақтарға жауап беріңіз?

  1. Сұрақ:Педагогикада қандай дидактикалық принцптер тағайындалған?

  2. Сұрақ:Оқу мен тәрбиенің бірлігі принципі туралы не айтуға болады?

  3. Сұрақ:Оқытудың ғылымилық принципінің басты шарттары?

  4. Сұрақ:Саналылық және белсенділік принципі туралы не айтуға болады?

  5. Сұрақ:Жүйелік және бірізділік принципі туралы не айтуға болады?

  6. Сұрақ:Түсініктілік принципі туралы не айтуға болады?

  7. Сұрақ:Көрнекілік принципі туралы не айтуға болады?

  8. Сұрақ: Оқытудың коллективтік сипаты және оқушылардың дербес ерекшіліктерін ескеру принципі туралы не айтуға болады?

  9. Сұрақ: Білімнің баяндылығы принципі туралы не айтуға болады?

2. Математиканы оқыту әдістері





логикалық

эмпирикалық





















  1. Әдістің оқу-әдістемелік мақсаттарды шешудегі бағытын ескеру;

  2. Оқыту мазмұнының ерекшелігіне сәйкес келуі;

  3. Әдістің оқу үрдісін ұйымдастыру формасына сәкес келуі;

  4. Оқу әдісінің оқушының оқу мүмкіндіктеріне сәйкес келуі.

1.Оқыту әдістері жайында жалпы түсінік. Мектепте оқыту ісінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін анықтаумен және сабаққа қажетті материалдарды іріктеумен қатар оқыту әдістері де ерекше маңызға ие. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған әдіс білімнің саналы да, баянды болуын қамтамасыз етеді.
«Әдіс ең кең мағынада-мақсатқа жету тәсілі, белгілі бір тәртіппен реттелген қызмет». Оқу-тәрбие ісіне қатысты оқыту әдісі оқу процесінде мұғалім мен оқушылар арасындың өзара әрекеттеріне байланыстыра анықталады.
Оқыту әдісі дегеніміз- шәкірттнрдің белсенді танымдық қызметін қамтамасыз ететін, мұғалім мен оқушының нысаналы, бірлескен әрекеттердің нақты түрі.
Оқытудың әдістері мен принцптерін, түрлері мен тәсілдерін зерттеу дидактиканың обектісі екені мәлім. Бірақ әр пән методикасының міндеті- оқытудың жалпы әдістерін өзіне икемдеп қолдану. Алайда оқытудың өзі мұғалім мен оқушылардың бірлескен кызметі болғандықтан, олардың әрекеттерінің ара қатынасын анықтау дұрыс. Оқыту процесінде оның екі қырын:сабақ беру мен оқуды (оқып үйренуді) анықтап алған жөн.
Сабақ беру-мұғалімнің атқаратын қызметі, ол материалды баяндауды, оқушылардың оқылатын нәрселер мен құбылыстарды бақылауын ұйымдастыру, оқушылардың оқып үйрену және білімін қолдана білу жөніндегі жұмысына жетекші етуді, олардың меңгерген білімін, икемдіктері мен машықтарын тексеруді қамтиды.
Оқу (оқып үйрену)-мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын оқушылардың саналы қызметі, ол белгілі бір нәрселермен процестерді олардың қабылдауын және мұғалімнің түсіндіруін тыңдауын, оқылатын фактілерді, нәрселерді, құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды ұғып алуды, қабылдаған фактілерді қорытындылауды, мұғалімнің тапсырмасы бойынша алған білімін пысықтауды және қолдана білуді қамтиды.
Бұдан оқыту әдістері сабақ беру әдістері мен оқып үйрену әдістерін қамтитынын байқаймыз.
Оқыту әдістері әр алуан және жыл өткен сайын кемелденіп, жетіліп тұрады, себебі оқыту процесі ұдайы дамып, оқытудың жаңа құралдары қолданылады, қоғамымыздың дамуына сәйкес оқушылардың да өркендеу деңгейі жоғарылайды. Сондықтан оқыту әдістерін ұдайы жүйелеу және сараптау қажеттілігі туады.
әдістерді сараптау салыстырмалы сипатта болады, өйткені іс жүзінде әдістер өзара бірлікте, комплексті турде қолданылады.
Практикалық мақсаттарға сараптау қолайлы, бірақ ол оқушылардың танымдық қызметтерінің сипатын толық қамти алмайды. Оқушылардың танымдық қызметтерінің дербестік дәрежесіне қарай, оқыту әдістерін сараптай отырып, М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер оларды:

  1. түсіндірме –иллюстрация немесе инфармациялық –нұскау;

  2. қайта жаңғырту;

  3. проблемалап баяндау;

  4. эвристикалық немесе ішінара іздену;

  5. зерттеу әдістерін айырып көрсетеді.

Оқыту әдістерін сараптау негізіне маңызды үш белгі анықталады, олар: негізгі дидактикалық мақсаттар (жаңа материалдарды оқып үйрену, білімді баяндандыру және кемелдендіру, білімді тексеру), білім көздері және оқушылардың танымдық қызметінің сипаты.
Оқыту әдістерін білімдік, тербиелік және дамытушылық сипаттары бойынша сипаттауға болады. Сонымен бірге оқыту әдістерінің жеке топтарының дербестік сипатын бөліп көрсетуге болады. Олар оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру және іске асыру әдістері, мұнда оқушылардың танымдық қызметін сезімдік қабылдау бойынша ұйымдастыру, оқу – информациясын логикалық таразылау, жаңа білім іздестіруде дербестік сипат үстем танымдық қызметке дем берушілік және мотивтендіру әдістері, мұнда дем берушілік- дәлелділік, реттеушілік, және коммуникативтік сипат үстем , оқу – танымдық қызметін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері , мұнда бақылау-бағалау сипаты үстем.Сонымен, оқыту әдісі – білім беру және білім, іскерлік және машықтарды игеруге, азаматтық тұлға қалыптастыруға бағытталған оқушылардың танымдық және практикалық қызметтерін үйымдастыру тәсілі.
Белгілі бір білім қорын меңгеруге бағытталған мұғалім мен оқушының күллі қызметі оқытудың әдістеріне, түрлеріне, құралдарына және тәсілдеріне негізделеді. Сондықтан оқу процесінде қолданылатын әдістердің, түрлердің және тәсілдердің ара қатынасын анықтап алу керек.
Кейбір методикалық әдістерде оқыту әдісі мен оқыту түрі ұғымдары синонимдер ретінде қолданылады. Оқыту әдістері біздің жағдайға, математикаға қатысты алғанда, мұғалім мен оқушы қызметінің сипатын айқындату тәсілдері екені мәлім.
Ал оқытудың түрі мұғалім мен оқушының қызметтерін тағайындалған ретпен және белгілі тәртіпте сәйкестентіру болып табылады. Басқаша айтқанда, оқытудың түрлері мүғалім мен оқушының бірлескен қызменін белгілейді, дербес оқыту мен коллективтік оқытудың ара салмағын, оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігі мен мұғалімнің жетекшілік ету дәрежесін анықтайды.
Оқыту құралдарына көрнекі құралдар мен техникалық құралдар жатады. Сонымен бірге “педагогикалық құралдар” деп аталатын термин де жиі пайдаланылады. Ол педагогикалық тәсіл, педогогикалық шара, педогогикалық әсер сияқты ұғымды біріктіреді.
Оқыту мен тәрбиенің методикалық түрі мен методикалық айласының ара қатынасын айырған маңызды. Түр де, айла да мүғалімнің тәсілі. Бірақ, айла-түрдің элементі, құрамдас бөлігі. Түр неғұрлым жалпы, кең подогогикалық проблемалармен, ал айла дербес методикалық мәселелермен байланысты. Айла түрді жүзеге асыруға көмектесетін косымша кезең. Түр айлалардың жиынтығын, жүйесін қамтиды.
Оқыту процесінде жұмыстың бір түрі түр ретінде де, айла ретінде де көрінуі мүмкін. Мысалы, есеп шығару сабағында әңгімелесу сол сабақты өткізудің әрі түрі әрі айласы ретінде көрінеді. Ал жаңа материалды түсіндіргенде әңгімелесу – түр де. әңгімелесу – айла.
Мұғалім мен оқушылардың қызметінің арасында айырмашылық тұрғысынан да оқыту әдістерін сарптауға болады. Мұнда оқыту әдісі сабақ беру әдісіне (мұғалімнің қызметіне) және оқып үйрену әдісіне (оқушылардың қызметіне) жіктеледі.
Сабақ беру әдісіне информациялық әдістер мен оқушылардаң іздену қызметін басқару әдістері жатады. Бұл әдіске әңгімелесу, әңгіме, мұғалімнің түсіндіруі және лекция, жаттықтыру сипатындағы өздігінен істейтін жұмысты басқару, оқушылардың оқулық әдебиетпен жұмыс істеуіне жетекшілік ету және т.б. тән.
Оқып үйрену әдісіне оқу материалын танып-білу, қайта жаңғырту және білім алу әдістері жатады.
Оқыту формалары сабақ беру әдісі мен математиканы оқып-үйрену әдісін қамтуы мүмкін. Мәселен, оқушылардың лабораториялық жұмысын, олар тек мүғалімнің нұсқауымен орындайтындай етіп (мысалы, геометрикалық денелердің көлемін модельдері бойынша есептеуді) ұйымдастыруға болады. Мұнда оқып үйрену әдісі бой көрсетеді.
Совет педогогикасы әрбір сабақ беру әдісіне белгілі бір оқып үйрену әдісі сәйкестендірілуі тиіс деп үйретеді. Яғни, бұл қағида бойынша, егер әрбір сабақ беру әдісі бір оқып үйрену әдісіне телінсе, онда ол оқыту әдісі болып табылады.
Алайда іс жүзінде оқыту әдісін сабақ беру әдісі мен оқып үйрену әдісінен айыру оңай емес. Мысалы, оқытудың түсіндіру-иллюстрациялық әдісінен сабақ беру әдісін – оқып үйрену объектісін көрсетуді және осы объектіні оқып үйрену әдісін – байқауды айырып алуға болады. Ал, шындығында, оқыту процесінде сабақ беру әдісі мен оқып үйрену әдісі өзара сіңісіп, бірігіп кетеді.
Сондықтан оқыту процесінде қайсыбір әдісті қолдану үшін, мұғалім сол әдісті жете меңгеруі тиіс. Ол үшін:

  1. осы әдістің мәнін түсіну және оқытудың нақты жағдайларына оны қолдана білу керек;

  2. оқыту процесінде қайсібір әдістің неғұрлым жиі (анық немесе жанама) кездесетін түрлерін білу керек;

  3. осы әдістің қолданудың оқыту процесінде көрінетін жағымды және жағымсыз жақтарын білу және оның тиімділігін бағалау білу қажет.

  4. мектеп математикасы курсының қандай мәселелерін осы әдіспен оқыту қолайлы екенін білу керек;

  5. оқушылардың оқу материалын осы әдіспен оқып үйренуге машықтандыру қажет;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет