Өткізілген күні: 2015 жылғы 17 ақпан Өткізілген жері: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 3-жэо мәжіліс залы. Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»



Дата20.06.2016
өлшемі232.47 Kb.
#149630
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО №3 ст. БКЗ-420-140 бу қазандығын қайта жаңарту» жұмыс жобасына қоршаған ортаны қорғау бөлімі бойынша

жария тыңдауының хаттамасы

Өткізілген күні: 2015 жылғы 17 ақпан

Өткізілген жері: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 3-ЖЭО мәжіліс залы.

Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Жария тыңдауын өткізу туралы ақпарат мына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізілді: «Звезда Прииртышья» №9(18702) және «Сарыарқа самалы» №9 (14741) газеттерінің сандарында мемелекеттік және орыс тілдерінде 27.01.2015 ж. жария тыңдауының өткізілетін күні мен орны, сондай-ақ жобаға ҚОӘБ материалдарымен танысуға болатын интернет-ресурсы көрсетілген хабарландыру жарияланды.
Қатысқандар:

Жергілікті атқарушы органның өкілі Курмашова Анна Шаймуратовна - «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл қаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы (28.01.2015ж. №9-632 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Аяйбергенов А.А. – Павлодар облысы бойынша экология департаменті (28.01.2015ж. №9-621 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Сиюнич Т.Н.- «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы (28.01.2015ж. №9-633 хабарлама хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Семкина Т.А. - НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС экологиялық тобының жетекшісі (28.01.2015ж. №9-631 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Верголяс А.Г. – 3-ЖЭО бас инженері, Богомолов С.В. – -ЖЭО бас инженерінің орынбасары, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО персоналы – 14 адам, жұртшылық өкілдері – 5 адам (қатысушылардың тізімі қоса берілген).


Сөз сөйлегендер:

Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары, жария тыңдауына қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауына дайындалу кезінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО №3 ст. БКЗ-420-140 бу қазандығын қайта жаңарту» жұмыс жобасына ҚОӘБ бөлімін әзірлеушімен жіберілген дәлсіздіктер табылғанын хабарлады. Осыған байланысты «Қайта жаңарту объектісінің су ресурстарына әсері» бөліміне тиісті түзетулер енгізілді. Қайта жаңарту қазандықтың қуатын ұлғайтуды көздемей, шығарылатын түтін газдарындағы азот концентрациясын 500 мг/нм3 дейін төмендетудің есебінен азот тотығының шығарындысын түсіруге бағытталған, оны конструкциялық өзгертуді ғана көздейтіндіктен, шаруашылық ауыз суды және техникалық суды тұтыну қолданыстағы деңгейде қалады.
Көрсетілген өзгерістер Техникалық емес түйіндемеде көрініс тапты, оны жария тыңдауының алдында барлық қатысушылар алды немесе «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тың сайтында орналастырылды.

Сондай-ақ, Богачонок Е.В. жария тыңдауын ашу үшін жергілікті атқарушы органның өкілі «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы Курмашова Анна Шаймуратовнаға сөз берді.



Курмашова Анна Шаймуратовна - «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл қаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы, тәртібінің мәселелерін атап өтті:

Жария тыңдауының күн тәртібі:

  1. Жария тыңдауының төрағасын және хатшысын сайлау.

  2. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО №3 ст. БКЗ-420-140 бу қазандығын қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша баяндама.

  3. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО №3 ст. БКЗ-420-140 бу қазандығын қайта жаңарту» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша баяндама.

  4. Жобаны талқылау, баяндамашыға сұрақ қою, сұрақтарға жауап.

Сөз сөйлеу регламенті ұсынылды - баяндамаға 10 минут, талқылауға – 10 минут.

Сөз сөйлегендер:

Ұсыныс: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Әрбір баяндамаға 10 минут, талқылауға әрбір сөйлеушіге 5 минуттан уақыт орнатуды ұсынамын.



Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндірістік бақылау қызметінің жетекші инженері Борисенко Д.В. сөз алып, жария тыңдауының төрағасы етіп «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас инженері Верголяс Александр Григорьевичті, хатшысы етіп - «ПАЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ жетекші инженері Коновалова Тамара Валентиновнаны сайлау жөнінде ұсыныс жасады.
Төраға Верголяс А.Г. баяндама жасау үшін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндірістік-техникалық басқармасы жылу механикалық жабдық жөніндегі бөлім бастығының орынбасары міндеттерін атқарушы В.Ю. Елохинге сөз берді (баяндама материалдары хаттамаға қоса берілген).
Баяндамадан кейін

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:
Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

ҚОӘБ-та 3ЖЭО-дағы техникалық суды жалпы тұтыну жылу жүктемесін ұлғайтудің есебінен өсетіні көрсетілген. Сіздің баяндамаңызда барлығы қолданыстағы деңгейте қалады деп айтылып кетті. Богочонок Е.В. ханым өз сөзінің басында ҚОӘБ жобасына өзгерістер енгізілгені туралы айтты. Қазанның қуаты өзгерілетін бола ма деп нақтылағым келеді. Сондай-ақ, азот тотығына қатысты: азот тотықтары қаншаға азаяды және бұған ненің есебінен қол жеткізіледі?


Жауап: Елохин В.Ю., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндірістік-техникалық басқармасы жылу механикалық жабдық жөніндегі бөлім бастығының орынбасары міндеттерін атқарушы.

Әбден дұрыс, қазандықтың қуаты мен бу жүктемесі өзгерілмейтін болады. Отынды жағу схемасы өзгерілетіндіктен, жобада азот тотығының концентрациясын 500 мг/нм3 дейін түсіру көзделіп отыр, бұл сәйкесінше жалпы шығарындыға әсер етеді.


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Отын жағудың алдыңғы жобаларымен біздің қазандықтарда әрбір қазанда екі жағынан 12 тік ағысты оттықтарды орналастыру көзделген. Барлық ауа осы оттықтарға шоғырланған. Сөйтіп, алаудың өзегі өте жоғары температурамен осы аймақтардың бірінде болды, әрі қарай алау қызудың конвективтік бетіне көтерілетін. Енді жобамен қазанның түбінде, ең астында астыңғы үрлеу және үстіңгі үрлеу қарастырылған, яғни ауа үш қабат бойынша бөлінді. Осы арқылы созуға, температура бойынша оны неғұрлым біртегіс етуге мүмкіндік болады. Және алау температурасын азайтудың есебінен азот тотықтары төмендетілетін болады. Жобаның техникалық ерекшелігі, міне осында.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Біріншіден, мені ылғи да қаржылық бөлігі қызықтыратындықтан, айтыңызшы, осы жобаны іске асыруға қанша ақшалай қаражат жұмсалатын болады? Ал екіншіден, басқа ЖЭО-ларда – 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, және Екібастұз ЖЭО-сында азот тотықтарын төмендету проблемасы жөнінде не айтуға болады, оларда да осы мәселе бойынша проблемалары бар емес? Және қазанды қайта жаңартуды неге 3-ЖЭО-дан бастауды жоспарлап отырсыздар? Осы 3-ЖЭО –да ең ескі жабдық болғандықтан ба, әлде ЖЭО-ның қайта жаңартуға артық ақшасы бар болғандықтан ба?


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Мен жобаның құны туралы қазір Жауап: беруге дайын емеспін. Бұл сұрақ бойынша смета бөлімінен сұрау керек, онда осы ақпаратты бере алады. Азот тотығын төмендету проблемасына қатысты айтар болсақ, мұндай проблема Павлодар және Екібастұз қалаларының барлық жылу электр орталықтарында бар. Қайта жаңарту келешекте барлық қазандарда, кезең-кезеңмен біртіндеп жүргізілетін болады. Сондай-ақ, күлтұтқыш қондырғылар да кезең-кезеңмен қайта жаңартылатын болады. Барлық энергетикалық қазандарда қазіргі заманғы күлтұтқыш қондырғылар тұр – олардың ПӘК 99,5%-ға дейін. Қазір компания азот тотығын төмендету мақсатында қазандарды қайта жаңартуға кірісіп отыр. Әрі қарай күкірт тотығы төмендетілетін болады.


Төраға Верголяс А.Г. баяндама жасау үшін НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС экологиялық тобының жетекшісі Т.А. Семкинаға сөз берді (баяндама материалдары хаттамаға қоса берілген).

Баяндамадан кейін.

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:
Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

Бұл жоба азот тотығын төмендетуге бағытталған. Жоба шеңберінде пайдалану кезеңіне эмиссиялар нормативтері орнатылған ба? Олардың көлемі қандай, пайдалану кезеңінде азот тотығы қаншаға төмендейтін болады? Бұл қорытындылар ҚОӘБ-да бар ма? Сіз кәсіпорын осы жұмысты сізге тапсырған, қолында лицензиясы бар ҚОӘБ әзірлеушісі болып табыласыз. Сізде қазір осындай ақпарат бар ма?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Иә, қайта жаңарту жобасы азот тотығын төмендетуге дәл бағытталған. Эмиссиялар нормативтері ҚОӘБ-та пайдалану кезеңіне де, сондай-ақ қайта жаңарту кезеңіне де орнатылған. Шығарындылар көлемі бойынша – ҚОӘБ-та шығарындылардың үлестік шамалары ғана көрсетілген, яғни 500 мг/нм3.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Бұл неге ҚОӘБ-та жоқ, азот шығарындысы қанша тоннаға төмендейтін болады?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Жалпы шығарындылар жөнінде қойған сұрағыңызға рахмет айтқым келеді, ҚОӘБ бөліміне ескертулер мен сұрақтар есепке алынып түзету енгізілетін болады.


Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Азот тотықтарының жалпы шығарындысы жөніндегі сұрақ бойынша мынадай цифрларды келтіргім келеді: №3 ст. қазандығындағы концентрацияның өлшеміне сәйкес, азот тотығының концентрациясы 537 мг/нм3 құрайды, қазанды қайта жаңартқаннан кейін шығатын газдардағы азот тотығының концентрациясын 500 мг/нм3 төмендеткенде, азот тотығы бойынша жалпы шығарындының қысқаруы жылына 700,647 т құрайтын болады.


Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ
Бұл жоба азот тотығын ғана қысқартуға бағытталған ба әлде оның орнындағы басқа заттарды қысқартуға бағытталған ба? Осы жобаның негізінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат өзгеретін бола ма?
Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Қазанды қайта жаңарту жобасы азот тотығын ғана төмендетуге бағытталған.

Эмиссияларға рұқсат шекті мүмкін шығарындылар (ШМШ) томдарымен анықталған көлемдерге беріледі. Қолданыстағы әдістемелерге сәйкес, ШМШ томында жұмыс жобалары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған қайта жаңарту, кеңейту немесе жаңғырту (модернизация) бойынша деректер есепке алынады. Оң қорытынды алмайынша, ШМШ томына өзгерістер енгізілмейтін болады.
Сұрақ: Аяйбергенов А.А., Павлодар облысы бойынша экология департаменті

Жобада санитарлық қорғау аймағының өлшемі қандай? Сондай-ақ ақпарат үшін айтамын, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің мерзімі 2 айды құрайды. Жобада қайта жаңарту мерзімі – 2015 жылғы наурыз айы көрсетілген. Қазір ақпан айы және жобаны сараптауға Сіз ақпанның аяғында немесе наурыздың басында бересіз. Департаментте көптеген кәсіпорындардың жобалары қарауда жатыр. Сараптауға 1-ден 1,5 айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы ең жақсы дегенде сәуір айында ғана беріледі, ал қайта жаңарту наурызда жүргізілмек. Жобаны іске асырудың көрсетілген мерзімдері шындыққа сай келмейтінін түсінуге тиіссіздер. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат жобада орнатылған нормативтерге қарағанда азғантай көлемі берілетіні түсінікті, яғни жобаны іске асыру кезінде қайта жаңарту басталғаннан рұқсат алғанға дейінгі кезеңнің ішінде Сіздерде нормативтен тыс шығарынды болатын болады.



Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Жобада санитарлық қорғау аймағының мөлшері - 1000м қабылданды. Иә, әрине, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алмайынша, қайта жаңартуды жүргізуге болмайтынын біз түсінеміз. Біз жобаны іске асыру мерзіміне түзету енгізу мәселесін қарастырамыз.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Жобада релелік қорғау электр қондырғылары құрылғыларының сәйкес ережелерінің көлемінде және релелік қорғау жөніндегі жетекші нұсқаулармен көзделетіні көрсетілген. Хаттамаға менің сұрағымды енгізуіңізді сұраймын: ЭҚҚЕ қай жылғы: 2008 әлде 2013 жылғы ма? Қайсысын пайдаланыңыздар?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Мен ҚОӘБ жобасын жобалаушымын, жұмыс жобасы бойынша жауап бере алмаймын.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Жақсы, сұрақты бірінші баяндамашыға қайталап қоямын. ҚҚЕ қай жылғы: 2008 әлде 2013 жылғы ма? Қайсысын пайдаланыңыздар? Жобаны әзірлеу 2013 жылғы шілдеден әлде желтоқсаннан кейін басталды ма? Бұл сұрақ мен үшін өте маңызды.


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Зауыт жобаны 2013ж. әзірледі. Бұл 2012 жылдың аяғы мен 2013 жылдың басы деп ойлаймын.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

2013 жылдың басы - 2013 жылғы қаңтар. Онда сіздер 2008 жылғы ЭҚҚЕ пайдаландыңыздар. Дұрыс қой?


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Бұл ресейлік жоба және жобалаушылар қандай нормативтермен пайдаланғанын мен айта алмаймын, жобалаушыларға сұрату жасау керек.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Жақсы. Әрі қарай сұрақты ҚОӘБ әзірлеушілерге қоямын. Егер қайта жаңартудың алдында 10 ай болса, онда неге норматив бірліктермен т/жылмен белгіленеді? Сіздер 10 айдың көлемін аласыздар ма әлде 1 жылдың көлемін аласыздар ма: жасалатын 1333,59 тонна қалдықтардың саны 1333,5 тонна қалдықты орналастыру нормативтерінен несімен айрықшаланады?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Нормативтер бүкіл құрылыс кезеңіне, яғни 10 айға орнатылған. Ал нормативтердегі өлшемділік т/жыл ретінде қосып жазылады. Кестелерде біз қандай көлем жасалатынын және қандай нормативті белгілеуді сұрайтынымыз көрсетіледі. Қалдықтар жасалуының есептік көлемдері нормативтік ретінде ұсынылады. Ұсынылатын нормативтер мемлекеттік сараптамамен қаралатын болады және оларға эмиссияларға рұқсат алынады.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Нормативтер не үшін және кіммен орнатылады?


Жауап: Аяйбергенов А.А., Павлодар облысы бойынша экология департаменті

Мемлекеттік экологиялық сараптама нормативтерді жобаның негізінде анықтайды және осы осы нормативтердің негізінде эмиссияларға рұқсат алынатын болады.


Жауап: Аяйбергенов А.А., Павлодар облысы бойынша экология департаменті

Мұны енді Мемлекеттік экологиялық сараптама жобаның негізінде белгілейді.


Сұрақ: Аяйбергенов А.А., Павлодар облысы бойынша экология департаменті

Егер қалдықтарды орналастырудың қолданыстағы нормативінде қалдықтар бар болса, онда оларды ҚОӘБ-қа жазудың керегі қанша?



Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Қазанның қуаты өзгермейтіндіктен және күл шлак қалдықтарының көлемі сәйкесінше өзгермейтіндіктен, онда пайдалану кезеңіне күл шлак қалдықтарына арналған норматив орнатылмаған. ҚОӘБ-та қалдықтар нормативі қайта жаңарту кезеңіне ғана орнатылған.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Жақсы, жобада сондай-ақ 3-ЖЭО күл жою жүйесі «№3 қазандығын қайта жаңарту себебінен өзгерістерге ұшырамайды, ал күл үйіндісіне түсетін қойыртпақтың шығыны қайтымсыз шығындар шамасы ретінде қаралады». Егер қуат ұлғаятын болса, қайтымсыз шығындардың шамасы неге өзгермейтінін айтыңызшы?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Қазанның қуаты ұлғаймайды, қазанның бу өнімділігі негізгі болып қалады – 420 т/с. Отынның көлемі де солай қалады.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Жақсы, әрі қарай 5.1.1-т. «Қайта жаңарту кезеңіне суды тұтыну».

Мен сіздердің нормаларды қайдан алғандарыңызды білмеймін, мысалы бір жұмысшыға 45 л/ауысымда, персонал 152 адам, бір жылда 365 күн бар. «365» бұл жыл ма, ал осыған дейін жаңа ғана Сіз қайта жаңарту барлығы 10 ай жүреді дедіңіз. 10 айда 305 күн бар екенін санадым, судың шығыны 2086 м3 құрайды. Ал Сіздің есебіңіз бойынша 2496,6 м3. Сіз артық «365» күнді арнайы алдыңыз ба әлде артық есептедіңіз бе?
Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Ескерту жасағаныңызға рахмет айтамын. Жобаға түзетулер енгізіледі, және су тұтыну бойынша есеп 10 айға есептелген.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Әрі қарай. 5.1.1 Техникалық судың жалпы мөлшері жылу жүктемесін ұлғайтудың есебінен артады және 15 миллион 690 мыңды құрайды, айтыңызшы, техникалық су қандай шамаға өседі?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Техикалық судың шығыны артпайды, қолданыстағы деңгейде қалады. Бастапқыда жобада дәлсіздіктер жіберілген, олар қазір түзетілді. Бұл түзетулер Техникалық емес түйіндемеде көрсетілді.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Жақсы. Сіз техникалық суды тұтынудың көлемін айта аласыз ба? Жобада 15 690,650 мың м3 көрсетілген.


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС ТОО «Иртыш-Стандарт»

Техникалық су бойынша су тұтыну сол деңгейде қала береді 15 690,650 мың м3.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Әрі қарай 6.1-тармақ. Ауа атмосферасының ластануы. Ластанған орау материалдары - бояуы кеуіп қалған ыдыс, барлығы 747,3 кг деген соманы қайдан алдыңыз. Демек, әрі қарай Сіз есеп жүргізесіз, өте қызық есептеулер, сонда Сізде 0,0065 тн, яғни 6 кг 500гр болып шығады, 747 кг болатын бояуды 6 кг-ға бөле бастадым, сонда бояу құйылған бір банка 17 грамм болып шықты. Сондықтан бояуға қатысты, бояулар бойынша қалдықтарға қатысты Сіздің есебіңіз толық дұрыс емес. Сіз тіпті арифметикалық тұрғыдан дұрыс жасамағансыз, өйткені ыдыс түрінің массасын 1,89 тн мүлдем ескермегенсіз, Сіз неге екені белгісіз, 1,89 орнына 0,747 тн жиынтығын жазғансыз, сондықтан бояу бойынша қалдықтардың мөлшері кішкентай болып отыр. Міндетті түрде қайта санап шығыңыз. Формулада да Сізде басқа цифрлар. Әрі қарай да осы жиынтықты 0,747 дұрыс алмағансыз, сіз оларды тоннаға айналдырғансыз.


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Барлық есептеулер қолданылып жүрген әдістемелерге сәйкес жүргізілді, олардағы есептеу тонналармен жүргізіледі. Сондықтан килограмдар тонналарға айналдырылды.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Әрі қарай, оттық балансының құрылымындағы оттық мазуттың үлесі 5% кемін құрайды, сондықтан қазандардан және қайта жаңартылып жатқан қазаннан максималды бір жолғы шығарындылар көмірді жаққан кезде анықталады, мазутты жаққан кездегі шығарындылар жалпы шығарындыларды есептеу кезінде ескерілді. Айтыңызшы, егер көмір мен мазут жанса, бұл осындай норма ма, ал егер мазут 5% -дан кем болса, онда мүлдем алмайсыздар, бұны жалпы шығарындылардың есебіне жатқызасыздар, әлде бұны өздеріңіз шығарып алдыңыздар ма? Егер мазут жанатын болса және ол 5% кемін құрайтын болса, онда ешқандай есептеулер жасаудың керегі жоқ дегенде, Сіздер қандай құжатты пайдаландыңыздар, неге сілтеме жасайсыздар?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Барлық есептеулер қолданылып жүрген әдістерге сәйкес жүргізілді.


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Мазут оттық болып табылады, бар болғаны осы.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Жалпы шығарындыларда сіздер мазутты жағудан шыққан 3400 кг көлемде шығарындыларды есепке алдыңыздар ма?

Әрі қарай, 11-шы бет, 6.2 –т. Қорытынды: «Станцияның барлық газ тазалау қондырғылары қанағаттанарлық күйде, бұл қайта жаңартудан кейін қосымша тазалау жабдығын орнатудың қажеттілігін қажет етпейді.», - делінген. Сіздер неге қондырғылары қанағаттанарлық күйде, бұл қайта жаңартудан кейін қосымша тазалау жабдығын орнатудың қажеттілігін қажет етпейді деген осындай қорытынды жасадыңыздар?
Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-та, 3-ЖЭО-ны қоса алғанда, өндірістік бақылау бағдарламасына сәйкес, күлтұтқыш – батареялық эмульгаторлардың жұмысына бақылау жүргізіледі. Жұмыстың тиімділігі бойынша өлшеулер жүргізіледі. Бұл тазалау жабдығы қайта жаңартудан кейін жабдықтың жұмысы кезінде тиімді болып табылады.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Рахмет, түсінікті, мониторинг жүргізіледі.

Біраз түсінікті болды.
Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Мониторингке қатысты тағы да. Сіздер былай деп жазасыздар: тозаң бойынша ПӘК-тің 1 ПӘК-тен асатыны туралы анықтама берген, бұл бар мәлімет және 3-ЖЭО бұған кінәлі емес. Айтыңызшы, «Тозаң бойынша ПӘК-тің асуы жоқ, бұл бар мәлімет және 3-ЖЭО бұған кінәлі емес» деген не? «Бар мәлімет» деген не екенін айтыңызшы? Бұл 3-ЖЭО-ның маңатында тозаң шығаратын қандайда бір кәсіпорындар бар және 3-ЖЭО бұған кінәлі емес» дегенді білдіре ме? Тозаң бойынша асып кетпегені туралы қандай анықтама?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

«Казгидромет» ластаушы заттармен байланысты концентрация туралы анықтама береді, мұнда атмосферадағы ластаушы заттармен байланысты концентрация өлшеудің осы постына қатысты 1 ПӘК-тен көп асқан болып отыр, яғни 2 есе асып отыр. Кәсіпорынның бұған қосқан үлесін, тозаңның нақты асқанын қате есептеу мүмкін емес. Анықтамада ластаушы заттардың массалық концентрациясы өнеркәсіптік аймақтың барлық іс жүзіндегі кәсіпорындары есепке алынып беріледі.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

3-ЖЭО кінәлі емес қой?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Жоқ, әрине. 3-ЖЭО-да тозаң бойынша шығарындылар бар, бірақ ластаушы шығарындылармен байланысты концентрацияны ескергенде, бұл шығарындылар азғантай.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Сонда шығарындылардың асып кетуіне басқа кәсіпорындар кінәлі болғаны ма. Ал басқалары қалай? Бас инженер қандай кәсіпорындар тозаңдылық енгізетінін техникалық тұрғыдан айтып бере ала ма? Мұнай өңдеуші кәсіпорын? Сіздің күл үйінді немесе машиналар осындай үлкен тозаңдылық беруі мүмкін бе?


Жауап: Верголяс А.Г., 3-ЖЭО бас инженері .

Бұл Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, мұнда кәсіпорындар көп.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Әзірлеушіге өтініш - ҚОӘБ- те есептеулерде көптеген қателер бар, тексеріп түзету керек. Лак бояу материалдарын жағу кезінде, материалдарды бояу кезіндегі технологиялық процесс және т.с.с. кезінде атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын есептеу әдістемесінде Сіздің есептеуіңіз дұрыс емес: неге екені белгісіз, 0,747 тонна алғансыз, ал Сізде 747 килограмм, сондықтан жылына 145,723 тонна есептелген. Өздеріңізге белгілеп қойыңыз, Сіз дұрыс есептемегенсіз. Әрі қарай шығарындылар бойынша, бір дүркін шығарындылар және тағы сол сияқтылар бойынша сіздердің барлық арифметикалық өлшемдеріңізді тексеру мүмкін болмады, тексеру керек, өйткені сіздерде бұл жерде қателік бар, сіздерде көбейтудің орнына бөлу тұр, минустың орнына плюс тұр…


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Біз Сіздің есертулеріңізді ескереміз.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ .

Тағы бір сұрақ қоюға бола ма, Сіз медициналық қалдықтар бар деп жазғансыз. Ал олар (медициналық қалдықтар) бұл жерде қалай кәдеге жаратылады?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

Қайта жаңарту кезеңінде медициналық қалдықтар пайда болмайды. Бұл пайдалану кезеңіндегі қалдықтар.


Жауап: Коновалова Т.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ жетекші инженері

Біз мамандандырылған кәсіпорынмен шарт жасадық, ол бізге арнайы қораптар – медициналық қалдықтарды салуға арналған ыдыс береді, және кейін осы ыдысты қалдықтармен бірге алып кетеді. Шарт жыл сайын жасалады.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Жақсы. Соңғы сұрақ: СҚА (санитарлық қорғау аймағы) шекаралары бойынша 3-ЖЭО-да 1000м деп айттыңыз. Санитарлық қорғау аймағының шекараларын енді сыздыңыздар ма? Олар Сізде 1000 метрмен сәйкес келе ме, кім жауап бере алады? Прокуратураның тапсырмасы, жер комитетінің тапсырмасы бойынша, үкімет тапсырмасы бойынша сіздердің санитарлық қорғау аймағыңыздың нобайын сызуға тиіс болғансыз.


Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Олар баяғыда сызылған, СЭС-пен анықталған, бізде барлық объектілерімізге санитарлық қорғау аймақтарының жобасы бар.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Яғни сіздерде барлығы сәйкес келді ғой. Сіздердің ескі жабдықтарыңыздан шығатын шығарындыларыңыз километрден аса әсер етеді, сіздерде 1 километр болды ма?


Жауап: Семкина Т.А., НПЦЭС «Иртыш-Стандарт» ЖШС

СҚА-ын СЭС анықтайды, СҚА-ның бұл өлшемі ҚОӘБ-те де қабылданған.


Ескерту: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Жоқ, СЭС анықтамайды, сіздер өздеріңіз анықтауға тиіс едіңіз.


Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

СЭС өзінің қорытындысында СҚА-ның өлшемдерін де анықтайды. Барлық жобаларға СЭС-тің қорытындылары да алынды, сондай-ақ біз санитарлық қорғау аймақтарының жобасын әзірледік.


Ю.Ф. Павленкоға өтініш: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Сіздің ескертулеріңіз көп, оларды қарау үшін және жою үшін Сізден жазбаша түрде алғанымыз жақсы болар еді.


Жауап: Аяйбергенов А.А., Павлодар облысы бойынша экология департаменті

Жоқ-жоқ, Юрий Федоровичтің осы сұрақтарын хаттамада көрсетіңіздер және бізге қосып беріңіздер, сараптама кезінде бұлардың бәрін ескереміз.


Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Көрсетілген ескертулер үшін рахмет, біз барлығын ескереміз. Жобаны мемлекеттік экологиялық сараптамаға Сіздің ескертулеріңізді ескеріп ұсынамыз.


Сұрақ: Поух М.М., «Эком» ҚБ

Бір минутқа рұқсат етіңіздер, қайырлы күн барлықтарыңызға, менің 2 ғана сұрағым бар. Мен Вадим Юрьевичтен (Елохин) мынаны нақтылағым келеді, сіздерде барлығы қанша қазан бар? Сіздер қазір пайдаланғыңыз келіп отырған әдіс бойынша жұмыс істеп тұрған қазандар бар ма әлде жоқ па?


Жауап: Елохин В.Ю., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндірістік-техникалық басқармасы жылу механикалық жабдық жөніндегі бөлім бастығының орынбасары міндеттерін атқарушы

3-ЖЭО-да алты қазан орнатылған. Бұл әдіс бойынша бірінші қазан жұмыс істеуде.


Сұрақ: Поух М.М., «Эком» ҚБ

Бұл енді екінші қазан болады, сәйкесінше азот тотығы бойынша нәтижелер енді бар. Айтыңызшы, экономикалық бағыттылық бойынша және қоршаған ортаны қорғау бойынша нәтижелер қандай? Қаржылық қатынаста және шығарындыларды төмендету бойынша экономия бар ба?


Жауап: Елохин В.Ю., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндірістік-техникалық басқармасы жылу механикалық жабдық жөніндегі бөлім бастығының орынбасары міндеттерін атқарушы Шығарындыларды төмендету бар, ал экономия бойынша мен қазір атай алмаймын.
Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Бұл сұраққа менің қосқым келеді. Жоба дегенмен ерекшеленеді, ұқсастық бар, бірақ оттықтар мүлдем басқа типтегі, №1 қазанда бізде астыңғы үрлеу бар, үстіңгі үрлеу бар, бірақ оттықтар құйындық, бұл жерде тік ағысты оттықтар орнатылатын болады, яғни бұл біраз басқаша жоба.


Сұрақ: Поух М.М.Пух, «Эком» ҚБ

Құрметті осы кәсіпорынның қызметкерлері, менің сіздерге ұсынысым бар, бұл сіздер үшін аса маңызды емес екенін мен түсінемін, бірақ жария тыңдауын өткізу үшін, осының бәрін көрнекі көрген жақсы болар еді, ауызша айтылғанда бұл басқаша. Юрий Федоровичтің сайттағы ҚОӘБ-ті егжей-тегжейлі талдағаны өте жақсы, бірақ өкінішке орай жұмысбастылығына және тағы басқадай себептермен бәрінің мұндай мүмкіндіктері бола бермейді, осының барлығы: қанша шығарынды және қанша болатыны, қандай қалыпта төмендеуі қамтамасыз етілетіні және пайызы қандай болатыны слайдтармен көрсетілсе. Жария тыңдауы көрнекі болуға тиіс. Менің айтарым осы, көп рахмет.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Тағы бір кішкентай сұрақ: сұрақтарға регламент жоқ екенін бірден айтқым келеді. Бұл мен үшін өте маңызды, айтыңызшы, Сіз ЭҚЕ ресейлік стандарт бойынша жасады деп айттыңыз, ал егер сіздер бізге, Қазақстанға, жобалаушыларға өтініш жасағанда, олар электр қондырғылардың ережесімен пайдаланар ма еді әлде жоқ па? Бұл Сіздер үшін өте маңызды: релелік қорғау да, кабельдер де, өткізгіш сым да, сымдардың қимасы да, бұлардың барлығы сіздер үшін өте маңызды?


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Әрине, маңызды.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Ал егер осыны жобаласа, мен хаттамаға жазып қойғым келеді, егер сіздер 3-ЖЭО-ның бүгінгі қайта жаңартуын жобаласаңыздар, егер осы ЭҚЕ болмаса, Сіздер бұны жасай алар ма едіңіздер әлде жоқ па? Сіздер алдын ала жобалаушыларға тапсырма беруші едіңіздер, олар: «Кешіріңіздер, бізде ЭҚЕ жоқ, үкімет оны мүлдем тоқтатқан, біз сіздерге қайта жаңарту жобасын әзірлей алмаймыз. Бес жыл күте тұрығыздар!»- деп айтса. Осылай болуы мүмкін бе?


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Біз жобалаушылар емеспіз. Біз жобалаушы ұйым емеспіз. … Бұлай да болуы мүмкін.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Мүмкін! Сіздер қайта жаңартуды жүргізбес пе едіңіздер және ақша жоғалар ма еді?


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Біз тапсырмада барлығын айтып кетер едік, ресейлік стандарттар бойынша ЭҚЕ-ні және оны қолдану мүмкіншілігін зерделеп шығар едік. Шешімін табуға болады.

Тағы сөз сөйлейтіндер бар ма?
Выступление Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Мен Сіздердің қорқынышты цифрларыңызды қарап шықтым: судың шығыны 236 миллион, айналымдық судың шығыны дәл, демек әрі қарай, күл жою судың жалпы шығысы 5 миллион, тұтыну көлемі ауыз су 146 мың, техникалық суды тұтыну өсіп отыр, техникалық су 15 миллион, 3-ЖЭО-ның қажеттілігіне жұмсалатын техникалық су 263 миллион, көмірдің жылдық шығыны 2 миллион 400 мың, мазуттың шығыны 3324 тонна. Бұл қорқынышты цифрлар, олар біздің табиғатымызды жоюда, сондықтан осындай жылу электр орталықтары бізге керек пе?

Мен ойлаймын, егер барлық келісетіндер мен қарсы болатындарды алсақ, сіздердің ЖЭО сияқты жылу электр орталықтары керек емес. Бұл бірінші. Неге керек емес? Сіздердің 700 тоннаға жасап отырған осындай әр түрлі қайта жаңартуларыңыз, мен бұған ешқашан сенбеймін, тым құрғанда 100 тоннаға төмендетіңіздер, соның өзі керемет болар еді, мен мынаны ойладым: егер біз ақшамызды 2009 жылдан бері жинап келе жатсақ, 1 триллион теңгеден астам жинадық, ал Сіздер осындай азғантай ғана қайта жаңартулар жүргізіп жатырсыздар, мен ойымды сыртқа шығарып отырмын, мүмкін шынында да осында, Павлодарда тағы бір ең жаңа, қазіргі заманғы ЖЭО құрып, сіздерді ақырындап жапсақ, міне бұл тамаша болар еді.

ҚОӘБ-ке қатысты айтсам, онда бәрі жаппай қате, бұл толық дайындалмаған ҚОӘБ, және сіздердің ұйымдарыңыздың және сіздердің өндірістеріңіздің табиғатқа зияндылығына қатысты айтар болсақ, менің түсінігімше, сіздер әрі қарай қайта жаңарта бересіздер, әрі қарай біздің деректеріміз бойынша 80% тозған станциялар, жуыр арада олар 90%, ал одан кейін 100% тозады, 10 жылдан кейін сіздер мүлдем тоқтайсыздар, сондықтан сіздердің тозып отырғандарыңызды, келешекте бұрынғыдай бола алмайтындарыңызды және тағы сол сияқтыларды Үкіметке қалай да айту керек сияқты.

Мониторинг деген сөздерді ойлап тапқансыздар, ал бізде сонда да ауырулар өсіп отыр, жетер шегіне жетіп отыр, түсінесіздер ме. Бәрібір де біздегі шығарындылар өте қатты және осындай жабдықта жұмыс істеу – бұл қылмысқа тең. Сіздер табиғаттан ала бересіздер, көмірді көбірек жағатын боласыздар, ал көмір 60 жылдан кейін таусылады.

Қайда бара жатырмыз – белгісіз. Сондықтан мен сіздер Үкіметтен жылдамырақ баламалы энергия көздеріне көшуді сұрауларыңызды өтінемін. Сіздер бізге осындай лас күйлеріңізде керек емессіздер. Алдын ала бірден ескертемін сіздерге, келешек ұрпақ сіздерге, осындай лас өндірістерге мүдделі емес. ҚОӘБ-ке қатысты – мен, әрине, барлық өзгертулерді беремін, бірақ егер сіздер біздің ақшаға ҚОӘБ-ті осындай түрде жасасаңыздар, бұл жаман, бұл мемлекеттің ақшасы емес, бұл халықтың ақшасы – 1 триллион теңге. Сондықтан, белсендірек жұмыс жасаңыздар, осындай қатты ескертулер болмас үшін, неғұрлым білікті мамандарға жүгініңіздер.


Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Еік сөз айтуға бола ма. Бұның бәрі үлкен тебіреніспен айтылды, әрине, бірақ қазіргі уақытта Сіз де мен сияқты энергетиканы және ЖЭО-ның жылу және электр энергиясының қанша пайызын өндіретінін өте жақсы білесіз. Біздің мемлекетте және достастық елдерінің бір қатарында, батыста жаңартылатын энергия көздерінің саласында едәуір алға жылжыды, атап айтсақ, жел энергиясы, күн энергиясы, құйылмалы энергия және т.б.. бізде Қазақстанда бұл бағытта сондай –ақ жұмыс жүргізілуде, бірақ сіздің барлық айтқандарыңыз өте қысқа мерзімде бола қоймайды, ал біздің станцияның жабдығы жаңарып отырады, бірінші турбина жаңа, екінші турбина да жаңартылады, төртінші турбина қайта жаңартуға дайындалуда, келешекте қазандықтар біртіндеп қайта жаңартылатын болады, яғни әзірге біздің энергетиканы түбегейлі өзгертетін ештеңе ойлап шығарылған жоқ. Осыған келетін кезде – ақ, әрине, мәселені басқа тәсілмен шешетін боламыз, ал әзірше ЖЭО-ның сипаттамасын жақсартуға бағытталған жұмысты жүргізіп жатырмыз. Біздің де балаларымыз, немерелеріміз бар, біз де айналамыз экологиялық тұрғыдан алғанда таза болғанына мүдделіміз.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Айтыңызшы, Сіздің өндірістік ауруыңыз бар ма? Мен біздің өнеркәсіптік аймақта өндірістік аурулар жоқ деп естідім.


Жауап: Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Біз жыл сайын кәсіптік тексеруден өтеміз, өндірістік ауруларымыз жоқ.


Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Менің екі жаңалығым бар, жақсы және жаман. Жаман ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) адам, адамзат дәл осы электр магнитті сәуле шығарудан өліп қырылады деп айтты. Неге? Өйткені олар қазір 2007 жылы канцерогенмен электр магнитті сәуле шығаруды жасады, ол біздің денсаулығымызға, біздің ағзамызға және халыққа өте күшті әсер етеді. Жақсы жаңалық, біз Қазақстандағы және дүниежүзіндегі өте күрделі дағдарыстың алдында тұрмыз. Біз қуатты азғантай енгізетін боламыз, электр магнитті сәулелер азырақ болады, сөйтіп біз біраз өмір сүре аламыз. Бұл жақсы жаңалық. Ал жалпы, егер әрі қарай да ескі жабдықпен осылай дамитын болсақ, онда сіздердің жұмыскерлеріңіз Павлодардың халқы сияқты зейнетақылық жасқа жетпейді.


Төраға Верголяс А.Г., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженері

Қатысқандарыңыз үшін рахмет айтамыз! Жария тыңдау өткізілді деп санаймын. Жария тыңдауының нәтижесі жасалған ескертулер мен бүгінгі талқылаудан кейін түскен ұсыныстар ескеріліп, Хаттамамен ресімделеді. Сондай-ақ, жария тыңдауының хаттамасы Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөлімінің интернет –ресурсында тыңдау өткізілген күннен соң Жария тыңдауын өткізу ережесінде көзделген мерзімде жарияланатынын хабарлаймын.

Құрметті жұртшылық, Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөліміне жолдау арқылы сіздер Жария тыңдау хаттамасының мазмұны бойынша өздеріңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 7 күнтізбелік күннің ішінде беруге құқылысыздар.

Осымен жария тыңдауының күн тәртібі мәселелері тәмамдалды.


Жария тыңдауының төрағасы ______________________________ Верголяс А.Г.
Жария тыңдауының хатшысы _________________________________ Коновалова Т.В.
Қосымша:


  1. Жария тыңдауын өткізу туралы газетке берілген хабарландырудың көшірмесі;

  2. Жария тыңдауының материалдары (баяндамалар);

  3. Жария тыңдауға қатысушылардың тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет