1. Мектептің және сыныптың педагогикалық әрекетінде тәрбие жүйесінің мәні мен қызметін негіздеу



Дата21.10.2023
өлшемі16.56 Kb.
#481357
СРО-4-Тельман Фатима


1.Мектептің және сыныптың педагогикалық әрекетінде тәрбие жүйесінің мәні мен қызметін негіздеу.
2.Мектептің тәрбие жүйесін ұйымдастырушылар ретінде ондағы субъектілердің қызметін анықтап, сипаттау.
3.Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйелесінің құрылымын және олардың өзара байланысын негіздеу.
4.Сыныптың тәрбие жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы орта ретінде оны дамыту және ұйымдастыру жолдарын анықтап, мазмұндау.
5.Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, күнұзақ тобының тәрбиешісі, балалар, ата-аналар және мектептегі басқадай бірлестіктер мектептің жалпы тәрбие жүйесінде. Негіздеу.

Мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Тәрбие жұмысының ұйтқысы ретінде сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені мектептің тәрбие жұмысының жүйесі негізінен сыныптан бастау алады. Сондықтан да олар бір-бірімен өзара байланысты қарастырылады. Сыныпта оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, жағымды көңіл-күй жағдайын қамтамасыз етуі және т.б. сыныпта жүзеге асады. Яғни бала тұлғасының дамуында сынып тәрбиелеуші және дамытушы орта ретінде бірінші кезекте танылады.


Мектептің өзін-өзі басқару ұйымынын өкілдік қызметі де көбінесе сыныптың атынан жүзеге асады.
Олай болса, мектепте бала тұлғасының дамуына жағдай жасау және педагогикалық қолдау көрсету – бұл оның әрбір жас кезеңдеріне сай өзінің негізгі өмір сүру әрекетінің міндеттерін нәтижелі шешуге көмектесетін қарым-қатынас жүйесін жасау процессі болып табылады.

Мұғалім - педагогикалық процестің субъектісі. Өйткені ол мектептегі тәрбие мен оқыту жұмысын іс жүзінде жүзеге асыратын бірден-бір тұлға. Г.Лихтенберг «Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің мұғалімдер әзірлейді» деп, мұғалімдердің бала тәрбиесіндегі жетекші рөліне аса мән береді.


Сынып жетекшісі – оқушылардың сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және өткізумен айналысатын педагог және мектептің тәрбие жүйесіндегі бірден-бір басты тұлға.
Әлеуметтік педагог – балалар және үлкендермен әлеуметтік-мәдени және отбасы-тұрмыстық салада жұмыс істейтін арнайы маман. Оның құзыретіне жатады:
-оқушылар немесе тәрбиеленушілердің тұрғылықты мекен жайында, мекемелерде тәрбие, білім беру, дамыту мәселелерін және олардың тұлғасын әлеуметтік қорғауда кешенді іс-шараларды жүзеге асырады;
-оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін, олардың шағын ортасын, өмір сүру жағдайын зерттеп таниды;
-оқушылардың қызығушылығын және қажеттілігін, қиыншылығы мен проблемаларын, дау-дамай жағдайын, мінез-құлқындағы ауытқушылықты анықтайды және өз уақытында оларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді;
Әлеуметтік психолог – педагог маман, оның міндетіне жатады:
-балалар мен жасөспірімдердің психологиялық тұрғыдан денінің саулығы мен дамуының қамтамасыз етілуіне;
-бала тұлғасының дамуына кедергі болатын жағдайларды анықтау;
-балалар мен жасөспірімдерге психологиялық профилактика, психологиялық диагностика, психологиялық корекция, психологиялық кеңес беру және сауықтыру жұмыстарын жүргізеді.
Мектеп әкімшілігі – қойылған мақсатқа сай білім беру мекемелері ұжымының әртүрлі әрекеттерін басқарушы және ұйымдастырушы педагогикалық әрекеттің субъектлері.
Оқушылар – оқу-тәрбие әрекетінде, өзара қарым-қатынасында өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынған белсенді әлеуметтік топ.
Ата-аналар – баланың отбасын құрайтын ең жақын туыстары (әкесі, анасы). Олар баланы туған кезінен бастап тәрбиелейді, кәмілетке толып ержеткен шағына дейін рухани және материалдық жағдайының жақсы болуына қамқор болады.

Жүйедегі бірінші компонент – мақсат пен идея - бұл мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесінің қалыптасуында, өмір сүруінде, және дамуында жетекші және оның басқа компоненттерін кіріктіруші басты факторы болып есептеледі. Өйткені мақсатсыз тәрбие жүйесін көзге елестету мүмкін емес, мақсатсыз қандай да бомасын тәрбиелік әрекет өзінің маңызын жояды, сондықтан да ол жүйеде маңызды сипатқа ие болып, оның бағытын анықтайды. В.А.Сухомлинскийдің пікірінше, оқу мекемелері, оның қабырғасы оқушыларды тәрбиелеуі мүмкін, бірақ та онда мақсатың болмауы, педагогтардың әрекеттерінің бытыраңқы және олардың тәрбиеде қабілетсіз болуын тудырады дейді.


Жүйедегі екінші компонент – іс-әрекет және қарым-қатынас. Педагогикалық әрекетте мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы жүйе құрушы іс-әрекетті, оның тәсілдері мен формаларын анықтаумен байланысты болады. Іс-әрекет тәрбие жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді.
Жүйедегі үшінші компонент – балалар мен үлкендердің бірлескен ұжымы – бұл мектептің тәрбие жүйесін дамытуда маңызды жағдай болып саналады. Яғни, тәрбие жүйесінде олардың бірлескен іс-әрекеті гуманистік тәрбиенің негізгі идеясы адамдарға деген жағымды қарым-қатынасты дамытуға алып келеді. Бұндай қарым-қатынас жүйенің тәрбиелік күшін жандандырады. Тәрбие жүйесіндегі субъектілердің өзара әрекеттесуінің сипаты мен формасы мектеп ұжымының даму деңгейіне сәйкес болуы тиіс.
Жүйедегі төртінші компонент – бұл мектеп ұжымының меңгеретін ішкі және сыртқы ортасы (тәрбиелеуші орта). Орта - өмір сүруші кеңістік ретінде болады. Онда тәрбие жүйесінің мақсаты, міндеттері және оған қатысушылардың ойлары жүзеге асады. Дегенмен мектепті қоршаған барлық әлеуметтік және табиғи орта тәрбиелеуші орта бола алмайтынын есте сақтау қажет. Оның тек мектеп ұжымының меңгерген бөлігі ғана тәрбиелеуші ортасы бола алады.
Жүйедегі бесінші компонент - тәрбиелік жүйені басқару. Тәрбие жүйесін басқару негізінен мұғалімдердің ұйымдастырушылық жағдайымен сипатталады. Ол үшін, ең алдымен тәрбие жұмысының тұжырымдамасын жасау қажет. Онда негізгі идеялардың жиынтығы көрсетіліп, содан кейін тәрбие жүйесінің үлгісі ұсынылады. Ең бастысы, тәрбие жүйесінің мақсаты мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар тарапынан жете түсінілуі және қабылдануы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет