Білім беру ұйымының атауы
|
«Құмтүйін» жалпы орта мектебі
|
Пәні:
|
Қазақ тілі
|
Бөлім:
|
ІХ бөлім. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология.
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Г.Отарова
|
Күні:
|
|
Сынып: 7
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Дара тұлға –Бауыржан Момышұлы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
7.2.4.1 мәтін тақырыбы,сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;
7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Мәтін тақырыбын анықтап,сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды және оқшау сөздердің қызметін түсініп,ажыратады.
|
Бағалау критерийі
|
Мәтін тақырыбын табады және сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды. Оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажыратады.
(қолдану)
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
І. Ынтымақтастық орнату: Сәлемдесу, шаттық шеңберін құру.
ІІ. Топқа бөлу: Қоржындағы түрлі-түсті фигуралар алу арқылы үш топқа бөлу.
1-топ. Қаһарман
2-топ. Қаламгер
3-топ. Азамат
ІІІ. Үй тапсырмасын «Миға шабул» әдісі арқылы пысықтау.
IV. «Болжау»әдісі:
Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында түрлі проблемалық сұрақтар құрастырады.Тақтаға өтілетін тақырыпқа байланысты сурет көрсетіліп, өз көзқарастарын анықтап,оқу мақсатына сәйкес жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар өздері анықтайды.
|
Оқушылар өз жауаптарын ұсынады
Оқушылар түсті фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді.
Тақырып бойынша жеңіл сұрақ,
күрделі сұрақ құрастыру
Басқа топтардың сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар көрсетілген суреттерге қарап,тақырыпқа қатысты түрлі болжамдар келтіріп,тақырыпты анықтайды.
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
|
Мұғалім презентациясы.
|
Жаңа білім
Сабақтың ортасы
|
Оқылым. Оқушылар мәтінді оқып шығады,негізгі ойды анықтай отырып,тақырыбын қояды, сосын мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Ой қозғау» әдісі.
Бауыржан Момышұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
Бауыржан Момышұлы тәрбиесінде ең ерекше орын алған тұлға?
Б. Б.Момышұлының қандай қасиеттерін өз бойларыңнан көргілерің келеді?
Б.Момышұлының нақыл сөздерінің қазіргі таңдағы маңыздылығы қандай?
Соғыстағы ерлігі?
Майдангер жазушының қаламынан туған шығармалар?
( оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған, мәтінге байланысты бірнеше деңгейлік сұрақтарға жауап береді. Мәтінге әркім ойлап таба алмайтын креативті атау береді және Б.Момышұлының қазіргі қоғам үшін қандай пайдасы бар?деген сұраққа креативті тұрғыда жауап береді.)
Деңгейлік тапсырма. «Кластер» әдісін қолданып, мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, оқушылар өз ойыларын ортаға салып,жан-жақты ізденеді.
І-деңгей . Бауыржан Момышұлының
өмірбаянын
ІІ-деңгей. Бауыржан Момышұлының
соғыстағы ерлігін
ІІІ-деңгей. Бауыржан Момышұлының
еңбектерін
(оқушыларды деңгейлеріне сай топтастырамын және деңгейіне қарай тапсырма беремін.Топтың қарқынын ескере отырып, қосымша уақыт беремін.)
(Сыныпта білім алу сипатында ,қабылдау ,игеру кезінде жеке білім беруді және қосымша көмекті қажет ететін оқушыма қажеттілігіне қарай тапсырма беремін.
|