1-мәтін Мәңгілік Ел идеясы


-мәтін Теледидар – тәрбие құралы



бет5/5
Дата24.02.2022
өлшемі24.11 Kb.
#455715
1   2   3   4   5
9-сынып, мәтін

2-мәтін
Теледидартәрбие құралы
Әрине, теледидардың өзі ештеңе емес екені анық. Тек онда болып жатқан бағдарламалар мен фильмдер маңызды. Бүгінде әлемнің қайда бара жатқанын аядай теледидардан үйде отырып-ақ болжай алатын дәрежеге жеттік. Біздің ертеңіміз бен болашағымыз саналған жас ұрпақты да осы қара жәшіктің тәрбиелеп жатқаны тағы рас. Әлемдік саясат пен әлеуметтік мәселелер, мәдениет пен өнер, спорт пен жарыстар барлығы дерлік осы қара жәшіктің ішінде жүріп жатқандай күй кешетініміз шындық.
Теледидардың пайдалы не зиянды екенін одан шығатын зиянды энергиялар мен сәулелерден іздегеніміз дұрыс-ақ. Бірақ оның басты пайдасы мен зияны онда көресетіліп жатқан телеөнімдермен тікелей байланысты. Әсіресе, теледидардың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. «Ана тілі» газетінде жарияланған Анар Дүйсенбайқызының «Мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсері қандай?» атты мақаласындағы: «Американдық зерттеушілер теледидар көрермендерінің басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екенін дәделдеген. Олардың пікіріне назар аударсақ, әр бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экран алдында өткізеді екен. Осыған орай, зерттеушілер баланың мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенге дейін 19 мың сағат теледидар алдында отыратынын да дәлелдеген. Сонымен қатар, шамамен балаларымыз күніне 17 өлім, 37 мейірімсіздікке толы көріністерді көреді екен. Осыдан-ақ өз балаңыздың дүниетанымы мен жүйке жүйесінің қалыптасуына теледидардың қаншалықты әсер етіп жатқанын аңғаруға болады. Бүлдіршіндердің теледидардан көріп тамашалайтын туындылардың басым бөлігін мультфильмдер құрап отыр…
Күні кеше Елбасының тікелей тапсырмасымен Ақпарат және байланыс министрлігі құрылған болатын. Аталған министрлік телеарналардағы бейберекет телеөнімдерге қарсы қандай шаралар қолданып жатқанын алда көре жатармыз. Коммерциялық, жекеменшік арналарды былай қойғанда, ең алдымен бюджеттен тікелей қаржы алып, мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған телеарналарды бақылауда ұстау өте маңызды. Әйтпесе, бірер жылда пұтқа табынатын ұрпақтың өсіп шығуы да ғажап емес. Одан кейін: «Ұрпаққа кім үлгі боп жүр?!» деп сұрақ қоюдың өзі кеш боп қалады.
Тапсырма.
Мәтіндердегі ақпараттарды пайдалана отырып «Егер мен журналист болсам...» тақырыбында эссе жазыңыз. Көлемі 180-200 сөз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет