1. Мәтіндік өндірістік нормативтік құжаттарды дайындау технологиясы



Дата19.10.2023
өлшемі28.77 Kb.
#481156
Реферат (копия)


Жоспары:

Кіріспе………………………………………………............................................3


Негізгі бөлім.........................................................................................................4-7
1. Мәтіндік өндірістік нормативтік құжаттарды дайындау
технологиясы …………………………………………………………………...5-4
1.1 Салалық стандарттар………………...............................................................6
Қорытынды.............................................................................................................7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................8

Кіріспе
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.



  • кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап атал- ған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.

  • кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жұмыс ының құқықтың статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгер- ту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін үлттың стан- дарттау жүйесі етіп қайта құру.

  • кезең - ңорытынды, яғни стандарттаудың үлттық жүйесін қалыптастыруды аяңтау. Бұл жүйені мемле- кеттік емес үйымдар басқаруға тиісті жене жүйе ерікті қолданылатын үлттық стандарттарға негізделеді.

-3-


  1. Мәтіндік өндірістік нормативтік құжаттарды дайындау технологиясы

Мәтіндік өндірістік құжаттары жалпы стандарттау, метрология жөне
сертификаттау жөніндегі нормативтік мәтіндік құжаттардың және негізінде тұтас мәтіннен тұратын, конструкторлық кұжаттардың жинактамасына кірмейтін техникалық шарттарын қамтиды.
Мәтіндік өндірістік құжаттары ережелері мемлекеттік басқару органдарымен, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, қоғамдық мекемелер және бірлестіктермен, конструкторлық құжаттардың жинақтамасына кірмейтін техникалық шарттар мен нормативтік мәтіндік құжаттарды (ары қарай мәтіндік құжаттар) әзірлеу жұмыстарында катысатын, ұйымдастыру-құқықтық нысандарынан тәуелсіз заңды және жеке тұрғалармен қолданылады.
Мәтіндік құжаттарға келесі санаттардың стандарттау, метрология жөне
сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттары (ары қарай - стандарттау жөніңдегі нормативтік кұжаттар) жатады:
-мемлекеттік және мемлекетаралық стаңдарттар;
-ұйым стандарттары;
-техникалық - экономикалық және әлеуметтік ақпараттың сыныптауыштары;
- техникалық шарттар;
- стандарттау, метрология жөне сертификаттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстар.
Мәтіндік нормативтік құжаттарды құру әдістемесі ұйымдастырушылық-реттеуші құжаттамаларының, нұсқаулардың,бұйрықтардың, үкімдердің, хаттамалардың және т.с.с. құжаттамалардың үлгілеріне де таратылады.
Мәтіндік өндірістік құжаттарының құрылуына, баяндалуына, ресімделіне және мазмұнына жалпы талаптар төмендегілер үшін былайша белгіленді:
- мемлекеттік және ұйым стандарттары - ҚР СТ 1.5;
- техникалық - экономикалық және әлеуметтік ақпараттың
сыныптауыштары - ҚР СТ 5.1;
- конструкторлық құжаттар жинақтамасына кіретін техникалық
шарттар - МСТ 2.105, МСТ 2.114;
- стандарттау, метрология жене сертификаттау жөніндегі ережелер
мен ұсыныстар - ҚР СТ 1.5;
- конструкторлық құжаттар жинақтамасына кірмейтін техникалық
шарттар - МСТ 2.105.
-4-
Мәтіндік құжаттарда рұқсат етілмейді:
- егер оның астына мәтіннің тек бір жолын орналастырса, парактың төмен жағына бөлім және (немесе) бөлімше атауын орналастыру;
- стандартқа сілтеген кезде белгілерсіз құжат индексін, олары бар құжаттардың баска түрлері мен санаптарын келтіру және де әр түрлі парақтар немесе жолдарда құжат белгісі мен индексін сыйғызу.
Парақтарды бүлдіру, түзетілген жерлер, толық жойылмаған бұрынғы мәтінің іздері болмау тиіс.
Бір бетке бестен көп емес түзетулер рұқсат етіледі.
Түзетулерді енгізгеннен кейін мәтіндік құжаттар репрография тәсілімен тиісті сапалы көшірме дайындау мүмкіндігін камтамасыз етуі тиіс.
Мәтін шегіндегі бастапқы жол басындағы бос жер бірдей және бес белгіге тең болу тиіс.
Құжаттарды машина басу және машина тәсілдерімен орындаған кезде мәтіннің ақ шеті келесі мөлшерде болуы тиіс: жоғарғы, төмен, сол жағы - 2,5; оң жағы-1,5. Колонтитул аралағы шетінен - 1,25 (бар болса).
Мәтіндік құжаттар 210x297 (А4), 148x210 (А5), 297x420 мм (АЗ) форматымен, ал негізделген жағдайда(оларды сыйғызуға ж.т.б. үлкен көлем талап ететін күрделі кестелік материал, кесте бар болса) - 297x420 (А4х2) форматымен басып шығарылатын құжаттар талаптарына сәйкес тәсілдермен басып шығарылады. Басып шығару кажеттелігі мәселері мен техникалық шарттарды басып шығару тәсілдерін, баспа форматтарын техникалық шарттар түпнұсқасы иесі дербес анықтайды. Қолдан көшіру әдісімен көшірмелерді дайындау рұқсат етілмейді
Мәтіндік өндірістік құжаттары ретінде конструкторлық кұжаттардың жинактамасына кірмейтін техникалық шарттарының құрылымы келесі элементтерден тұрады:
- титул парағы;
- мазмұны;
- атауы;
- қолдану саласы;
- нормативтік сілтемелер;
- анықтамалар;
- белгілер мен қысқартулар;
- талаптар;
- қосымшалар.
-5-
1.1 Салалық стандарттар
Өнеркәсіп стандарттарын (OST) мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде салалық маңызы бар өнімдерге, жұмыстарға және қызметтерге қатысты әзірледі және қабылдады. Бұл органдардың құзыреті олар туралы ережелермен анықталды. Мысалы, Ресей Федерациясының теміржол министрлігі туралы ереже пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған теміржолдарды техникалық пайдалану және тасымалдау шарттары туралы бірыңғай нормативтік құжаттарды, соның ішінде OST-ны бекітуді көздейді.
Салалық стандарттар (мемлекеттік стандарттар сияқты) екі объектіге арналған: 1) ұйымдастырушылық, техникалық және жалпы техникалық объектілер; 2) өнімдер, процестер мен қызметтер. Бірақ OST нысандары салалық маңыздылыққа ие.
Ұйымдастырушылық, техникалық және жалпы техникалық құралдардың мысалдары:

  • салалық стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

  • саладағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

  • өнеркәсіптік қолдануға арналған бұйымдардың стандартты өлшемді сериялары және типтік конструкциялары (арнайы бекітпелер, құралдар) және т.б.

OST объектісі ретінде өнеркәсіптік маңызы бар өнімдердің мысалдары: балық өнімдеріне арналған картон қораптар (жалпы картон қораптар ГОСТ объектілері болып табылады); ет және сүт кәсіпорындарының жұмысшыларына арналған жұмыс аяқ киімдері (ал былғары және резеңке аяқ киімдер ГОСТ тақырыбы болып табылады).
OST стандартты қабылдаған мемлекеттік басқару органына бағынатын кәсіпорындар қолданады. Бірақ OST талаптарын міндетті түрде орындау шарты оған сілтемені келісімшартқа немесе өнімді өндірушінің (жеткізушінің) техникалық құжаттамасына енгізу болып табылады. Басқа кәсіпкерлік субъектілері OST-ті ерікті негізде қолданады.
Салалық стандарттың белгіленуі индекстен (OST), министрліктің (ведомствоның) символынан, тіркеу нөмірінен және стандартты сызықшамен бөлінген жылдың соңғы екі санынан тұрады. Мысалы, OST 56-98-93 белгілеуінде «Негізгі ағаш және бұта түрлерінің көшеттері мен көшеттері. Техникалық шарттар »нөмірі 56 OST-ны мақұлдаған Федералдық орман шаруашылығы қызметінің белгісін білдіреді.

-6-
Қорытынды


Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттiк және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады. Мемлекеттiк стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

-7-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет. ISBN 9965-35-325-5

  2. Info.metrologu.ru


-8-

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет