ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-22-1-_____/ 01-2014
|
ПОӘК
Пәннің оқу-әдістемелік материалы
«Аңшылық шаруашылығда табиғатты қорғау»
|
№2 басылым 11.09.2014
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Аңшылық шаруашылығында табиғатты қорғау
5В080300 – «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2015
МАЗМҰНЫ:
1 Глоссарий
2 Дәрістер
|
3 Зертханалық сабақтар
|
4 Курс жұмысы (жоба)
|
5 Суденттің өздік жұмысы
|
-
ГЛОССАРИЙ
1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;
2) аншлаг – аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
3) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;
5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi;
6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
7) аңшылық иттердің ұлттық тұқымы – Қазақстан Республикасының аумағында халықтық селекциялық әдіспен алынған және әдетте әуесқойлық (спорттық) аңшылықта қолданылатын тазы, төбет тұқымы;
8) аңшылық олжа – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары;
9) аңшылық шаруашылығы – аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
10) аңшылық шаруашылығының санаты – аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бiрлiгi;
11) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;
12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті – жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат;
13) аушы жыртқыш құс – аңшылықта пайдаланылатын бүркіт, сұңқар және қаршыға;
14) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
15) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
16) балық аулау олжасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары;
17) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;
18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама – уәкілетті орган белгілеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;
19) балықтарды қорғау құрылғысы – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға арналған құрылғы;
20) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;
23) балық өсіру – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;
24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;
26) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
28) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
29) балық шаруашылығын ұйымдастыру – балық өсіру-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, абаттандыру, балық шаруашылығын жүргізу жоспарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергеннен кейін пайдаланушы жүргізетін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорын ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және оның деректерін нақтылау;
30) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
31) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат;
32) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
33) дериват – жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;
34) аң-құс өсіру – аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектілерінің өсіруі;
35) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);
36) жануардың бөлігі (бұдан әрі – бөлік) – жануардың түрін танып білуге мүмкіндік беретін оның денесінің бір бөлігі;
37) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
38) жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;
39) жануарлар дүниесі объектілерін алу – табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
40) жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру – жануарлар түрлерін ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда ұстау және өсiру;
41) жануарлар дүниесiн қорғау – жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша шұғыл ден қоюсыз құқықты шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқықты шектеу сипатындағы, оның ішінде шұғыл ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесінің түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану;
46) жануарлар дүниесiн пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану;
47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат;
48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
49) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян – жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян;
50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы – жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы;
51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы – жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн табиғи орта;
52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау – табиғи еркiндік жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет;
53) жануарлар дүниесi объектiсi – жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;
54) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;
55) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру;
56) жануарлар түрлерінің өсімін молайту – жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи көбеюі және оларды жасанды өсіру;
57) жерсіндіру – жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өз маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу;
58) жолдама – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (біржолғы немесе маусымдық);
59) зоологиялық коллекция – жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердің, океанариумдердің жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы;
60) ихтиофауна – қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;
61) кәсіпшілік қор – дербес кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;
62) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;
63) криоконсервіленген жыныс клеткалары – жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөліп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;
64) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілеттік берілген тұлғасы;
65) қорықшы куәлігі – қорықшының құқықтарын куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;
66) қорықшылық қызмет – аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
67) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;
68) өзен (теңіз, көл) бассейні – су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;
69) рекреациалық балық аулау аймағы – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;
70) сервитут – аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;
71) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, бағалы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлық өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу;
72) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;
73) сүзу – жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;
74) тыныштық аймағы – жануарлар дүниесін сақтау немесе қалпына келтіру үшін ерекше маңызы бар, шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру қызметі айқындайтын, оның шеңберінде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ;
75) уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар) – жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
76) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;
77) уылдырық шашатын орын – балықтардың уылдырық шашатын орны;
78) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;
79) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарды бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, аңшылық шаруашылықтарының шекаралары мен санаттарын белгiлеу, алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн айқындау;
80) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар кешені.
2. Дәрістер
Модуль 1. Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі..
1 дәріс: Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі.
Жоспар.
-
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минмистірлігі орман және аңшылық шарушылғы комитеті.
-
Орман және аңшылық шаруашылығының ережесімен құрылымы.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минмистірлігі орман және аңшылық шарушылғы комитеті.
-
Орман және аңшылық шаруашылығының ережесімен құрылымы
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Беркинбай О. Қазақстан құстары. Алматы, 2006.
-
Колосов А.М и др. Биология охотничье промысловых птиц СССР. М.,1983.
-
Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Д., Беркінбай О. Қазақстан сүтқоректілері. Алматы, 2006.
-
Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Д., Беркінбай О. Қазақстан хайуанаттары. Алматы, 2006.
-
Красная книга Казахстана Алматы, 1996.
-
Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігі,қоғамдық қаупсіздік департаментінің (Браконьерлікке,аң аулау мен балық аулау тартібін бұзушылықтарға қарсы күрес жургізуде ішкі істер органдары мен табиғатты қорғау органдарының өзара іс қимылының тимділігін арттыру жөніндегі шаралар) туралы бұйрық.
-
Жануарлар дүниесін қоғау, өсімін молайту жане пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі заңна сайкес Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемілекеттік қорғау ережесі туралы қаулы.
-
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі орман жане аңшылық комитеті төрағасының 2004 жылғы 16 қараша №243 аңшылық шаруашылық ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже туралы бұйрығы.
-
Қазақстан Республикасы ауыл шарушыдығы министрлігінің 2003 жылғы 29 тамыздағы №457 Орман,балық жане аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уакілетті органдардың жане олардың аумақтық органдарының лауазымды тулғалары өсімдік жане жануарлар дүниесін қорғауға мемілекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша НҰСҚАУЫ туралы бұйрығы.
2 дәріс: Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы.
Жоспар.
-
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы жануарлар әлемін (балық және өзгеде су жануарларынана басқа) қорғау, өсіру және пайданалу, өсімдік және жануарлар әлемін пайдалану және сақтау, орман шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы қызметтерді жүзеге асыру.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы жануарлар әлемін (балық және өзгеде су жануарларынана басқа) қорғау, өсіру және пайданалу, өсімдік және жануарлар әлемін пайдалану және сақтау, орман шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы қызметтерді жүзеге асыру.
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Беркинбай О. Қазақстан құстары. Алматы, 2006.
-
Колосов А.М и др. Биология охотничье промысловых птиц СССР. М.,1983.
-
Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Д., Беркінбай О. Қазақстан сүтқоректілері. Алматы, 2006.
-
Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Д., Беркінбай О. Қазақстан хайуанаттары. Алматы, 2006.
-
Красная книга Казахстана Алматы, 1996.
-
Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігі,қоғамдық қаупсіздік департаментінің (Браконьерлікке,аң аулау мен балық аулау тартібін бұзушылықтарға қарсы күрес жургізуде ішкі істер органдары мен табиғатты қорғау органдарының өзара іс қимылының тимділігін арттыру жөніндегі шаралар) туралы бұйрық.
-
Жануарлар дүниесін қоғау, өсімін молайту жане пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі заңна сайкес Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемілекеттік қорғау ережесі туралы қаулы.
-
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі орман жане аңшылық комитеті төрағасының 2004 жылғы 16 қараша №243 аңшылық шаруашылық ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже туралы бұйрығы.
-
Қазақстан Республикасы ауыл шарушыдығы министрлігінің 2003 жылғы 29 тамыздағы №457 Орман,балық жане аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уакілетті органдардың жане олардың аумақтық органдарының лауазымды тулғалары өсімдік жане жануарлар дүниесін қорғауға мемілекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша НҰСҚАУЫ туралы бұйрығы.
Модуль 2. Қазақстанныі аңшылар мен балық аулау бірлестіктері.
3 дәріс: Қазақстанныі аңшылар мен балық аулау бірлестіктері.
Жоспар.
-
Облыстық аңшылар мен балық аулау бірлестіктері.
-
Әртүрлі меншіктегі аңшылық шаруашылықтар. Казохотрыболовсоюз.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Облыстық аңшылар мен балық аулау бірлестіктері.
-
Әртүрлі меншіктегі аңшылық шаруашылықтар. Казохотрыболовсоюз.
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Беркинбай О. Қазақстан құстары. Алматы, 2006.
-
Колосов А.М и др. Биология охотничье промысловых птиц СССР. М.,1983.
-
Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Д., Беркінбай О. Қазақстан сүтқоректілері. Алматы, 2006.
-
Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Д., Беркінбай О. Қазақстан хайуанаттары. Алматы, 2006.
-
Красная книга Казахстана Алматы, 1996.
-
Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігі,қоғамдық қаупсіздік департаментінің (Браконьерлікке,аң аулау мен балық аулау тартібін бұзушылықтарға қарсы күрес жургізуде ішкі істер органдары мен табиғатты қорғау органдарының өзара іс қимылының тимділігін арттыру жөніндегі шаралар) туралы бұйрық.
-
Жануарлар дүниесін қоғау, өсімін молайту жане пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі заңна сайкес Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемілекеттік қорғау ережесі туралы қаулы.
-
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі орман жане аңшылық комитеті төрағасының 2004 жылғы 16 қараша №243 аңшылық шаруашылық ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже туралы бұйрығы.
-
Қазақстан Республикасы ауыл шарушыдығы министрлігінің 2003 жылғы 29 тамыздағы №457 Орман,балық жане аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уакілетті органдардың жане олардың аумақтық органдарының лауазымды тулғалары өсімдік жане жануарлар дүниесін қорғауға мемілекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша НҰСҚАУЫ туралы бұйрығы.
4 Дәріс. Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісінің мәні. Қолданылатын терминдер мен түсініктемелер.табиғатты қорғау инспекторлық ісінің этаптары. Инспекторлық реидттік іс. Бұқаралық ақпарат құралдарымен (республикалық, облыстық және аудандық) жұмыс істеу. Жергілікті тұрғындарға табиғатты қорғау бойынша үгіт насихат жүргізу. Табиғатты қорғау респонденттер жүйесін құру.
5 Дәріс. Броконерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күресте ішкі істер органдарының табиғатты қорғау органдарымен өзара әрекетті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі істер органдары қызметінің мақсаттары.
6 Дәріс. Броконерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ішкі істер органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекетін ұйымдастыруды жалғастыру.
7 Дәріс. Бракеньерлікке, аңшылық пен балық аулау ережелерін бұзушылыққа қарсы күресте бірлескен жұмыстың жоспары мен есебі. Республика, облыс, аудан аумағындағы бракеньерлікке және басқа да табиғатты қорғау заңнамасының бұзушылықтарына қарсы күрестегі әрекеттестіктің маңызды формалары. Іс-шаралар жиынтығын әзірлеу мен бекіту. Алдыға қойылған мақсаттарды орындау.
8 Дәріс. Бракеньерлікке қарсы күрестің түрлері мен әдістері. Аңшылық пен балық аулау ережелерін бұзушылықтар, ағаштар мен бұталарды таңсыз шабу фактілерін, және онарды жасаған адамдарды анықтау. Әкімшілік, қылмыстық әсер етеу шаралары. Жануарлар және өсімдік әлеміне келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету. Аңшылық пен балық аулау ережелерін бұзушылықтты алдын алу ретінде жалпылама-түсіндірмелік және тәрбиелік жұмыс жасау.
9 Дәріс. Бригаданың нұсқаунамасы. Бригаданың рейдке жүруі (шығуы, ұшуы) алдында оның қатысушыларымен нұсқаунама жүргізу. Нұсқаунаманы жүзеге асыратын қызметкерлер.
10 Дәріс. Бракеньерлерді ұстау бойынша бригада қатысушыларының әрекеті. Бригаданың браконьерлерге жақындаудың тәртібі мен ережелері. Бас салу кезінде кездейсоқ тығындықты қамтамасыз етудің маңызы. Жасырын жақындауды қамтамасыз ететін және қолданылатын әдіс амалдар мен құрал жабдықтар.
11 Дәріс. Оқиға орнын тексеру аңшылық пен балық аулау ережелерін бұзушылықтардың, ағаштар мен бұталарды заңсыз шабу дәлелдерін бекіту. Оқиға орнында болған қызметкердің іс қимылдары. Оқиға орнын және соған кіретін жақын маңды тексеру. Қылмыс белгілері. Аулауға мүлдем тиым салынған аңдар мен құстарға қорықтарда заңсыз аулау. Жарылғыш немесе химиялық заттар, электротоқты, өзі жүретін жүзу көлігінің көмегімен аңшылық жасау және балық аулау. Заң бұзушылықты көргендерді анықтау және олардың жеке басының деректерін бекіту бойынша шаралар қабылдаудың қажеттігі (тектері, аттары, әкелерінің аты, тұрғылықты жерлері).
12 Дәріс. Ағаштар мен бұталарды шабу анықталғанда жүргізілетін шаралар. Ағаштар мен бұталарды шабу бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу. Ағаштар мен бұталарды шабудың заңды екенін тексеру. Ағаштар мен бұталарды шабуға тиісті рұқсаттың болуы (орман шабу билеті, орман шаруашылығы органы мен берілетін ордер)
13 Дәріс..Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ереже. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау туралы ереже. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және қалпына келтіру саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның құрлымы.
14 Дәріс. Жануарлар дүниесін қорғаудың міндеттері мен функциялары. Жануарлар дүниесін қорғау өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу. Жануарлар дүниесін қорғау өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері жөніндегі ақпаратты, талап, арыздарды және өзгеде материялдарды уәкілетті қорғау және сот органдарына жіберу.
15 Дәріс. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың ұйымдық құрлымы. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау. Жануарлар дүниесінің өсімін молайту және пайдалану мәселелерімен айналысатын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері.
3.Зертханалық сабақтар.
-
Орман, балық аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың және олардың аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары өсімдік және жануарлар дүниесін қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырыу бойынша нұсқауы.
-
Табиғатты қорғау заңнамасындағы бұзушылықтарды жою. Кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қорғау және құжаттарды рәсімдеу тәртібі.
-
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастырыу тәртібі.
-
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылардың атқарылуы, оларды шағымдану және наразылық білдіру.
-
Бұзушылықтарды, заң бұзушылардан алынып қойылған заңсыз табиғатты пайдалану құрал саймандары және өнімдерді тіркеу Журналы, бланктерді сақтау, беру және есептеу тәртібі.
-
Табиғатты қорғау заңнаманы ұстауды тексеру кесімі.
-
Орман, балық аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бұзушылықты жою бойынша міндетті түрдегі ұйғарым.
-
Әкімшілік ұстау туралы хаттама.
-
Жеке тексеріс жеке тұлғада болған заттардың тексерісі туралы хаттама.
-
Көлік құралдарының кіші мөлшердегі кемелердің тексерісі туралы хаттама.
-
Орман аңшылық және балық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және орман, аңшылық және балық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қосымша бет.
-
Жеке, заңды тұлғаларында болған, құқық бұзушылық құрал саймандары және обьектісі болып табылатын заттарды және құжаттарды алып қою туралы хаттама.
-
Заңды тұлғаға аумақтарды, ғимараттарды, тауарларды өзгеде мүлікті, сондай-ақ сәйкесті құжаттарды тексеру туралы хаттама.
-
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы.
-
Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиімінде бұзушылықты тіркеу және алынып қойылған заңсыз табиғатты пайдалану құрал саймандарын заңсыз олжаланған өнімдерді есептеу журналы.
-
Аңшылық шаруашылық ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже.
-
Қорықшылық қызметтің ұйымдық құрлымы.
-
Қорықшылық қызметтің негізгі міндеттері мен функциялары.
-
Қорықшылық қызметтің құжаттамасы.
-
Қорықшылық қызметті жарақтандыру.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
СӨЖ № 1
Тақырыбы: Тәбиғатты қорғау заңнаманы ұстауды тексеру кесімі.
Жоспар:
Әдебиеттер:
1.
.
СӨЖ № 2
Тақырыбы: Орман,балық жане аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша міндетті түрдегі ұйғарым.
.
Жоспар:
Әдебиеттер:
1.
СӨЖ № 3
Тақырыбы: Әкімшілік ұстау туралы хаттама.
Жоспар:
-
Әдебиеттер:
1.
СӨЖ № 4
Тақырыбы: 4.Жеке тексеріс,жеке тұлғада болған заттардың тексерісі туралы хаттама.
Жоспар:
-
.
Әдебиеттер:
1.
.
Достарыңызбен бөлісу: |