1. Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпорындар қызметінің теориялық негіздері



бет5/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#205264
1   2   3   4   5

Қорытынды

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың дамуы мен табысты жұмыс жасауына мүдделіліктің жоғары болуы олардың экономиканы дамыту мен экономикалық өсімге жетуде ғана емес басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі маңыздылығымен байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18-ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру мәселесі қозғалды. Сонымен бірге, Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде , үстіміздегі жылғы жолдауда да шағын кәсіпкерліктің маңыздылығына тоқталып, оны дамыту жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылу қажеттілігі айтылды.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңына сәйкес, заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан, активтерінің орташа жылдық құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады . Көрсетілген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар шаруашылық серіктестіктер немесе өндірістік кооператив нысанында өз қызметін жүзеге асыра алады.

Еліміз экономиканы жедел дамытуда, жоғары экономикалық өсімге қол жеткізуде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен кәсіпкерлікті қолдау экономиканы құрылымдық қайта құруды жандандыруға, таңдау еркіндігі мен қосымша жұмыс орындарын ұсынуға, шығындардың тез қайтымдылығын қамтамасыз етуге, тұтынушылық сұраныстың өзгерістеріне жедел бейімделуге мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар торабын құруды тездетуді талап етеді. Экономиканың даму қарқынын арттыруда шағын кәсіпорындардың маңыздылығы өте жоғары. Ал, осы шағын кәсіпорындар іс бастау үшін ірі көлемде инвестицияларды талап етпейді және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына кепілдік береді. Сол арқылы экономиканы қайта құрылымдау проблемаларын ұтымды шешуді, нарықты тұтыну тауарларымен толықтыруды, бәсекелік ортаны күшейту арқылы өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құра отырып жұмыссыздық мәселесін шешуге қол жеткізуге болады.

Шағын кәсіпорындар тиімділігінің басты факторы – олардың өнім өндіру облысында, сондай-ақ, қолданылатын еңбек құралдары бойынша тар мамандануы. Шағын кәсіпорындар шектеулі номенклатурада өнімдер өндіреді және бірмезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін тармамандандырылған құрал-жабдықтарды қолданады. Шағын кәсіпорындар инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни, көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ. Өндіріс көлемінің шағын болуы материалды-техникалық жабдықтауды, сондай-ақ, өнімнің дайындығына байланысты өткізуді жүзеге асыруды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындар еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда да ерекше мәнге ие болады. әсіресе, олар қосымша жұмыс орындарын құруға, адамдарға маман ретінде өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай туғызады. Жалпы экономикалық көзқарас тұрғысынан шағын кәсіпорындардың дамуы өндірісті мамандандыру өсімін, ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуді, өнім өндіру мерзімін қысқартуды, шикізаттар мен дайын өнімдерді жеткізудің көлік шығындарын, жоғалтуларды азайту, еңбек және материал ресурстарын едәуір толық пайдалануды қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпорындардың тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі артықшылықтарының ең маңызды дегендерін келесі түрде бөліп көрсете аламыз:



    • икемділігі және нарық конъюнктурасындағы өзгерістерге тез әсер ету қабілеті, өндірілетін өнімдердің тұтынушылар талғамына сай тез бейімделу мүмкіндігі;

    • ірі кәсіпорындармен салыстырғанда олардың ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін тиімді және жедел енгізе отырып жоғары нәтиже алуға ұмтылуы;

    • жергілікті ресурстарды пайдалану мен жергілікті нарықта қызмет етуі;

    • кәсіпорынды басқарудың қарапайымдылығы, ірі бюрократиялық құрылымның болмауы;

    • жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге деген ортақ мүдденің болуы; мотивацияның жоғарылығы;

    • ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкіндігі, яғни, ірі кәсіпорындармен қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;

    • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;

    • өндірісті жаңарту, жаңашылдықты енгізу, жаңа идеяларды жүзеге асыруға икемділігі.

Мұның барлығы шағын кәсіпорындардың басымдылығы мен артықшылығын көрсетсе, оның бірқатар кемшіліктері де бар екендігін айта кету қажет. Олардың ішінен ең негізгілері ретінде келесілерді атауға болады:

  • тәуекел деңгейінің жоғары болуы;

  • техникалық артта қалушылық, жоғары ресурс және энергия сиымдылықтылық;

  • ресурстық, қаржылық және материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі;

  • өткізу нарықтарының тарлығы және әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру мүмкіндігінің төмендігі;

  • қызметкерлер біліктілігінің айтарлықтай жоғары деңгейде болмауы және бір адамның бірнеше қызметті қатар атқару мүмкіндігі;

  • қосымша қаражаттар тарту және несие алу мүмкіндігінің төиендігі.

Шағын кәсіпорындардың ел экономикасындағы ролінің жоғары болуы оның өзіндік ерекшеліктерімен де байланысты. Ең алдымен шағын және ірі кәсіпорындардың қызмет сферасы әр түрлі болады. Ірі кәсіпорындар бұйымдардың тұрақты номенклатурасы және жаппай өндіріс жағдайында қызмет ете отырып, көтерме сатып алушылармен жұмыс жасайды. Ал, шағын кәсіпорындар аз партияда өнімдер шығаруға, нарықтың белгілі бір сегментінде сатып алушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруға, екінші ретті шикізаттарды, өндіріс қалдықтарынпайдалануға, жеке клиенттермен жұмыс жасауға бағытталады. Өзіндік өзгеше функцияларды орындай отырып шағын және орта кәсіпорындар бір-бірін толықтырып отырады. Шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындарға қарағанда нарықтың айтарлықтай тиімді қызмет ететіндей сфераларында өз орнын табады. Мұндай сфераларға бірінші кезекте сауда, сервистік қызмет көрсету, материалмен жабдықтау және тағы басқаларын жатқызуға болады. Мәселен, машина (автомиль) өндіру сөзсіз ірі кәсіпорын сферасына жатқызылса, автомобильге техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуді шағын кәсіпорындар аитарлықтай тиімді орындайды.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың дамуына әсер ететін келесі негізгі проблемаларды бөліп көрсетуге болады:



  1. Салық саясатының жетілмегендігі немесе шағын кәсіпорындар үшін салықтық ауыртпалықтардың жоғары болуы. Мұндай жағдай шағын кәсіпорындардың заңды бұзуға жол беруіне және «көлеңкелі» секторға өтуіне мәжбүрлейді. Негізінен салық саясаты шағын бизнесті дамытудың ынталандырушы факторы бола отырып, оның өміршеңдігі мен табысты қызмет етуін қамтамасыз етуі қажет. Осы мақсатта әлемде шағын кәсіпорындардың өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік беретін шаралар кешені қолданылады, яғни, кәсіпорындардың мөлшеріне қарай салықтардың шекті ставкаларын кезең-кезеңімен азайтудан бастап, салықтық жеңілдіктер аясын кеңейтуге дейінгі көптеген іс-шараларды қамтиды.

  2. Өзінің жеке ісін бастаған кәсіпкерлер және шағын кәсіпорындар басшыларының бастапқы капиталды қалыптастыру, қаржылық қолдау көздерінің болмауы немесе қаржылық проблемалар. Банк секторының беретін несиелері көбінесе жоғары пайыздық ставкалар мен қысқа мерзімде қайтару қажеттігіне байланысты шағын бизнес субъектілерінің барлығы бірдей қол жеткізе алмайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде тәуекелдің жоғары болуына және кепілдіктің болмауына байланысты шағын бизнесті қаржыландыруға ынталылық танытпайды.

  3. Шағын кәсіпорындарды құру кезінде және қызметін жүзеге асыруда шамадан тыс реттеудің, тіркеу-лицензиялық тәртіптің жүйесіздігі. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда, әсіресе, бастапқы кезеңінде әртүрлі әкімшілік кедергілердің артуы байқалады. Сондықтан бұл мәселеге мемлекет тарапынан реттеу мен қолдаудың нақты жолдарын қарастырудың маңыздылығы жоғары. Сарапшылардың бағалауы бойынша бірінші жылы құрылған барлық шағын және орта кәсіпорындардың 40 пайызға жуығы жабылса, қызметінің үшінші жылында 60 пайызға жуығы дағдарыс жағдайында тұрады екен. Демек, барлық кәсіпорындардың 15-20 пайызы ғана қалады .(30)

  4. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамымауы. Халықтың шағын бизнесті қолдау бойынша жүргізіліп отырған шаралар, заңнамалардағы өзгерістер туралы аз хабардар болуы. Шағын бизнесті қолдау орталықтары мен инфрақұрылымдардың қызметтерін кәсіпкерлердің барлығы бірдей толық көлемде қолдана бермеуі, сондай-ақ, бизнес-инкубаторлар, технологиялық бизнес-инкубаторлар, технопарктер мен технополистер қызметінің жоғары деңгейде оң нәтижесін бермей отырғандығы да шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету жолындағы кедергілердің бірі деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша республикада барлығы 643035 бірлік шағын кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) ресми тіркелсе, оларда 1,4 млн. жуық адам жұмыс істейді, ал ол экономикалық белсенді халықтың 19,5 % құрайды. Еліміздегі шағын кәсіпорындардың тіркелгендері мен нақты жұмыс істейтіндерінің саны үнемі өсіп отырған. Атап айтсақ, 2005 жылдың басында 103291 шағын кәсіпорын жұмыс істеген және бұл көрсеткіш 2004 жылдың басындағы мәліметтермен салыстырғанда 10,5 % -ға көп. (34)

Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму перспективасына және қызмет тиімділігіне оң әсер ету үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет:



  1. нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау кезінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің заңнамамен белгіленген механизмін енгізу;

  2. шағын кәсіпорындарды қолдаудың айқын және нақты жүйелерін жүзеге асыру;

  3. мемлекеттік органдардың шағын кәсіпорындар қызметіне рұқсат ету және қадағалау-бақылау функциялары арқылы әкімшілік қысым жасауын төмендету;

  4. инновациялық жобаларды енгізу мен дамытуды ынталандыру үшін ұйымдастырушылық және заңнамалық деңгейлерде жағдай жасау;

  5. шикізаттық экспортқа тәуелділікті төмендету, өңдеуші өндірістің үлесін арттыру үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмін әзірлеу.

Жалпы алғанда, шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі және экономикалық тиімділігін арттыру еліміздің қазіргі кездегі экономикалық даму стратегиясына сай келеді және ел экономикасында маңызды орынға ие болады. Сондықтан шағын кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін теориялық тұрғыда зерттеу, тәжірибелік негізде талдау және олардың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру мақсатқа сай орындалды деп айта аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер көздері

1. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2005жыл, 18-ақпан.

2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2006жыл, 2-наурыз.

3. Кәсіпкерлік кемел келешек кепілдігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі.- Егемен Қазақстан, - 2006жыл, 2-наурыз.

4. Өндірістік кооператив туралы. Қазақстан Республикасының Заңы.1995 жылғы 5-қазан №2486. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жинағы. - Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 128б.

5. Шаруашылық серіктестіктер туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы. 1995 жылғы 2-мамыр №2255. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жинағы. - Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 140б.

6. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Егемен Қазақстан, - 1998жыл, 30- сәуір.

7. Жеке кәсіпкерлік туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Егемен Қазақстан, - 2006жыл, 7-ақпан.

8. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: 2000жылғы 1-сәуірге дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында.- Алматы: «Жеті жарғы», 2000.-75б.

9. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др. Основы предпринимательства.- Алматы: Экономика,- 1997.- 66с.

10. Окаев К.О. и др. Предпринимательство в Республике Казахстан:Учебное пособие. / Алматы:Экономика, 1999.35с.

11. Блинов А. О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. Москва:Ось-89,- 2001.

12. Основы предпринимательской деятельности: Финансовый менеджмент. /под ред. В. М. Власовой / - М. , 2001.- 118с.

13. Индивидуальный бизнес в РК.-Алматы, 2002.-11с.

14. Экономика /под ред. А. С. Булатова. Изд. 3-е перераб. и доп. / .- Москва, 1999.

15.Экономика США /под ред. В. Б. Супяна/. – СПб.: Питер,-2003.

16. Экономика Европейского союза.- Москва,-2003.

17. Адамов В. Е. И др. Экономика и статистика фирмы.3-е изд. – М.,-2003.

18. Предпринимательство в РК. Сборорник нормативных актов.- Алматы: ЮРИСТ, -2004.

19. Хозяйственное товарищество: создание, реорганизация, ликвидация. Сборорник нормативных актов.- Алматы: ЮРИСТ, -2004.

20. Хозяйствующие субъекты вРК . Сборник законодательных актов. Алматы: ЛЕМ, 2002.

21. Карлик А. Б. И др. Управление экономикой предприятия: зарубежный опыт в деятельности предприятий России и Казахстана.- Алматы,1999.

22. Муравьев А. И., Игнатьев А.М. Малый бизнес : экономика, организация, финансы . – СПб.: «Бизнес-пресса» 1999.

23. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. /под ред. Е. Б. Жатканбаева/ Алматы, 2001

24. Асаул А. Н. Организация предпринимательской деятельности. Спδ:

Питер, 2005

25. Лапуста М. Г., Старостин Ю.Л. Малое предпринимательство: Учебник Москва, 2005

26. Оценка бизнеса: учебник / под ред. А.Г. Грязновой, М.А. Федотовой 2-е изд./ Москва: Маркет ДС, 2003

27.Рубе В. А. Институциональные аспекты организации малого бизнеса в развитых странах и в России. Москва: ИНФРА-М, 2004

28.Смагулова Н.Т. Планирование и организация предпринимательства. Алматы: Экономика, 2002

29.Эллиот Т. , Герберт Д. Интегрированные бизнес-системы: экспресс-курс. Москва, 2005

30.Сухова Л.Ф., Чернова Н.А. Практикум по разработке бизнес-плана и финансовому анализу предприятия. Москва, 2004

31. Р. А. Фатхутдинов Инновационный менеджмент. Москва, 2004

32. Казахстан сегодня. Информационно- аналитический сборник.- Алматы,- 2005.-с. 145.

33. Статистический ежегодник Казахстана 2005г.- Алматы,- 2006.

34. Бизнес регистр (основные показатели количества юридических лиц в Казахстане). Агентство Республики Казахстан по статистике. Алматы, - 2005.

35. Регионы Казахстана в цифрах: краткий статистический справочник.- Алматы, - 2004.

36. Основные показатели финансово-хозяйственной деятельности предприятий (организаций). Статистический справочник.-Алматы,- 2005.

37. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. 2-е изд., исп. и доп. . –Москва,- 2003.

38. Ковалев В. В. , Волкова О. Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. –Москва,- 2004.

39. Протасов В. Ф. Анализ деятельности предприятия (фирмы): производство, экономика, финансы, инвестиций, маркетинг. – Москва,- 2003.

40. Гинзбург А. К. Экономический анализ.- СПб.: Питер,- 2004.

41. Экономический анализ. /под ред. Л. Т. Гиляровской 2-е изд. , доп. ) Москва, 2004.

42. Дүйсембаев К. Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.- Алматы: Экономика,- 2002.

43. Мухамеджанов Б. Динамика развития предпринимательства в Республике Казахстан. - АльПари №1, 2003

44. Мынбаев С. Большие перспективы малого бизнеса. – Промышленность Казахстана №2 , 2005

45. Устойчивым бизнесом сильно государство. – Промышленность Казахстана №1 , 2005

46. TERRA INCOGNITA. - National business №11, 2005

47. Аубакирава Ж. Поддержка малого и среднего бизнеса.- АльПари №2-3, 2004

48. Досанов Д., Курманов О. Малый бизнес : мировой опыт и казахстанская реальность. – Саясат № 12, 2004

49. Кононович Е. Большие перспективы малого бизнеса. – Казахстанская правда 22-январь, 2003

50. Ташенова С. О проблемах кредитования малого и среднего бизнеса. – Саясат №8, 2004

51. Н. Райхан Шағын кәсіпкерлік : кеше мен бүгін. – Ақиқат №5, 2005

52. Исахова П. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың рөлі. – Аль Пари №3, 2005

53. Ходов Л. О структуре малого бизнеса и особенностях его мотивации. - Вопросы экономики №7, 2004

54. Иванова М. Малый инновационный бизнес в странах с развитой рыночной экономикой. – Российский экономический журнал №12, 2004

55. Малый бизнес: методика и результаты анализа. – Вопросы статистики №8 , 2003

56. ҚР-да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007жылдарға арналған бағдарламасы. – Астана 2005.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет