Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникациялар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы №1396 қаулысы
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникациялар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне таратылатын мекеме кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті беруді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.АХМЕТОВ.
———————————————
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы №1396 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1.«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінде:
ескертпеде «********» деген сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:
«******** осы норматив «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшылары мен олардың орынбасарларына да қолданылады».
2. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген бөлімде мына:
«
Жедел
|
Жедел жұмыс үшін
|
«Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттiк мекемесi
|
2
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі
|
2
|
»;
мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жедел
|
Жедел жұмыс үшін
|
«Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттiк мекемесi
|
2
|
».
3. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 944 бірлік санында бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
8-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
көрсетілген қаулының 24-қосымшасында:
«Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімдегі реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-1-жолмен толықтырылсын:
«17-1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» мемлекеттік мекемесі».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы №1396 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті
Атауы
|
Штат санының лимиті
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
|
944
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
|
726
|
1) «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі
|
354
|
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі
|
307
|
3) Ақпаратты техникалық қорғау орталығы
|
14
|
4) Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |