1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО


Әр түрлі ортадағы зиянды заттектерді нормалау



бет41/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

2. Әр түрлі ортадағы зиянды заттектерді нормалау.

Зиянды заттектер биосфераның әр түрлі компоненттеріне әрқалай әсер етеді. Соған байланысты әр түрлі ортаға арналған зиянды заттектердің ШРК-ның шамалары белгіленген.

Ауадағы. Атмосфералық ауадағы зиянды заттарды нормалау үшін екі норматив белгіленген: бір жолдық және орташа тәуліктік.

Максимал бір жылдық шекті рауалы концентрация (ШРКмб) – бұл ауадағы зиянды заттардың сол ауамен 30 мин демалғанда адам ағзасында рефлекторлық реакция (иісін сезу, көздің жарықққа сезімталдығының өзгеруі және т.б.) туғызбайтын концентрация.

Орташа тәуліктік шекті рауалы концентрация (ШРКот) – бұл ауадағы зиянды заттардың ұзақ уақыт бойы адам ағзасына тура немесе жанама әсері болмайтын концентрациясы.

Атмосфералық ауада анағұрлым жиі кездесетін ластаушылардың ШРК мәндері 2 кестеде көрсетілген.



Судағы. Сулы орта үшін ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясы деп осы заттардың суды бір немесе бірнеше су пайдаланушыға жарамсыз ететіндей концентрациясын айтады. Ластаушы заттардың ШРК ішетін су үшін және балық шаруашылығының су қоймалары үшін бөлек белгіленеді

Балық шаруашылығы үшін пайдаланылатын су қоймаларына қойылатын талаптар шаруашылық-тұрмыстық пайдалануға арналған су нысандарына қойылатын талаптарға қарағанда қатаң болады. Балық шаруашылығының шекті рауалы концентрациясы жуатын заттардың санитарлық нормаларынан үш есе төмен, мұнай өнімдерінен – 6 есе, тіпті ауыр металдардан (мырыш) – 100 есе төмен болады. (К.П.Митрюшкин және басқалар, 1987 ж.).



Топырақтағы. Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағытта нормаланады:

• ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;

• кәсіпорын территориясында улы заттектердің жинақталуы;

елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар жинақталған жер топырағының ластануы.

Топырақтың егістік қабатындағы улы химикаттарды нормалау екі көрсеткіш бойынша жүргізіледі: шекті рауалы концентрация (ШРКт) және уақытша рауалы концентрация (УРКт).

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет