1 қосымшасы (2012ж. «25» маусым №11 бұйрығымен бекітілген) Жөнелтілімдерді жеткізу қызметін көрсету ережелері



Дата28.06.2016
өлшемі329.2 Kb.
#163771
2012 ж. «______»___________________

№________________________ Жеткізу қызметін көрсету келісімшартының

1 қосымшасы

(2012ж. «25» маусым № 11 бұйрығымен бекітілген)



Жөнелтілімдерді жеткізу қызметін көрсету

ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Жалпы ережелер

    1. Осы ережелерде жөнелтілімдерді жеткізу, соның ішінде оларды қабылдау, өңдеу және беру қызметін көрсетуді ұйымдастыру тәртібі белгіленген.

    2. Орындаушымен Келісімшарт жасасқан Тапсырыс берушіге, яғни өзіне Жеткізу қызметін көрсету келісімшарты мен осы Ережелердің қағидалары тарайтын тұлғаға Келісімшартқа қол қою арқылы Орындаушымен Келісімшарт жасасқан тұлғалар, сондай-ақ тауар-көліктік жүкқұжатына не жолжүгінің өзге көліктік құжатына қол қою арқылы Орындаушымен Келісімшарт жасасқан тұлғалар жатады.

Жеткізу қызметін көрсету келісімшарты және осы Ережелер (Келісімшартқа қосымша болып табылатын) көпшілік қолды оферта, яғни көпшілікке арналған ұсыныс болып табылады, мұнда ұсыныс жасап отырған тұлғаның келісімшартты ұсыныста көрсетілген шарттармен соны қалайтын кез-келген тұлғамен жасасуға деген ниеті байқалатын келісімшарттың барлық елеулі шарттары қамтылған.

Клиенттің Келісімшартқа не жолжүгінің көліктік құжатына қол қоюы акцепт болып табылады, яғни офертада көрсетілген ұсынысты толығымен және шартсыз түрде қабылдауын (Келісімшарттың және Орындаушы ережесінің шарттарымен келіседі) білдіреді.



    1. Жолжүгін жеткізуді ұйымдастыру үшін Орындаушы келісілген шарттардың негізінде арнайы ұйымдардың қызметі мен технологияларын пайдаланады. Тартылған тұлғалардың қызметіне Орындаушы үшін жауапкершілікте болады, егер тартылған тұлғалардың жеке жұмыстары мен қызметтері Тапсырыс берушінің тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылса, оған Орындаушы үшін жауапкершілкте болмайды.

    2. Жеткізу қызметін көрсету Келісімшартында және Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар:

«Тапсырыс беруші» – Орындаушымен жеткізу қызметін көрсету Келісімшартын жасасқан және сол мүддеде Орындаушымен қызмет көрсетілетін тұлға (Жөнелтуші, Алушы, Төлеуші).

«Төлеуші» – Орындаушыға жеткізу қызметіне төлем төлеген тұлға. Төлеуші Жөнелтуші, Алушы не үшінші тұлға болып табылуы мүмкін;

«Жолжүк», «Жіберу» – Орындаушы осыған қатысты жеткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын мүлік;

«Жөнелтуші» – жолжүгін жеткізуді ұсынған тұлға;

«Алушы» – Орындаушыдан жөнелтілімді/жолжүгін қабылдауға уәкілетті ретінде, көлік құжатында көрсетілген тұлға;

«Көлік құжаты» – тауар-көлік жүкқұжаты (бұдан әрі ТКЖ) және/не автокөлікпен жеткізу жағдайда жөнелтілімді/жолжүгін қабылдау-тапсыру акті.



    1. Жеткізу тәсілі, көліктің қолданылатын түрі және жолжүгінің жүру бағыты Орындаушының ыңғайына қарай анықталады. Белгіленген бекетте жолжүгін беру орнын Орындаушы өзінің жүкті тиеу-түсіру аумағының және қоймаларының орналасқан орнына байланысты өз еркімен таңдайды.

    2. Жеке жөнелтілімдерді жеткізуді ұымдастыру жағдайда Орындаушы және Жөнелтуші не Орындаушы және Алушы белгіленген орынға жеткізуді ұйымдастыруда Орындаушының техникалық және технологиялық мүмкіншіліктерінің барында жеткізудің және (не) жолжүгін берудің (Алушының қоймасы, нақты мекен жай бойынша жолжүгін жеткізу және т.с.с.) нақты орнымен келісуге құқылы. Мұндай жағдайда көлік құжатында жеткізудің және (не) берудің мекенжайын көрсете отырып тиісті белгі жасалынады.

    3. Орындаушыға Жөнелтушіден және Алушыдан өзара қарсы талаптар түссе не жөнелтілімнің сақтықта жеткізілуі үшін маңызы бар жағдайларды нақтылап алу қажеттілігі туса Орындаушы Жөнелтушіден тапсырма алады және оны орындайды.


2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

2.1. Тапсырыс берушінің міндеттері:

2.1.1. Жолжүгі және оны жеткізудің шарттары туралы толық, нақты және шынайы ақпарат, сонымен қатар осы Келісімшартта ескерілген Орындаушының міндеттерінің жүзеге асырылуы үшін қажетті құжаттарды беру. Орындаушымен қажетті қосымша қызметтерді келістіру.

2.1.2. Орындаушыға жолжүгін ыдыстың ішіндегісіне қол сұға алмайтындай және Орындаушымен бекітілген «Көлік ыдысына үлгі талаптарын» қанағатандыратын формасы өзгертілген ыдыста беру (Келісімшарттың №2 қосымшасы).

2.1.3. Құрамында жарылғыш, радиоактивті, химиялық белсенді, улы, тез жанатын, уландырғыш, өзінен өзі жанатын заттары бар жолжүгін, халықаралық стандарттағы МЕМСТ 19433-88 сай қауіпті жүктерді, ҚР заңнамасына және РФ заңнамасына сәйкес тасымалдауға тиым салынған заттарды, сонымен қатар тасымалдануы арнайы жылжымалы құрамды не арнайы құрылғылар мен технологияларды не Орындаушыда арнайы рұқсаттың (лицензия) болуын талап ететін тауарлар мен заттарды жеткізуге арнап Орындаушының келісімінсіз тапсырмау.

2.1.4. Орындаушымен бірлесе отырып жолжүгінің әр қайсысын жеке жеткізу бойынша қызметтерді көрсету үшін талап етілетін көлік құжатын және өзге қажетті құжаттарды тиісінше ресімдеу.

2.1.5. 2.1.1, 2.1.2, 2.1.3, 2.1.4 тармақтарында көрсетілген міндеттерге Жөнелтуші жауапты, егер Тапсырыс беруші Жөнелтуші болмаса.

2.1.6. Орындаушының ынтасы бойынша жолжүгінің ішіндегі ыдыстың ішін тексеруде не жолжүгінің ішіндегісін қайта есептеуде және тиісті Акт жазу жағдайда өзінің өкілін не Жөнелтушінің өкілін қатыстыруды қамтамасыз ету.

2.1.7. Орындаушының қызметін төлеу. Орындаушының қызметін төлеуден Төлеуші бастартса, Орындаушыға тиісті барлық төлемдерді төлеу жөніндегі міндет Тапсырыс берушіге ауады.

2.1.8. Қойма қызметінің бағасы жолжүгін жеткізуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің бағасына қосылуы жағдайдагі кезеңнің аяқталуы бойынша Орындаушының қойма қызметіне төлем төлеу.

2.1.9. Жеткізілген жолжүгін қабылдау не егер Тапсырыс беруші Алушы болмаса, Алушының оның алуын қамтамасыз ету.

2.1.10. Егер жеткізу қызметін төлеу үшінші тұлғамен жүзеге асырылса, Төлеуші туралы жолжүгін (көлік құжатын толтыру) тапсыру жағдайдагі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. Жолжүгін тапсыру жағдайда аталған ақпаратты ұсыну мүмкіндігі болмаса, Орындаушыға жазбаша түрде хабар беру. Көлік құжатында ақпарат және үшінші тұлғамен төлем туралы хабарлама болмаған жағдайда, Орындаушының №1 Прайс парағының 2 бөліміне және №3 Прайс парағының 2 бөліміне, №1 Прайс парағына және №3 Прайс парағына сәйкес бекітілген, сақтау мерзімінің мерзімінен асуы жағдайда Орындаушының қоймасында жолжүгі сақталған кезеңге қоймада сақталуына төлем төлеу.

2.1.11. Жолжүгі белгіленген бекетке орын санының кем шығуымен, сонымен қатар ыдысының жағдайы өзгеріспен келсе, Алушы Орындаушының өкілін қатыстыра отырып коммерциялық акт жазады. Жолжүгінде жатқан мүлікті анықтау мақсатында, Тараптар жолжүгімен бірлескен жолдама құжатын пайдаланады. Олар жоқ болған жағдайда, Алушы оларды Жөнелтушіден сұрап Орындаушыға ұсынуға міндетті. Егер Жөнелтуші және/не Алушы – заңды тұлға болса (ЖК), онда жүк жолжүгінің ішіндегісін және оның бағасын растайтын құжаттарды ұсынғанға дейін берілмейді, сонымен қатар қойма қызметі төленбейді. Егер Жөнелтуші және/не Алушы – жеке тұлға болса, онда жолжүгі жолжүгінің ішіндегі тізімдемемен беріледі.

2.1.12. Орау үшін қаптарды ұсыну бойынша қосымша қызметке тапсырыс беру кезінде, № 4 Прайс парағына сай, Жөнелтуші орындарды пломбалау жағдайда қатысуы керек.

2.1.13. 1 500 000 теңге және одан да көп тұратын жолжүгін жеткізуге беру кезінде, не жолжүгіндегі мүліктің құны 1кг 50 000 теңгені және одан да көпті құраса – Жөнелтуші міндетті түрде жолжүгінің құндылығын жариялауға міндетті.

2.1.14. Жеке (тұрмыстық) қажеттіліктерге арналған жөнелтілімдерді тапсыру жағдайда, егер жолжүгінің құны Жөнелтушінің бағасы бойынша 750 000 теңгені не одан да көпті құраса, не жолжүгіндегі шамамен бағасы 1кг 50 000 теңгені және одан да көпті құраса – Жөнелтуші міндетті түрде жолжүгінің құндылығын жариялауға міндетті.

2.2. Орындаушының міндеттері:

2.2.1. Тапсырыс берушінің жолжүгін белгіленген бекетке өзгерілмеген қалыпта және ыдысының жағдайында жеткізуді қамтамасыз ету.

2.2.2. №1 Прайс парағының 1 бөлімінде және №3 Прайс парағының 1 бөлімінде ескерілген мерзімдерді сақтай отырып, жеткізуді ұйымдастыру бойынша қызметті көрсетуді қамтамасыз ету.

2.2.3. Аталған мерзімдер қызметті дер жағдайда көрсетуге және Орындаушының шамасынан тыс бөгет болатын жағдайлардың пайда болуында ұзартылуы мүмкін, оларға, әсіресе мыналар жатады, қарсы тұра алмайтын күш, мемлекеттік органдардың шешімдері, тасымалдаушыларға конвенциялық тиымдар салу. Аталған мәселелердің пайда болуы туралы Орындаушы тез арада www.jde.kz сайтында, кеңселерде және Орындаушының тиеу аумақтарында ақпарат таратады.



2.2.4. Өз күшімен не үшінші тұлғаларды тарту арқылы қызметтер кешенін көрсету. Қызметтер негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі қызметтерге мыналар жатады:

  • қабылдау және жолжүгінің параметрлерін анықтау (орындардың саны, салмағы,көлемі);

  • орамның жетіспеушілігін жою үшін Жөнелтушіні жабыстырғышпен қамтамасыз ету;

  • жолжүгін жіберу бекетінде де, келіп жеткен бекетте де орау, егер мұндай орау Орындаушының ішкі технологиясы бойынша қажет етілсе, стрейч қаптамаға орау;

  • Орындаушының қоймаларында тиеу-түсіру жұмыстары. Орындаушының тікелей көлік құралына жолжүгін қабылдау, Орындаушының қоймасына қабылданды деп есептелінеді;

  • пломбаланған көлік құралында жеткізуді жүзеге асыру;

  • қажеттілігіне қарай, жолжүгін және көлік құралын қысқыштар мен құрал – жабдықтарды артынан бөлшектеу арқылы қажетті қысқыштармен және құрал – жабдықтармен тиеу және тасымалдау үшін қамтамасыз ету;

  • темір жол көлігімен жеткізу жағдайда жүру жолымен жолжүгіне еру;

  • Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша Орындаушыға жолжүгінің орналасқан орны туралы www.jde.kz сайтында, сонымен қатар ауызша сұранысы бойынша, оның ішінде, телефон арқылы ақпаратты жариялау арқылы ақпараттандыру;

  • №1 Прайс парағының 2 бөлімінде және №3 Прайс парағының 2 бөлімінде анықталғандай, мерзім ішінде қойма қызметтерін жүзеге асыру;

  • Алушыға келіп жеткен жолжүгін беру.

Қосымша қызметтерге мыналар жатады:

  • №1 Прайс парағының 2 бөлімінде және №3 Прайс парағының 2 бөлімінде көрсетілгендей, мерзімінен асырып белгіленген бекетте қойма қызметтерін көрсету;

  • жөнелту және алу бекеттерінде жолжүгін автожекізу;

  • жолжүгін торлау, торланған жөнелтілімді жеткізу;

  • орау үшін қаптарды ұсыну және қаптарға жолжүгін пломбалауды жүзеге асыру;

  • жолжүгін іріктеу және топтау арқылы 1 (бір) ТКЖ бойынша жөнелтілімді өңдеу;

  • Алушының жолжүгін алатындағын растайтын, жолжүгін жөнелтуге құжаттардың жиынтығының көшірмелерін ұсыну (жолжүгін алуға сенімхат, Алушының қолы қойылған ТКЖ);

  • Алушының қолы қойылған ТКЖ көшірмелерін ұсыну;

  • жүкқұжаты бойынша ішкі есептумен жөнелтілімді қабылдау-беру;

  • 0 С кем болмайтын температуралық режімді қамамасыз ете отырып жөнелтілімді жеткізу;

  • габаритті емес жөнелтілімді жеткізу;

  • өте габаритті емес жөнелтілімді жеткізу;

  • нәзік жөнелтілімді жеткізу қызметі;

  • Орындаушымен Келісімшарт бойынша жеткізу қызметін көрсетпей, жөнелтілімді тиеу-түсіру бойынша қызмет көрсету (негізгі қызметтен Жөнелтушінің бас тартуы);

  • жергілікті қоймаға жолжүгін қабылдау;

  • сонымен қатар негізгі қызметтің тізбесіне қосылмаған өзге қызметтер.

2.2.5. Өзіне негізгі және қосымша қызметтерді қосатын жеке Келісімшарт бойынша жолжүгін жеткізудің қызметі ерекше шарттармен көрсетілуі мүмкін.

2.2.6. Тапсырыс берушіге оның талабы бойынша жеткізу шарттары мен қызметі бағасы бар көлік құжатын ұсыну.

2.2.7. Тапсырыс берушіге не Төлеушіге Келісімшарт бойынша қызметті төлеу есебін ұсыну.

2.3. Тапсырыс берушінің құқықтары:

2.3.1. Жеткізу шарттарын дәлдеп алған Орындаушыға жазбаша тапсырмалар беру. Мұндай тапсырмалар олардың шынайылығына күмән туғызбаса ғана Орындаушымен орындалуға қабылданады:



  • заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер (мөрі бар болған жағдайда) – факсимильді тәсілмен мұндай нұсқауларды беруге құқылы;

  • жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер (мөрі жоқ) – нұсқауларды өз қолымен рәсімдейді және түпнұсқада жеке басының куәлігін көрсеткен Орындаушыға береді.

2.3.2. Орындаушының Прайс парағында көрсетілген кез-келген қызметті көрсетуді Орындаушыға тапсыру.

2.3.3. Жолжүгінің орны туралы ақпаратты Орындаушыдан алу.

2.3.4. Ерекше шарттармен жолжүгін жеткізу қызметін тапсыру.

2.4. Орындаушының құқықтары:

2.4.1. Келесі жағдайларда жеткізудің шарттары бойынша Тапсырма берушінің нұсқауларын орындаудан бас тартуға құқылы:



  • көліктің тиісті түрлерінде қолданылатын, нұсқаулардың тасымалдау ережелеріне не мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес келмеуі;

  • Орындаушының қолданылатын жеткізу технологияларына нұсқаулардың сәйкес келмеуі.

2.4.2. Егер Орындаушы Тапсырыс берушінің мүддесіне жұмыс істесе, көлік құжатында келісілген жеткізу шарттарынан және (не) Тапсырыс берушінің нұсқауларынан бас тарту.

2.4.3. Тапсырыс беруші қажетті құжаттарын, сонымен қатар жолжүгінің ерекшеліктері туралы ақпаратты, оны жеткізу туралы шарттар жөнінде және өз міндеттерін орындау үшін қажетті өзге ақпаратты бермегенше, міндеттерін орындауға кіріспеу.

2.4.4. Өз міндеттерін орындау үшін қажетті тапсырыс беруші ұсынған құжаттардың, сонымен қатар жол жүгінің сипаттамасы туралы ақпараттың, оны жеткізудің шарттарының және өзге ақпараттың шынайылығын тексеру. Тексеру Тапсырыс берушінің (Жөнелтушінің, Алушының) көзінше ішкі есептеу не жолжүгінің ішіндегілерін қарау арқылы жүзеге асырылады, олардың жолжүгінің болу орнында жоғы жағдайда ғана бұл жағдай орындала алмайды. Ішіндегі заттар мынандай жағдайларға тексеріледі: жұмыс істеу қабілеттілігіне, ақауларына, жолжүгінің ішіндегілердің сапасына байланысты, көзге көрінбейтін жасарын ақауларға, температуралық әсердің сезімталдығына. Мұндай тексеру Орындаушының міндеті емес, құқығы болып табылады.

2.4.5. Жол жүгін келесі жағдайларда бермеу керек:



  • негізгі және қосымша қызметтердің төлемі бойынша қарыздардың болуы жағдайда;

  • Жолжүгін кешіктіргені үшін Орындаушының шығындарын төлеу бойынша қарыздардың болуы (қойма қызметі);

  • үшінші тұлғаның қызметті төлеу туралы жазбаша хабарламаны алмауы жағдайда (ТКЖ мұндай ақпараттың болмауы жағдайда).

2.4.6. Орындаушы оның қоймасының аумағына Жөнелтушінің (Алушының) көлік құралының кіруі/шығуы жағдайда кіргізілген/шығарылған заттарды бақылауға көлік құралын тексеруді жүзеге асыруға құқылы.


  1. Жолжүгін қабылдау-беру ережелері

    1. Жолжүгін қабылдау жүзеге асырылады:

  • Орындаушының қоймасында;

  • Тапсырыс берушінің (Жөнелтушінің) қоймасында не Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) көрсеткен басқа орында.

    1. Бір көлік құжатымен ресімдеуге тиым салынады (және сәйкесінше, бір жолжүгінің құрамында жіберу):

  • өз ерекшеліктері бойынша ережелерге сәйкес көліктің тиісті түрлерінде қолданылатын тауарлар мен мүліктерді бір көлік құралында бірге тасымалдауға тиым салынады.

  • Өте габаритті жолжүгін габаритті және габаритті емес жөнелтілімдердің құрамында жіберуге. Өте габаритті жолжүгі жеке көлік құжатымен рәсімделеді.

    1. Әр нақты жеткізу бойынша қызмет көрсету шарттары (жіберілу бекеті және белгіленген бекет, Жөнелтушінің, Алушының атауы, мекенжайы және телефондары, жолжүгінің орындарының саны, салмағы, көлемі және атауы, ыдыстың жағдайы, қосымша қызметтер тізімі) көлік құжатында тіркеледі.

    2. Егер жолжүгіне жолдама құжаттар Жөнелтушімен жеке берілсе (жолжүгінің ішінде емес), Орындаушы оларды Алушыға ТКЖ және жолжүгін берумен бірге ұсынады.

    3. Мемлекеттік бақылаудың (кедендік, санитарлық, мал дәрігерлік, фитоснитарлық және т.б.) жеке түрлеріне жататын тауарларды жөнелтілімге жеткізуді ұсыну жағдайда Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) Орындаушыға бақылаудың аталған түрлерінің рәсімдеріне жататын барлық құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға міндетті. Мемлекеттік бақылаудың аталған түрлеріндегі салада Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының заңнамаларының талаптарын сақтамау салдарынан жеткізудің мүмкін болмауына байланысты барлық қауіптерді Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) өз мойнына алады. Осы тармақтың талаптарын Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) сақтамағанының салдарынан Орындаушы жасаған барлық шығындарды (көлік құралдарының тұрып қалу саларынан болған айыппұлдардың, алымдардың, шығындардың сомасын қосқанда және т.б.) Орындаушыға Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) өтейді.

    4. Орындаушының қоймасында жолжүгін қабылдаудың тәртібі

      1. Орындаушының қоймасында жөнелтілімдерді қабылдау қойманың жұмыс жасау жағдайда жүзеге асырылады. Қойманың мекенжайы мен жұмыс уақытын Орындаушы www.jde.kz сайтында, кеңседегі ақпарат стендерінде және Орындаушының тиеу кешендерінде, сонымен қатар Тапсырыс берушінің телефон арқылы жасалынған сұраныстары бойынша ақпаратты жариялау арқылы жүзеге асырылады.

      2. Жөнелтуші Орындаушының тиеу аумақтарында қызықтырған бағытқа жолжүгінің қабылдау-беру актілерін алады. Жөнелтуші алдын-ала актті www.jde.kz сайтынан шығарып алуына және толтыруына сосын толтырылған актімен келуіне болады. Егер дұрыс толтырылмаса, қабылдау-беру актісі Орындаушының кеңесінен кейін қайта толтырылады.

      3. Жол жүгінің бағыты ретінде Орындаушының тікелей тиеу аумағында Акт алынған соң, Жөнелтуші жүктің Алушыға берілуі керек нақты қаласын көрсетуі тиіс. Орындаушы мұндай жағдайда актте қандай бағыттың көрсетілуі керек екенін өз еркімен анықтайды. Жөнелтуші жолжүгінің қабылдау-беру актісіне Жөнелтушінің, Алушының, Төлеушінің атауларын, олардың телефондарын, нақты мекенжайларын, жолжүгіндегі мүліктің атауын және жолжүгін жеткізгені үшін төлеу орнын енгізеді.

      4. Жолжүгін бере отырып, Жөнелтуші жолжүгінің толтырылған қабылдау-беру актісін Орындаушыға ұсынады.

      5. Орындаушыға жолжүгін буып-түю мен соның ыдысы үшін төлемақы №4 бағалық анықтамалығына сәйкес төленеді.

      6. Жолжүгін беру кезінде Жөнелтуші Орындаушымен бірге өткізілген жолжүгі орындарының есебін жүргізіп отыруға міндетті. Жөнелтуші мен Орындаушының деректері сәйкес келмеген жағдайда орындардың санын қайталап санап шығу керек.

      7. Орындаушы Жөнелтушінің болуымен жолжүгіне өз бетінше таңба салады, мұнысы Жөнелтушінің таңба салудың дұрыстығымен келісетіндігін растайды.

      8. Орындаушы жолжүгінің салмағы мен көлемін өлшейді. Алынған деректер Қабылдау-тапсыру актісіне енгізіледі. Жөнелтілімдердің салмағы математикалық дөңгелектеу ережелеріне сәйкес 1 (бүтін) киллограмға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Қабылданған жолжүгінің салмағы мен көлемі көліктік құжатта Орындаушының қызметтерінің бағасын есептеу үшін көрсетіледі.

      9. Актіде «Ыдыстың елеулі түрде бүлінген жерлері бар» және «Ыдыстың аузы ашылған» белгілері болған жағдайда Орындаушы сол белгілерге сай келетін орындардың санын көрсетуі тиіс.

      10. Орындаушы Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісіне жолжүгінің параметрлері туралы (орындардың саны, көлемі, салмағы), сондай-ақ өздеріне тапсырыс берілген қосымша қызметтер туралы деректерді енгізгеннен кейін Жөнелтуші деректердің дұрыс енгізілуін тексеріп, содан кейін Актіге қол қояды.

      11. Жолжүгін өткізгеннен кейін Жөнелтуші Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісін ТКЖ ресімдеу үшін міндетті түрде Орындаушыға беруі тиіс.

      12. Орындаушы ТКЖ-ның 3 (үш) данасын ресімдейді (біреуі жолжүгін қабылдау жағдайда Жөнелтушіге беріледі, екіншісі жолжүгімен берге Алушыға беріледі, үшіншісі Орындаушыда қалады), олар Жөнелтушінің дұрыс толтыруын тексереді және, қате болмаған жағдайда ТКЖ-ға Жөнелтуші қол қояды. Орындаушын жолжүгін қабылдағанын ТКЖ-да белгі соғумен растайды.

      13. ТКЖ машинкамен, не компьютерде басумен, не қолмен жазумен толтырылады. Түзетілген мен сызылған жерлері болмауы тиіс. Көліктік құжаттағы барлық өзгертулер мен түзетулер оларды Орындаушы мен Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғалары қол қоюмен куәландырған жағдайда ғана күшінде болады.

    5. Жолжүгін Тапсырыс берушінің (Жөнелтушінің) қоймасында не Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) белгілеген өзге жерде қабылдау-тапсыру тәртібі. Жолжүгін автокөлікпен жеткізу жағдайдагі қабылдау тәртібі.

      1. Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) автокөлікпен жеткізуге тапсырыс беріліп және артынша автөкөлік қызметінің ақысы төленген деген шартпен жолжүгін өз қоймасында өткізуге құқылы.

      2. Тапсырыс беруші Орындаушыға қызмет көрсету туралы жазбаша тапсырманы (әрі қарай мәтін бойынша «Тапсырма») жібереді (Келісімшарттың № 3 қосымшасы).

Тапсырмада келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • Тапсырыс берушінің (Жөнелтушінің) атауы, Орындаушымен жасасқан Келісімшарттың нөмірі мен күні;

  • Жөнелтуші қоймасының не көліктік құрал берілетін өзге жердің мекенжайы;

  • көліктік құралдың берілген уақыты (өзінде көліктік құрал берілуі тиіс болатын уақыт аралығы), көліктік құралдың жақын келу мүмкіндігін ескерумен;

  • жіберілуі туралы мәліметтер (жолжүгінің саны, салмағы, ыдысы, габариттері, категориясы);

  • байланысатын тұлғаның аты-жөні, телефон нөмірі;

  • қосымша қызметтерді ұсынудың қажеттігін қоса алғандағы өзге түрдегі ақпарат.

      1. Тапсырмаға Тапсырыс беруші қол қояды, соның мөртаңбасымен куәландырылады және факсимильді байланыс арқылы Орындаушыға ұсынылады. Сондай-ақ Тапсырманы www.jde.kz сайтында Тапсырманының пішімін толтырумен жіберуге болады. Орындаушыға берілген Тапсырма автокөлікпен жеткізу туралы өтінім болып табылады және оны Орындаушы қабылдағаннан (растағаннан) кейін міндетті сипатқа ие бола бастайды.

      2. Орындаушы Тапсырманы тиеп жіберу күнінен бұрынғы бір күнгі күндізгі сағат 14:00 дейін қабылдайды. Тапсырма сағат 14:00 кейін ұсынылған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушімен (Жөнелтушімен) соны орындау мерзімін келіседі, бұл жайлы Тапсырмаға жазба енгізіледі.

      3. Тапсырманы техникалық және (не) технологиялық себептермен орындау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ Тапсырманы мерзімін бұзумен берген не Тапсырманың бағандарын толтырмаған (қате не дәл емес түрде толтырған) жағдайда Орындаушы оны орындаудан бас тартуға құқылы.

      4. Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) көліктік құралдардың Жөнелтуші қоймасының аумағына не Тапсырмада көрсетілген өзге тиеу орнына қатынауын қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Жөнелтушінің қоймасындағы не Жөнелтушінің қоймасы болып табылмайтын өзге орындардағы тиеу жұмыстарын Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) жүк тиеу жұмыстарын орындауды Орындаушыға тапсыруға құқылы (Орындаушының тиісті ұйымдастыру, техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болған жағдайда), ол бұл жұмыстардың ақысын №2 бағалар анықтамалығына сәйкес, тапсырмада қызметке алдын ала тапсырыс берген деген шартпен төлеуі тиіс.

      6. Жөнелтуші Орындаушының көліктік құралы келгеннен кейін жолжүгіне арналған ілеспе құжаттарды алдын-ала толтырып және жіберуге әзірленген жолжүгін дереу түрде ұсынуға міндетті.

      7. Жолжүгін қабылдау жағдайда Тараптар Орындаушының пішімі бойынша Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісін толтырады.

      8. Жолжүгін Жөнелтушінің аумағында қабылдаған жағдайда жолжүгінің салмағы мен көлемі өлшенбейді. Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісінде тек орын саны ғана көрсетіледі.

      9. Жолжүгін беру кезінде Жөнелтуші өткізіліп отырған жолжүгінің есебін Орындаушымен бірлескен түрде жүргізіп отыруға міндетті. Жөнелтуші мен Орындаушының деректері бір-біріне сәйкес келмеген жағдайда орын саны қайта саналады.

      10. Жолжүгін беру кезінде Жөнелтуші Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісінде қажет етілетін қосымша қызметтердің тізімін көрсетуге міндетті.

      11. Орындаушыға екі және одан көп Алушыға арналған жолжүгін беру кезінде Жөнелтуші жолжүгінің бетінде Орындаушыға көрінетіндей және ол түсінетіндей етіп Жөнелтушінің адресаттары туралы ақпаратты көрсетуге міндетті (орындарға тақташалар бекітіп қою, маркермен жазып көрсету).

      12. Тиеу-жіберудің нормативтік уақытына Орындаушының Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісін толтыруы кіреді.

      13. Тапсырыс беруші Автокөлікпен жеткізу қызметіне қатысты тапсырмадан оған автокөлік келіп жеткеннен кейін бас тартқан жағдайда Тапсырыс беруші автокөліктің «бос жүрісінің» ақысын төлеуге міндетті болады.

      14. Көліктік құрал құжаттарды алу үшін кеңсеге соққан жағдайда Тапсырыс беруші төлемақыны №2 Бағалық анықтамалығына сәйкес төлейді.

      15. Егер Жөнелтушінің аумағына ену ақылы болса, Тапсырыс беруші Орындаушыға оның іс-жүзінде арқалаған шығынын өтеп беруге міндетті.

      16. Егер жолжүгінің нақты салмағы мен көлемі Тапсырмада көрсетілгенінен кем болса, автокөлікпен жеткізу қызметінің төлемақы сомасы Тапсырмада көрсетілген жолжүгі параметрлерінің негізінде есептеледі.

      17. Егер жолжүгінің нақты салмағы мен көлемі Тапсырмада көрсетілгенінен артық болса, қызметтің төлемақысы жолжүгінің нақты параметрлері бойынша жүзеге асырылады.

      18. Жөнелтуші бір жолжүгінен артық мөлшерде автокөлікпен жеткізу қызметіне тапсырыс берген жағдайда жөнелтілімдердің жалпы салмағы мен көлемін қызметтердің ақысын №2 Бағалық анықтамалығына сәйкес төмендегідей шарттарды ұстанумен біріктіруге құқылы:

  • Бір Жөнелтушінің бірнеше жүгін бір көліктік құралмен жеткізу;

  • Тапсырыс берушінің жолжүгінің салмағын, көлемін біріктіргені туралы нұсқауы (жазбаша);

  • Бір көліктік құралға тиелген жолжүгінің барлық жеткізулерін бір Тапсырыс берушінің төлеуі.

      1. Жолжүгін буып-түюге арнап қаптарды ұсыну қызметіне тапсырыс берген жағдайда орындарды Тапсырыс беруші өз бетінше жайғастырады, ал артынша Орындаушы Тапсырыс берушінің қатысуымен қаптардың аузына пломбы салады.

      2. Орындаушының көліктік құралы нормативтік тиеу-түсіру уақытынан асумен текке тұрған жағдайда Тапсырыс беруші №2 Бағалық анықтамалығына сәйкес Орындаушыға төлемақыны төлейді.


Нормативтік тиеу-түсіру уақытының кестесі

Салмағы (кг)/ көлемі (м3)




Нормативтік тиеу-түсіру уақыты

0 және 5 аралығы / 0 және 0,01 аралығы




30

6 және 50 аралығы / 0,011 және 0,5 аралығы




30

51 және 300 аралығы / 0,51 және 1,5 аралығы




30

301 және 500 аралығы / 1,51 және 2,5 аралығы




30

501 және 1500 аралығы / 2,51 және 6 аралығы




30

1501 және 2500 аралығы / 6,01 және 10 аралығы




60

2501 және 5000 аралығы / 10,01 және 15 аралығы




60

5001 және 10000 аралығы / 15,01 және 25 аралығы




120

10001 және 15000 аралығы / 25,01 және 50 аралығы




180

15001 және 20000 аралығы / 50,01 және 80 аралығы




180

20001-нан жоғары / 80,01-ден жоғары




Есебі 15001 және 20000 кг аралығындағы сатылық дәрежелігі бойынша/ 50,01 және 80 м3 аралығындағы шама және қосылған бағалық анықтаманың тиісті сатылық дәрежелігі бойынша қалған салмағы/көлемі




    1. Құндылығы жарияланған жолжүгін қабылдау.

Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) мүлікті жеткізуге арнап тапсыру жағдайда төмендегідей шарттарды орындап отыруы тиіс:

3.8.1. Егер жолжүгінің құны Жөнелтушінің бағалауы бойынша 1 500 000 теңге және одан артық соманы құрап отырған болса, не жолжүгіндегі мүліктің 1 кг-нің жуықтап алынған бағасы 50 000 теңге одан артық соманы құраса, онда Жөнелтуші міндетті түрде жолжүгінің құндылығын жариялайды.

3.8.2. Жеке (тұрмыстық) қажетсінулерге арналған жөнелтілімді тапсыру жағдайда Жөнелтуші АПП-ның «жүктің атауы» бағанында «жеке заттар» деп көрсетуі тиіс және міндетті түрде барлық мүліктің тізімін ұсынуы тиіс. Тізімді машинкамен басуға, не қолмен толтырып жазуға болады. Тізім Жөнелтуші мен Орындаушы өкілінің қолтаңбасымен куәландырылады. Орындаушы өз бастамасы бойынша жөнелтілімдегі заттарды тізімде көрсетілген заттарға сай болуына қатысты қарап тексеріп шығуға құқылы.

3.8.3. Қалған жағдайларда Жөнелтуші жолжүгінің бағасын жария ету не етпеу шешімін өз бетінше қабылдайды.

3.8.4. Құндылығы бағаланған жолжүгін тапсыру жағдайда Ережелердің 3.8.1., 3.8.2-тт. сәйкес Жарияланған құндылығы үшін төлемақы алынбайды.

3.8.5. Жолжүгіндегі Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) жариялаған мүліктің құндылығы соның шынайы құнынан аспауы тиіс.

3.8.6. Жолжүгіндегі тауардың құны сатушының шотында көрсетілген не келісімшартпен ескерілген бағаға негізделумен белгіленеді.

3.8.7. Құндылығы бағаланған жолжүгін тапсыру жағдайда Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) Орындаушыға құны туралы ақпарат көрсетілген тауар-ілеспе құжаттарын ұсынады.

3.8.8. Құндылығы бағаланған жолжүгін қабылдау жағдайда Орындаушы жолжүгінің құрамындағы ыдыстың ішіндегі заттарды жарияланған құнның жолжүгінің құрамындағы заттарға сай болуына қатысты тексеріп және/не жолжүгінің құрамындағы заттарды ішкі қайта есептеуді жүргізуге құқылы. Ыдыстың ішіндегі затты тексеру мен ішкі қайта есептеу жағдайда Жөнелтушінің болуы міндетті шарт болып табылады.

3.8.9. Орындаушының бастамасы бойынша жүргізілген ыдыстың ішіндегі затты тексеру мен қайта есептеу шараларының ақысын Тапсырыс беруші төлемейді.



3.9. Жолжүгінің келіп жеткені туралы хабарлама берудің тәртібі. Жолжүгін алу үшін құжаттарды ресімдеу. Жолжүгін беру.

3.9.1. Жолжүгінің келіп жеткені туралы Орындаушы Алушыға ол келіп жеткен күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін хабарлауға міндетті. Тапсырыс берушіні (Алушыны) хабардар етудің жеткілікті әдісіне телефон арқылы хабардар ету жатады. Хабарлама беру фактісінің растауына телефонмен сөйлесудің дыбыстық жазбасы және «ТРАНСЖЕЛДОРНЭТ» корпоративтік бағдарламасындағы хабарлама беруші және хабарлама алған тұлғалардың деректері көрсетілген, оқиға жайлы, хабарламаның күні мен уақыты туралы жазба жатады.

Алушыға ТКЖ-да көрсетілген телефондар бойынша хабарласу мүмкін болмаған жағдайда Орындаушы бұл туралы Жөнелтушіге телефон арқылы хабардар етеді, Орындаушы өзінің бұдан арғы уақыттағы әрекеттері туралы нұсқауларды және Орындаушының өзге байланыс телефондарын сұратады.

3.9.2. Жолжүгін алу үшін Алушы Орындаушыға хабарласып ТКЖ-ның нөмірін айтуы тиіс.

3.9.3. Орындаушы жолжүгін Алушының өкіліне оның қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуымен береді.

3.9.4. Жолжүгі төмендегідей құжаттарды ұсынған жағдайда беріледі:



  • Алушы – ТКЖ-да көрсетілген жеке тұлға не Жеке кәсіпкер – жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;

  • Алушы – ТКЖ-да көрсетілген жеке тұлға не Жеке кәсіпкердің (мөртаңбасы жоқ) өкілі – өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және нотариалдық сенімхаттың түпнұсқасы;

  • Алушы – ТКЖ-да көрсетілген жеке тұлға не Жеке кәсіпкердің (мөртаңбасы бар) өкілі – өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және нотариалдық сенімхаттың түпнұсқасы.

  • Алушы – заңды тұлғаның бас директоры – жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және лауазымға тағайындалуы туралы шешім (хаттама). Шешім (хаттама) ұйымның мөртаңбасымен куәландырылуы тиіс.

3.9.5. Жеке басын куәландыратын құжаттар деп келесі құжаттар танылады:

  • ҚР азаматының жеке куәлігі;

  • ҚР азаматының төлқұжаты;

  • төлқұжаты жоқ тұлғалар үшін (шақырту бойынша қызметін өтеп жатқан қызметкерлер) әскери билет;

  • ҚР әскери қызметкерінің жеке куәлігі;

  • елшілік төлқұжат не қызметтік шетелдік төлқұжат;

  • теңізшінің төлқұжаты не теңізшінің жеке куәлігі;

  • Әділет министрлігі органдарымен берілген анықтаманың түпнұсқасы (фотосуретпен), онда төлқұжатының оны жоғалтып алу, қайта ресімдеу не өзге себеппен жоқ екендігі туралы мәлімет беріледі.

3.9.6. Алушы сенімхатта заңнамамен белгіленген қажетті деректемелер көрсетілген деген шартпен кез-келген түрде толтырылған сенімхатты қолданып отыра алады.

3.9.7. Нотариалдық емес, кез келген түрде толтырылған сенімхатта (заңды тұлғаның, мөртаңбасымен ЖК-ның) төмендегідей мәліметтер көрсетілуі тиіс:



  • уәкілетті және уәкіл еткен тұлғаның толық атауы;

  • сенімхаттың берілген күні және оның жарамдылық мерзімі;

  • уәкілетті тұлғаның төлқұжаттық деректері туралы ақпарат – міндетті түрде сериясы, нөмірі, кім берген, берілген күні, төлқұжаты бойынша тіркелген мекенжайы не жеке басын куәландыратын өзге құжат бойынша толық деректемелері;

  • жолжүгін алуға құзырлығы;

  • сенімхатты берген тұлғаның толық аты-жөні көрсетілген қолтаңбасы;

  • мөртаңбаның бедері.

Сенімхатты ресімдеу ережелері туралы толығырақ ақпаратты Орындаушының кеңсесіне, www.jde.kz сайтынан, сондай-ақ 8-727-390-69-09, 8-727-380-42-36 анықтама телефондарынан білуге болады.

3.9.8. Жолжүгін біржолғы алу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы №216 бұйрығына арналған №6 қосымшада көрсетілген 3-1 пішіміндегі сенімхаттардың бланкілерін қолдануға болады.

3.9.9. Жеке басын куәландыратын құжаттың болмауы не жолжүгін алу туралы тиісті түрде толтырылмаған сенімхат Орындаушыға жолжүгін ұсынбау құқығын береді. Бұл жағдайда туындайтын зиянды (қоймада қосымша сақтау, автокөлікпен жеткізу жағдайдагі автокөліктің жүрген жолы және т.б.) Тапсырыс берушінің өтеуі тиіс.

3.9.10. Жолжүгін алған кезде Алушы сенімхаттың түпнұсқасын береді және Орындаушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жасайды, ал техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттардағы деректерді Орындаушы қолмен көшіріп алады.

3.9.11. Жөнелтілген жүк егер Тараптар Келісімшартқа арналған Қосымша келісімде өзгеше шартты келіспесе Алушыға ұсынылған қызметтердің төлемақысы келіп түскеннен кейін беріледі.

3.9.12. Алушы ұсынған құжаттар тексерілгеннен кейін Орындаушы ескертулер болмаған жағдайда Алушыға жолжүгін алуға арнап ТКЖ-ны ұсынады.

3.9.13. Алушы ТКЖ-ны Орындаушының қоймасында ұсынады және Орындаушы келіп жеткен жолжүгін береді. Автокөлікпен жеткізу жағдайда Орындаушы сонымен қатар Алушыға ТКЖ мен жолжүгін береді.

3.9.14. Жолжүгін қабылдау жағдайда Алушы Орындаушымен бірге келіп жеткен жолжүгін тексеріп шығуға, және ескертулер болған жағдайда (ыдыстың күйінің, орын санының, көлемінің, салмағының өзгеруі) жолжүгін қабылдап алуға міндетті, ол туралы ТКЖ-да белгі соғылады.

3.9.15. Егер жолжүгін беру кезінде Алушы ыдыстың күйінің, не орын санының өзгеруін анықтайтын болса, ыдыстың ішіндегі заттар тексеріледі.

3.9.16. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады, онда келесі деректер көрсетіледі:



  • орамасының күйі;

  • құжаттарда көрсетілген және тексеру жағдайда табылмаған тауарлардың тізімі;

  • жолжүгінің бүлінулер тізімі – бүлінулер болған жағдайда.

3.9.17. Актіге жүргізіліп отырған тексеруге қатысып отырған Тараптардың өкілдері қол қояды. Клиент ұсынған құжаттардың куәландырылған көшірмелері Актінің ажырағыссыз бөлігі болып табылады. Актіге қол қоюдан бас тартуға болмайды. Актінің пішімі мен мазмұнына қатысты келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар онда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

3.9.18. Жолжүгін Алушыға ішіндегі затқа қол жеткізуді жоққа шығаратын қабы бүлінбеген түрінде және нөмірі ТКЖ-да көрсетілген пломбысы сақталған түрінде ұсынған жағдайда Орындаушы жүктің кем шығуы туралы шағымдарды қабылдамайды және Акт жасалмайды.

3.9.19. Жолжүгін Алушының қоймасына автокөлікпен жеткізу жағдайда Орындаушы соны жеткізу мерзімін келіседі және жолжүгін алу туралы дұрыс толтырылған сенімхат ұсынылған жағдайда оны Алушыға береді.

3.9.20. Орындаушының міндеттері жолжүгі жеткізілу бекетінде Тапсырыс берушіге (Алушыға) берілген сәттен бастап орындалған болып саналады. Жолжүгінің берілу фактісі Тапсырыс берушінің (Алушының) және Орындаушының қолтаңбаларымен расталады.

3.9.21. Жолжүгі келесі орындарда беріледі:


  • Орындаушының қоймасында;

  • Алушының қоймасында не Тапсырыс беруші (Алушы) автоэкспедициялауға тапсырыс берген кезде нұсқаған жерде.

3.9.22. Орындаушының қоймасында жолжүгі қойма жұмыс істеп тұрған кезде беріледі. Қойманың мекенжайы мен оның жұмыс уақытын Орындаушы www.jde.kz сайтында, Орындаушының кеңселеріндегі ақпараттық тақшаларында ақпарат берумен, сондай-ақ Тапсырыс берушінің телефондық сұратулары бойынша хабарлайды.

3.9.23. Орындаушының қоймасындағы тиеу-түсіру жұмыстарын Орындаушы жүргізеді және олар осы Келісімшарт бойынша негізгі қызметтердің бағасына кіреді.

3.9.24. Автоэкспедициялау жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушыға көліктік құралдардың келу уақыты туралы хабардар етуі, Орындаушының көліктік құралының қойманың аумағына не өзге жүк түсіру жеріне қатынауын қамтамасыз етуі тиіс.

3.9.25. Алушы Орындаушымен бірлескен түрде келіп жеткен жолжүгін қарап шығып және, ескертулер болмаған жағдайда (ыдыстың күйінің, орын санының, көлемінің, салмағының өзгеруі) жолжүгін қабылдап алуы тиіс, ол туралы ТКЖ-да белгі соғылады.

3.9.26. Жолжүгінде келіп жеткен тауарлардың күйін тексеру қажеттігін тудыратын міндеттемелер болмаған жағдайда жолжүгі Алушыға тексерусіз беріледі.

3.9.27. Егер жолжүгін Алушы жөнелтілімді алғаннан кейін Орындашының қатысуынсыз ашып тексерген болса, ейінгісі сол жолжүгінің сақталуы жауапкершілігінен босатылады.

3.9.28. ТКЖ-да көрсетілген жолжүгінің нақты параметрлері (салмағы, көлемі) сәйкес келмеген жағдайда жолжүгі қайта таразыға тартылады/көлемі өлшенеді В және жөнелтілімнің ресімделген және нақты параметрлерінің арасындағы сәйкессіздіктердің анықталғаны туралы акт жасалады.

3.9.29. Егер тасымалдау құжатында көрсетілген және нақты салмағындағы айырма 5%-дан аспаса –мұндай айырма таразының қателігі шегіндегі елеусіз айырма деп танылады.



3.10. Қоймада сақтау. Жолжүгін ұстап қалу, сату және пайдаға жарату.

3.10.1. Орындаушы қоймасындағы жолжүгін тегін сақтау мерзімі жолжүгін алған жерде белгіленеді. Бұл мерзім Алушы жөнелтілімнің келгені туралы хабарлама алғаннан күннен не жөнелтілім келген күннен бастап (ең кеш мерзімі бойынша есептеледі) 2 (екі) жұмыс күнінен аз болмауы тиіс.

3.10.2. Егер жолжүгінің келгені туралы хабарлама берілген күн не жолжүгінің келген күні демалыс және мейрам күндері алдындағы күнге сәйкес келсе, тегін сақтау мерзімі бірінші жұмыс күнінен бастап есептеледі.

3.10.3. Орындаушы қызметтерінің ақысын соңғы тегін қоймалық сақтау күнінде төлеген жағдайда Алушы жолжүгін келесі жұмыс күні қойма қызметтерінің төлемақысын төлеусіз алуға құқылы.

3.10.4. Жолжүгін жеткізу қызметтері үшін төлемін алмаған Орындаушы төлемін алғанша жолжүгін ұстап отыруға құқылы. Сондай-ақ Орындаушы жолжүгін қоймалық сақтау қызметтерінің ақысы толық төленгенше ұстап отырады (№ 1 Прайс-парақтың 2-бөлімінде және № 3 Прайс-парақтың 2-бөлімінде көрсетілген мерзімдерден арсырып сақтау, соның ішінде егер мұндай сақтау жеткізу және сақтау қызметтері үшін уақытында төленбеуіне орай жүргізілген болса).

3.10.5. Орындаушыға автокөлікпен жеткізу қызметтерін көрсету туралы тапсырма келіп түскен кезде Тапсырма келіп түскен сәттен бастап жеткізу бекетінде қоймалық сақтаудың төлемақысы алынбайды (көрсетілген қызметтер бойынша берешек болмаса).

3.10.6. Алушы ақылы қоймалық қызметтер басталған сәттен бастап 10 күн ішінде жолжүгін алмаса, Орындаушы жолжүгінің келгені туралы Жөнелтушіге (Тапсырыс берушіге) және Алушыға жазбаша хабарлама жібереді.

3.10.7. Егер Жөнелтуші мен Алушыдан ешқандай да жазбаша нұсқау келіп түспесе, аталған жолжүгін (органикалық сақтау мерзімі бар заттар мен тез бүлінетін тауарларды санамағанда) Орындаушы хабарлама жіберген сәттен бастап 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін, Орындаушы:



  • Жөнелтушіге кейінгісіның есебінен қайтаруға;

  • Орындаушының қоймасына сақтауға қоюға;

  • сатуға құқылы.

3.10.8. Алушы Орындаушыға байланысты болмайтын себептермен жолжүгін қабылдаудан бас тартқан жағдайда кейінгісі жөнелтілімді Жөнелтуші көрсеткен жаңа мекенжайға (жүкті басқа мекенжай бойынша жіберу) жеткізуге құқылы. Жаңа мекенжайы бойынша жеткізу мүмкін болмаған жағдайда Орындаушы Жөнелтушімен келісім бойынша Жөнелтушінің есебінен жөнелтілімді Жөнелтушіге қайтаруға құқылы. Оны қайтару не басқа мекенжай бойынша жіберу кезінде жөнелтілімді жеткізудің шығындары Жөнелтуші есебінен өтеледі.

3.10.9. Орындаушы құжаттармен бекітілген бағасына байланысты не мұндай құжаттар жоқ болған жағдайда, әдетте салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас тауарлар үшін алынатын баға не сараптамалық бағалау негізінде сатып алу-сату шарты бойынша жүкті сатуға құқылы. Сатылған жөнелтілімнен Орындаушыға түскен қаражат Орындаушыға жолжүгін тасымалдағаны үшін тиесілі болатын төлемдерін, сондай-ақ жолжүгін сатумен байланысты шығындарды шегерумен жолжүгінің иесіне аударылады.

3.10.10. Егер Орындаушыға көліктік құжаттармен танысып шығудың нәтижесінде жүктің иесін анықтай алмаса, ал Жөнелтуші, Алушы не Төлеуші жөнелтілім затына қатысты меншік құқығы туралы мәлімдемесе, меншік иесі Орындаушымен анықталмаған деп есептеледі. Бұл жағдайда Орындаушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жөнелтілім иесіне төленуі тиіс ақшалай қаражаттарға иелік жүргізеді.

3.10.11. Орындаушы келесі жағдайлар орын алған кезде жолжүгін пайдаға жаратуға құқылы:



  • Алушы мен Жөнелтушіден жолжүгін пайдаға жаратуға жазбаша тапсырма болған жағайда;

  • Жазбаша хабарлама жіберген (поштаға тапсырған) күннен бастап бір жыл бойы (Ереженің 3.10.6-т. қараңыз) Алушыдан не Жөнелтушіден жазбаша тапсырма алмаған жағдайда не мүлікті сату тиімсіз болған жағдайда.

  • Жолжүгінде анықталға сақтау мерзімі шектеулі заттарға қатысты – жазбаша хабарлама (Ереженің 3.10.6-т. қараңыз) жіберген күннен (поштаға тапсырған) бастап 30 (отыз) тәулік бойы Алушыдан не Жөнелтушіден жазбаша тапсырма алмаған жағдайда.

3.10.12. Жоғарыда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін қандай да бір жазбаша нұсқау болмағанда, Тапсырыс беруші пайдаға жарату туралы тапсырманы ұсынды, ал Орындаушы соны қабылдады деп саналады, бұл жағдайда меншік құқығы Орындаушыға өтпейді.
4. Дауларды реттеу. Актілік-шағымталаптық жұмыс

4.1. Клиентпен (Тапсырыс берушімен) жолжүгін жеткізу міндеттемелерін орындауға қатысты дау туындаған жағдайда оны келіссөздер арқылы шешуге арнап барлық қисынды шаралар қабылдау керек.

4.2. Келісімшарт пен осы Ережелерден туындап отырған шағымталаптар ұсынудан бұрын Орындаушыға міндетті түрде наразылық хаты ұсынылуы тиіс.

4.3. Дау келіссөздер арқылы және кінә шағымталаптық тәртіппен реттелмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде соттың қарауына беріледі.

4.4. Жүкті жеткізу қызметтерінің тиісті емес түрде орындалғаны анықталған жағдайда Акт жасау қажет. Жеткізу мерзімі бұзылған жағдайда Акт жасалмайды, ТКЖ-да жүктің берілген күні көрсетіледі.

4.5. Актілер келесі жағдайларда жасалады:



  • жөнелтілімді жеткізуге арнап беру кезінде Жөнелтушінің жазғыруларының туындауы (мысалы, ЖТЖ орындау кезінде жөнелтілімнің бүлінуі);

  • Орындаушының қоймасында жолжүгін беру кезінде, жолжүгінің жоғалуымен, кем шығуымен не зақымдалуымен (бүлінуімен) байланысты;

  • жолжүгінің көліктік құжатта көрсетілген нақты параметрлеріне сәйкес болмау жағдайы анықталған кезде (Қайта өлшеу актісі).

Акт Тараптардың әрқайсысына арнап бір-бірден 2 данада ресімделеді. Қайта өлшеу акті үш данада жасалады (бір данасы Алушыға беріледі, 2 данасы Орындаушыда қалады).

4.6. Акт шимайсыз, өшірусіз және қандайда бір түзетулерсіз толтырылады және оған Тараптардың уәкілетті тұлғаларының қолдары қойылады.

4.7. Қажет болған жағдайда актіні жасауға сарапшы мамандар тартылады. Жолжүгінің бұзылу сипаты мен себептерін анықтау үшін жолжүгі Орындаушының қоймасында қалдырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қоймада сақталғаны үшін төлем алынбайды.

4.8. Акт ақша қаражатын төлеу үшін тәуелсіз негіздеме болып табылмайды.

4.9. Егер жолжүгін алған кезде ТКЖ-да көрсетілген параметрлер мен жолжүгінң нақты параметрлері (салмақ, көлем) арасында айырмашылықтар байқалған болса, онда:


  • ТКЖ-дағы параметрлері асырып көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші ТКЖ-да көрсетілген параметрлерге сәйкес тасымалдау үшін төленген сома мен нақты параметрлер бойынша есептелген сомалардың айырмасына тең соманы алуға құқылы;

  • ТКЖ-дағы параметрлері азайтып көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші Қайта өлшеу актінде көрсетілген параметрлерге сәйкес үстеме төлем жасайды, одан кейін жолжүгі Алушыға беріледі.

4.10. Егер Тапсырыс беруші (Жөнелтуші, Алушы) Орындаушы көрсеткен қызметке қанағаттанбаса, онда ол шағымталап әзірлеп және оны Орындаушының қарауына бере алады.

4.11. Шағымталапта мыналар қамтылуы тиіс:



  • қызметтердің тиісті түрде орыналмау факиісінің қысқаша сипаттамасы;

  • өздерінің сомасына негіздеме жасаумен залалдарды өтеу туралы талабы;

  • ақшалай қаражатын аударуға арналған деректемелер.

4.12. Шағымталапқа төмендегідей құжаттар қоса беріледі:

  • «ЖДЭ КЗХ» ЖШС-ның ТКЖ-сы;

  • «ЖДЭ КЗХ» ЖШС-мен жасалған Келісімшарт;

  • Жеткізу бекетінде Тараптармен жасалған қызметтердің тиісті түрде орыдалмауы туралы акті. Аталмыш Актіге жеткізу бекетінде Алушының өкілі мен Орындаушының өкілі қол қоюы тиіс;

  • Сатушының шоты және соның ақысының төленгені туралы растау құжаты мен Шағымталапты ұсынушының меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;

  • сатушының Шоты болмаған жағдайда өнімнің құны туралы мәліметтер көрсетілген сатушымен жасасқан Келісімшарт және меншік құқығының басқаға өтуі туралы келісім ұсынылуы мүмкін (не тауарлық чек кассалық чекпен және кіріс кассалық ордерімен бірге);

  • тасымалдауға тапсырылған жүктердің тізілімін растайтын құжаттар. Мұндай құжаттарға тарапқа қосалқы қорды босату рұқсат-жүктелімі (Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №216 бұйрығына 13-қосымша. 3-8 пішім) не буып-түю парақтары жатады.

4.13. Шағымталапқа қосарланған материалдар белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелер түрінде ұсынылуы тиіс.

4.14. Құжаттардың ресімделген жиынтығы Орындаушыға пошта арқылы жолданады не қолдан қолға табысталады.

4.15. Шағымталапты Орындаушы оны алған күннен бастап 30 тәулік ішінде қарап шығуы тиіс. Қарау нәтижелері бойынша Орындаушы соны ұсынушыға шағымталаптың қанағаттандырылғаны не оны қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Шағымталап ішінара қанағаттандырылған не одан бас тартылған жағдайда онда Орындаушы өтініш берушіге қабылданған шешімнің себептері туралы хабарлауы тиіс. Шағымданушы жолжүгінің меншік иесі болып табылмаған жағдайда және оның меншік иесінің шағымталапты ұсынуға сенімхаты болмаған жағдайда Орындаушы Шағымталапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

4.16. Шағымталапты ұсыну мерзімі – шағымталапты ұсыну құқығы туындаған күннен бастап алты ай. Орындаушы егер мерзімін кешіктіру себебін ол орынды деп таныса, шағымталапты алты ай өткеннен кейін қарауға қабылдауға құқылы, алайда ол бұлай етуге міндетті емес.


5. Қорытынды ережелер

5.1. Жеткізу қызметін көрсету кезінде Тапсырыс беруші мен Орындаушы өзара телефондық, факсимильді және электронды байланыс арқылы өзара ақпаратпен алмасып отыра алады.

5.2. Қосымша қызметтерді Орындаушы негізгі қызметке (жолжүгін жеткізуге) тапсырыс бергенде ғана ұсынады.

5.3. Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) негізгі қызметке тапсырыс беруден бас тартқан жағдайда Орындаушыға соның арқалаған шығындары төленеді (ЖТЖ қызметтері, тор құру және т.б.).

5.4. Орындаушыға арналған барлық өтініштер, ұсыныстар мен нұсқаулар нұсқауда көрсетілген барлық деректер анық оқылады деген шартпен жазбаша түрінде (соның ішінде факсимильді және электронды байланыс құралдарын пайдаланумен) ұсынылуы тиіс. Деректерді анық сәйкестендіре алмаған жағдайда Орындаушы нұсқаудың түпнұсқа түрін сұратуға құқылы. Тапсырыс берушінің телефонограмма түрінде берілген өтінішін Орындаушы қарамайды.

5.5. Жолжүгін жеткізу қызметін көрсету шеңберіндегі хаттардың, өтініштердің, қосымша келісімдердің үлгілері www.jde.kz сайтына жайғастырылған




  1. Тараптардың қолдары

ОРЫНДАУШЫ:

«ЖДЭ КЗХ» ЖШС

Р.М.Раисовтың танытуымен
_________________________________

2012 ж. «____»_____________________



ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:

_________________________________________

анытуымен ______________________________
________________________________________

2012ж. «_______»_________________________









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет