Биологиялық өлім
Биологиялық өлім диагнозы тек «виталдық үштік» бұзылыстары толық болғанда ғана қойылады. Биологиялық өлімнің негізгі белгісі болып ми өлімі есептеледі, оны ЭЭГ арқылы анықтайды. Сондай-ақ, биологиялық өлім көрсеткішіне мыналар кіреді: организмнің сыртқы орта қоздырғышына ешбір рефлексі болмауы, тыныс тоқтауы, көз қарашығындағы рефлекстер болмауы, «мысық көзі» феномені және т.б.
5. Өлу кезеңдері үрдіс ретінде. Агония алды жагдай, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім.
Өлім-организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы.Табиғи және мезгілсіз немесе патологиялық өлім болады. Табиғи өлім тұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып есептеледі, ол организмнің әбден қартайып тозуынан дамиды. Патологиялық өлім әрқашан мезгілсіз кез келген жаста болуы мүмкін. Өлімнің түрлерімен патанатомия,соттық медицина пәндері таныстырады. Олардың ішінде патофизиология пәні үшін маңыздысы өлімнің сатылары.Өлім преагония(жан тәсілім алды),ақтық (терминалдық) үзіліс, жантәсілім (агония),клиникалық өлім және биологиялық өлім сатыларынан тұрады.
Жантәсілім алды кезінде өлім бара жатқан адам есінен айырылады,науқастың жүрек соғуы жиілеп,әлсірейді,артынан сирейді,тынысы үзілісті тыныстарға (Чейн Стокс Биот таныстарына ауысады.Кейін тынысы,жүрек соғуы тоқтайды,былайша айтқанда ақтық үзіліс пайда болады.Бірнеше секунд-минуттан соң агония басталып,агониялық тыныс(ақтық дем) қозғалыстары байқалады.Бұл кезде қан қысымы қайтадан сәл(сынап бағанасы бойынша 15-20мм дейін)көтеріледі.Тыныстық қозғалыс демді ауызбен терең ішке тарту түрінде байқалады. Адам ауызбен ауаны жұтуға тырысады.Артынан тыныстық қозғалыс және жүрек қызметі мүлде тоқтайды.Осыдан клиникалық өлім дамиды,барлық рефлекстер жоғалады,қан қысымы тамыр соғуы анықталмайды,Бұл саты 5-6минутқа созылады. Ары қарай келесі сатысы биологиялық өлім байқалады.Ең алдымен жүйке жүйесінде қайтымсыз өзгеріс дамиды.Бірінші болып мидың сыртқы қыртысының одан кейін мидың бағаналық бөлімнің және жұлынның қызметтері істен шығады. Өйткені жүйке жүйесіне қанмен оттегі және қоректік заттар жеткізілумен қоректік заттардың оттегіні пайдаланып тотығуы(аэробтық тотығуы)бұзылады да ,кесек қуатты фосфор қосындылары түзілуі болмаудан, энергия тапшылығы дамиды.Артынан өлім даму себебіне қарамай,оттегінің үдемелі жетіспеушілігінен эндокриндік бездердің,ұлпалық ағзалардың және тіндердің қызметтері бұзылады.Бұл кезде биологиялық өлімнің айқын белгілері болып:
• Дененің мұздауы
• Онын сіресіп қалуы
• Өліктік дақтармен жолақтардың пайда болуы есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |