1. Патологиялык физиологияның зерттеу объектісі және әдістері. Патофизиология және клиникалық медицинаның дамуы үшін тәжірибе әдісінің маңызы. Тәжірибелік емдеу - ауруларды зерттеудің және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуінің маңызды әдісі ретінде.
Патофизиология (гректiн раthоз (ауру, дерт, кесел), physis (табиғат, жаратылыс, функция, кызмет), logos - (ілім, ұғым) деген сөздерiнен куралган) дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Патологиялык физиология жасушалардын, ағзалардың, жүйелердiн және тұтас организмнiн калыптан тыс өзгерістерінің жалпы зандылыктарын анықтайды.
Патофизиологиянын негiзгi максаты -дерттік үрдістердін (аурудын) пайда болу себептері, даму және сауығу жолдары мен онын салдарларын зерттеу есептеледі.
аурудын пайда болу себептік байланыстарын (этиологиясын, гректiң aitia себеп, logos - ілім деген сөздерінен тұрады) зерттеу;
аурудың даму және сауығу жолдарынын негiзгi зандылыктарын (патогенез, гректің pathos - дерт, genesis - даму деген сөздерiнен кура- лган) аныктау;
Клиникада аурудын жеке тұлғалардағы дара көрiнiстерiн зерттеп, емдейді. Мәселен, терiнiң кабынуын дерматовенерологтар зерттесе, мидын кабынуын невропатологтар, журектiң қабынуын - кардиологтар, буйректің кабынуын - нефрологтар, т.с.с. тексерiп емдейді.
Патофизиология калыпты физиология сиякты эксперименттік әдісті колданады. Лабораториялык жануарларда адам ауруларынын, улгiсiн (моделiн) алады. Аурудың үлгiсi деп зертханалык жануарларда адам ауру- ларынын кейбiр түрлерiнiң көшiрмесiн алуды айтады. Казiргi жағдайда адамнын көп ауруларынын улгiлерiн тәжiрибелiк жануарларда алуға болады. Мәселен, жаракаттык сілейме (шок), кантты диабет, атеросклероз, артериялык гипертензия, миокард инфаркты, өкпе, буйрек кабынуы т.б. Сонымен қатар, есте сақтайтын бiр жай, ол адам ауруларынын үлгiсiн жануарларда толык көлемiнде алу мүмкін емес. Сонда да аурудын патогенезiндегi кейбiр манызды түйiндерiн, және кейбiр симптомдарды толық зерттеуге мүмкіндік береді.
Эксперименттiк әдiстердiн негiзгi мүмкiншiлiктерi:
• аурудың пайда болу себептерi мен себептік байланыстарын тек-сере алады;
аурудын эксперименттiк үлгiсiнде ең алғашкы пайда болу сатысынан бастап сонғы нәтижесiне дейiн байкауга болады; .
аурудын емделмеген түрiн байкап, толык тексеруге болады. Ал, бул мумкiншiлiксiз аурудын патогенезiн анықтау мумкiн емес;
жана ашылган кандайда болмасын ем тәсiлдерiн жануарларда тексеру (эксперименттiк терапия) мумкiншiлiгi болады.
Осыған қосатын жай, казiр патофизиологияда клиникалык бакылау әдiсi де кенiнен колданылады. Клиникалык патофизиология өзi бiр жеке пен болып тарап келеді. Яғни, қазіргі зерттеу құралдарынын (компьютерлік томографтар, ультрадыбысты құралдар т.б.) жетістіктері клиникалык патофизиологиянын дамуына улкен ыкпал етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |