8. Этиологиялык факторлардың жіктелуі. Патогендік факторлардың қасиетгері. Аурулардың пайда болуында себептер мен жағдайлардың маңызы, олардың өзара байланыстары.
Этиология (гректiн aitia - себеп, logos - ілім деген сөздерiнен тұрады) аурудың пайда болуындағы себептiк байланыстарды зерттейтін ілім. Қысқа мағынасында этиология деп ауру туындатқан себепкер ықпалды түсінеді.
Ауру көптеген ықпалдардың бiрiгiп әсер етулерiнен дамиды. Бүл ықпалдар бiр-бiрiмен және адам төнімен өзара әсерлерде, арақатынытарда болады. Ұдайы өзгерiп тұратын коршаған ортаның және ұдайы дамып тұратын адам организмiнiң жағдайларында әсер ететін ықпалдар бірін-бірі күшейтіп немесе әлсiретiп тұрулары ықтимал. Мәселен, іш сүзегі, тырыскак, оба, саткак (дизентерия) т.б. аурулардың індеттерi тек жазгы ыстык айларда, ал тумау, бөртпе сүзек т.с.с. аурулардың iндеттерi тек жылдың салкын айларында кездеседi. Кейбiр iндеттердің тарауы күн жүйесінің оралымдары мен күннің белсендiлiгiне байланысты екендiгi белгiлi.
Ауру туындауында көптеген ықпалдардың болуына қарамай, оларды себепкер ықпал және ауру туындауына қолайлы септік жағдайлар - деп ажырату өте маңызды. Себепкнр ықпал - деп ауру дамуына мiндеттi болатын және сол ауруға ғана тән арнайы әйгіленімдерді айқындайтын ықпалды айтады. Мөселен, туберкулез тек Кох таяқшаларының әсерлерінен дамиды және сол туберкулезге ғана тән (ағзаның созылмалы қабынуы, дене кызымының шамалы көтерiлуi, организмнiң уыттануы т.с.с.) әйгіленімдермен көрінеді. Суық тигенде баспа, бүйрек кабынуы, өкпе қабынуы, буындардың қабынуы, үсік, дененiң мұздауы (гипотермия) т.б. біршама дерттер дамуы мүмкiн. Бiрақ солардың iшiнде үсік пен дене мұздауына ғана суық температура себепкер ықпал болады. Ал, басқа аурулар кездерiнде суық тию организмнің төзімділігін төмендететін қолайлы жағдай болады. Бұл аурулардың себепкер ықпалы болып негiзiнен стрептококктық немесе пневмококк- тық жұқпалар есептеледі. Өйткені суық температура үсік пен дене мұздауының ғана арнайы әйгіленімдерін (жергiлiктi тiн үсігін немесе дене кызымының төмендеуiн) айкындайды, баскаларының арнайы көрiнiстерi стрептококктармен немесе пневмококктармен айкындалады. Пневмококктардың әсерінен тек өкпе қабынуы (пневмония), стрептококктардың әсерінен баспа, бүйрек кабынуы, буындардын кабынуы т.б. дамиды. Мына жағдайларда:
- әсер ететін ықпал ауру дамуының алдында болғанда;
-әсер еткен ықпалдың қарқыны мен дерттің ауырлығы арасында пара-парлық байланыс болғанда;
- әсер еткен ықпалды организмнен аластағанда дерттiң өту қарқыны әлсіреп, организмнің сауығуы болғанда;
- әсер еткен ықпалдың көмегімен тәжiрибелiк жануарларда аурудың үлгісін алуға болганда - ауру дамуына себепкер ықпал деуге болады.
Барлық ауру туындататын себепкер ықпалдар сырттан әсер ететін, экзогендік және организмнiң өзiнде болатын немесе эндогендiк болып екi топка бөлінеді.
Экзогендік себепкер ықпалдарға:
физикалық (ыстық немесе суық температуралар, иондағыш сәулелер, электр соққы, электромагниттiк толқындар, барометрлiк кысым т.б.) ыкпалдар;
• механикалық(жарақат, жаншылу, созылу т.с.с) ықпалдар;
• химиялық (улы химиялыш заттар мен газдар, ауыр металдар, гербицидтер мен пестицидтер т.б.) ықпалдар;
• биологиялық (микроорганизмдер, вирустар, қарапайым жәндiктер,құрттар т.с.с.) ықпалдар:
әлеуметтік (психогендік, ятрогендік) ықпалдар жатады. Адам үшін сөздің маңызы үлкен.
Эндогендік себепкер ықпалдарға:
• организмнің тектік ерекшеліктері;
• оның қоздырғыштарға жауап қайтару кабілеті (реактивтілігі) мен дене бітімінің айырмашылықтары;
жүйкелік және эндокриндік реттелулерiнiң бұзылыстары;
• иммундық жүйесінің өзгерістері;
• зат алмасу үрдiстерiнiң бастапқы бұзылыстары т.б. жатады.
Себепкер ықпал қоршаган ортаның көптеген ықпалдарымен және организммен өзара тығыз байланыста, өзара әсерлерде болады. Бұл кезде қандай да болмасын себепкер ықпалдың әсеріне организм қарсы әсер етеді.
Этиологияның негізінде аурудан сақтандыру және емдеу шараларының ұстанымдары.
Аурудан алдын-ала сақтандыру немесе емдеу үшін оны туындатқан себептік байланыстарын, себепкер ықпалды анықтау қажет. Осы себепкер ықпалға қарсы бағытталған алдын-ала сақтандыру және емдеу шараларын этиотроптық (себепкер ықпалға бағытталған) профилактика немесе терапия деп атайды. Ол:
• себепкер ықпалды болдырмауға;
• себепкер ықпалға организмнiң корғану-икемделу мүмкіншіліктерін сергітуге немесе көтермелеуге бағытталады.
Бiрiншi жағдайда ауру туындататын қауiптi бактериялар мен оларды тасымалдаушы жәндіктермен күресу өте манызды. Осы мақсатта:
• антисептикалық дәрi-дәрмектер хирургиялық операциялардан кейiнгi жаралардың микробтармен асқынбауы үшiн қолданылады;
• қауiптi iндеттердiң себепкер ықпалын бiлу арқылы олардың жер-жерге тарап кетпеуі қадағаланады;
• жұқпалы аурулардың (безгек плазмодияларының, обаның, бөртпе сүзек т.с.с.) қоздырғыштарын тасымалдаушы жәндіктерді жою iсшаралары қолданылады;
жұқпалы ауруларды емдеуде бактериялардың өсіп-өнуін тежейтін дәрі-дәрмектер (антибиотиктер, сульфаниламидтік дәрілер) кеңiнен қолданылады;
салауатты өмір салтын сақтауда ауруды алдын алуға бағытталған. Екiншi жағдайда ауру туындататын ықпалға организмнiн қорғану-икемделу мумкіншіліктерін сергіту үшін:
• жұқпалы аурулардан сақтандыратын екпелер пайдаланылады. Мәселен, кул ауруына, сіреспеге, іш сүзегiне, полиомиелитке, көкжөтелге, қызылшаға т.с.с. ауруларға қарсы қолданылатын екпелер. Кейбiр аллергиялық ауруларды (поллиноз) емдеу үшiн сол ауруды туындатқан арнайы аллергеннің өте аз өлшемдерiмен екпелер жасалынады;
• организмді суык температураға, күнделікті дене шынықтыруға, гипоксияға машықтандырулар;
• тағамның құрамы бойынша тиiмдi қоректену, антиоксиданттык витаминдер қабылдау т.с.с. кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |