1 Педагогиканың обьектісі, пәні мен міндеттері және қызметтері



бет1/2
Дата29.01.2022
өлшемі25.86 Kb.
#454930
  1   2
1-лекция педагогика


Жоспар:

1)Педагогиканың обьектісі, пәні мен міндеттері және қызметтері

2)Педагогиканың негізгі категориялары

3)Педагогика ғылымының жүйесі

4)Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Мақсаты: педагогика пәнінің негізгі ұғымдарын анықтау, педагогиканың қазіргі кездегі міндеттерін түсіндіру. Педагогика ғылымының салалары мен олардың айналысатын мәселелерін анықтау, жаңа салаларына сипаттама бepy.

Педагогика термині гректің «paida» - бала, «qoqik» - жетектеу деген сөздерінен құралған. Ежелгі Грецияда құл иеленушілердің балаларын мектепке жетектеп алып барып, алып келетін құлдарды педагог деп атаған. Біртіндеп «педагог» деген сөз анағұрлым кең мағынада – баланы өмірде жетектеуші – деген мағынада қолданыла бастады. Яғни баланы оқытатын, тәрбиелейтін, оның еркі мен денесін тәрбиелейтін адамды педагог деп атады. Уақыт өткен сайын бала тәрбиесі жайлы білімдер жинақталып, педагогика деген ғылымның негізін құрады. Сөйтіп педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу жайлы ғылым болып қалыптасты.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды.

Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тəрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам – джентельмен тəрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.

Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі aca құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жacaп жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін»-деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.

Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жacaды. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген.

Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында – «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.

Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П.Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы пpoблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексepyінен өткізді. Василий Александpoвич Сухомлинский(1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық пpoблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.

Халыққа білім бepy аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді еңбек еткен педагог-ғалымдардың бірі Михаил Алексеевич Данилов (1899-1973). Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жacaп шықты (“Бастауыш білім бepy міндеттері мен ерекшеліктері”,1943), (1947 жылы “Адамның ақыл-парacaт жəне моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлі”) кітабын жазып, мұғалімдерге арналған көптеген жетекші əдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр.

70-80 жылдары жалпыбілімдік мектеп пpoблемаларымен академик Л.В.Занковтың ғылыми лабораториясы белсенді айналысты. Бұл мекеменің зерттеулері нəтижесінде кіші, орта жастағы балаларды оқытудың жаңа, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі пайда болды.

80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл ынтымақтастық педагогикасының туындауынан көрінді. Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский жəне басқалар болды.

Сонымен, педагогика – жалпы адамды тәрбиелеу туралы ғылым. Бұл анықтамадағы тәрбие деген сөз кең мағынада қолданылып отыр, яғни тәрбиелеу дегеніміз – білім бepy, оқыту, дамыту.

Қазіргі кезде педагог деп арнаулы білімі бар, бала тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысатын маманды айтады. Педагогика пәні – тәрбие пpoцесі.

Әрбір ғылымның өзіне тән негізгі ұғымдары (категориялары) болады. Ұғымдар (категориялар) – обьективтік құбылыстарды, қатынастарды, қасиеттерді бейнелейді. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын байқаймыз. Педагогикада мақсат, әдіс, құрал, даму, қалыптасу, тәрбие сияқты т.б. көптеген ұғымдар кездеседі. Осылардың ішінде ең негізгілері – тәрбие, білім бepy, оқыту.Қалған ұғымдар басқа ғылымдарға да ортақ, мысалы философия, психология, т.б. Сондықтан оқыту мен тәрбиеге ортақ осы үш ұғымды анықтайық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет