Сабақтың мақсаты: Білімділік: Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің



Дата14.06.2016
өлшемі96.5 Kb.
#135105
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ. Микропроцессор (МП) Ішкі жад, Сыртқы жад. Жүйелік шина. Сыртқы құрылғылар.Қосымша құрылғылар. Өңдеу принциптері.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің

құрылымы және оның жұмыс істеу принципі, микропроцессор (МП) ішкі жад, сыртқы жад, жүйелік шина, сыртқы құрылғылар, қосымша құрылғылар, өңдеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;



Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығьш арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,

баяндау арқылы түсіндіру.


Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум,
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

5. Үйге тапсырма
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Есептеуіш машиналарының түрлерін атап шығыңдар.

  2. Есептеуіш машиналардың жалпы сипаттамаларын атаңдар.

  3. ДК -дің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады?

  4. ДК-нің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар?

  5. ДК-дің негізгі құрауыштарын атап шығындар.

  6. Аналық (жүйелік) таңшаның құрауыштарьш атаңдар.

  7. Монитор неге арналған?

  8. Мақсатына қарай ДК-лер қандай топтарға бөлінеді?

  9. Түрмыстық мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.

  10. Жалпы мақсаттағы ДК-ні кімдер, қайда пайдаланады?

  11. Кәсіптік мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.

  1. Конструктивтік (құрылымдық) орындалуы бойынша ДК-лердің айырмашылығы неде?

МИКРОПРОЦЕССОР (МП)


Микропроцессор – дербес компьютердің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық – логикалық операциялар орындауға арналған.







Процессордың сипаттамасы



Такт – Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.

Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік

жиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді.



Жад регистрлері - Ақпарат өңдеу барысында процессорға түскен деректерді сақтауға

арналған жадтың ішкі ұяшықтары.



Процессордың разрядтылығы Бір тактіге процессор өңдей алатын байттар мөлшері.

Разрядтылық неғұрлым үлкен болса, компьютер бір такт ішінде соғұрлым көп ақпарат

өңдей алады.

Дербес пайдаланылатын компьютердің өнімділігі - ішкі жадтың көлеміне,

процессордың тактілік жиілігіне, процессордың разрядтылығына, кеңарна өңдеу соғұрлым тез өтеді.



ІШКІ ЖАД

Ішкі(жедел) жад-негізі











СЫРТҚЫ ЖАД










Қатқыл магниттік дискілер (винчестерлер)

Иілгіш магниттік дискілер (флоппи-дискілер немесе дискеттер)

Лазерлік дискілер (СD-RОМ)

Магнит тік таспалар

(стример лер)

МІНДЕТІ

Сақтау, жазу, оқу өшіру

Сақтау, жазу, оқу өшіру

Сақтау, жазу, оқу

Сактау, жазу, оқу

КӨЛЕМІ

20-180 Гбайт

1,44 Мбайт

700 Мбайт

Таспа ұзындығ ымен

шектелге н



АҚПАРАТТЫ ӨЗГЕРТУ МҮМКІНДІГІ

Иә

Иә

Иә

жоқ


ЖҮЙЕЛІК ШИНА

Ақпараттық кеңарна (шина)

Шинаның разрядтылығы ондағы сымдардың санына тәуелді.

Деректерді оқығанда процессор адрес шинасы бойынша ішкі жадқа ұяшық адресін береді, және деректер шинасы бойынша ұяшықтағыны алады. Дерек жазғанда процессор адрес шинасы бойынша ішкі жадқа адресін береді, ал деректер шинасы бойынша осы ұяшыққа жазылатын ақпарат жібереді.



Процессор




Ішкі жад





































Деректер


















































СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР

Сыртқы құрылғы ДК-дің жалпы бағасының 50-80 пайызын құрайды. ДК-ның сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.


сыртқы жадтайтын құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады

байланыс және телекоммуникация құралдары

Міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың мынадай түрлері бар:







ақпарат шығару құрылғылары



диалогтық құралдары



ақпарат енгізу құрылғылары

Пайдаланушының диалогтік қүралдарының құрамына бейнеманитор - ДК-ге енгізілген және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді.

Ақпарат енгізу қурылгыларына пернетақта, графиктік планшеттер. сканерлер, манипуляторлар, сенсорлық экрандар жатады.

Ақпарат шығару құрылғыларына принтерлер, графиксалғыштар (плоттерлер) жатады.

Байланыс және телекоммуникация құрылғыларына желілік контроллерлер атап айтқанда модем жатады.



ҚОСЫМША ҚҰРЫЛҒЫЛАР


Математикалық сопроцессор



Жадқа тікелей шығу контроллері

Енгізу – шығару сопрецессоры

Екілік сандармен операция орындауды жылдамдатуға арналған



Микропроцессорды магниттік дискілердегі жинағыштарды тікелей басқарудан босатады

Енгізу – шығару процедураларының орындалуын жылдамдатады

Компьютердің жұмыс істеу принципін жалпы түрде алғашқы рет 1946 жылы американдық ғалым Джоно Фон Нейман жазған. Программалық басқару принципі мыналардан тұрады:



  • енгізу құрылғыларының көмегімен компьютердің ішкі жадына
    программа жазылады;

  • процессор программаның бастапқы нұсұқаулары бар ішкі жадтың
    ұяшықтарындағыны шығарып оқиды:

  • ол нұсқауларды орындайды, олар:

  • деректермен операциялар (арифметикалык логикалық);

  • жадтан деректерді оқу (амалдарды орындау

  • деректерді жадқа жазу үшін (операцияларды орындау)

  • жадқа енгізу құрылғысы арқылы дерек енгізу)

  • шығару құрылғыларына жадтан дерек шығару;

Осылайша процессор нұсқаулар мен программалық автоматты түрде орындайды - бұл программалық басқару принцпі.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: практикум (5.1-5.5 тапсырмалар)

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Процессор қандай қызмет атқарады?



  1. Микропроцессордың құрылымына қандай қүрылғылар кіреді?

  2. Арифметикалық-логикалық құрылғы қандай қызмет атқарады?

  3. Басқару құрылғысы не істейді?

  4. Тактілік жиілік деген не?

  5. Процессордың разрядтылығы деген не?

  6. Ішкі жадта ақпарат қалай сақталады?

  7. Жад ұяшығы дегеніміз не? Оның өлшемі қандай?

  8. Ақпараттық кеңарна деген не?

  1. Жүйелік шинаның негізгі қызметтерін атаңдар.

  2. Ақпаратты ішкі жадқа шығарып оқу және жазу қалай жүреді?

  1. Сыртқы қүрылғылардың қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Ақпарат енгізу құрылғыларына не жатады?

  3. Ақпарат шығару құрылғыларына не жатады?

  4. Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар.

  5. Математикалық сопроцессор не үшін қажет?


Үйге тапсырма беру. Практикум: 5.6-5.8 тапсырмалар.

Оқулық: 41-59 беттегі тақырыптарды (МАЗМ¥НДАУ).

Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет