1 практикалық жұмыс. MAPINFO ПРОГРАММАСЫ. КЕҢIСТIК МӘЛIМЕТТЕРIН БЕКІТУ ҮШІН КООРДИНАТА ЖҮЙЕЛЕРІ. РАСТРЛЫ БЕЙНЕ.
Maplnfo Professional – геоақпараттық жүйе (ГАЖ) аумақтар, аудандар, қалалардың картасын, жоспарын талдайды және анықтап құрастырады. Құрастырылған электронды карта әр-түрлі тәсілдерменен көрсетілуі мүмкін, мысалы, жоғары сапалы картографиялық өнім ретінде. Maplnfo шешілметйтін күрделі географиялық талдау мәселелерін де шешеді. Мысалы: әр-түрлі тақырыптық карта құрастыруға мүмкіндік береді, жойылып кеткен деректер қорымен байланыса алады, географиялық объектілерді басқа программаларға тасымалдайды.
Maplnfo программасының негізгі мүмкіншіліктері: векторлық мәліметтермен және олармен байланысты тақырыптық ақпараттармен жұмыс жасайды; суретті төсенді (подложка) ретінде пайдалана отырып картографиялық ақпараттарды жөндеуге болады; мәліметтерді үш түрлі көріністен көруге болады: Карта, Тізім және Графика. Тақырыптық карта құрастыра отырып ақпараттарды көрсету; Карталардың проекцияларын өзгерту; әртүрлi күрделiлiктi сұрау (SQL-запрос) салуларын құрастыру.
Координаттар жүйесі жердегі бағыт пен арақашықтықты анықтау үшін қажет. Ендік пен ұзындықты пайдаланып координаттардың географиялық жүйесі Жердің сфералық бетінде немесе аралық глобуста орналасқан объектілердің жағдайын анықтау үшін жақсы. Осы глобустан жобаланған екі өлшемді карталармен жұмыс істейтіндіктен, әр түрлі проекцияларға сәйкес келетін координаттардың бір немесе бірнеше жүйелері қажет етіледі. Координаттардың мұндай жүйелері жазықтықта координаттардың картографиялық ( геодезиялық) тік бұрышты жүйелері ( cartografical\ geocletic) rectongulor sustems of coordinates) деп аталады, олар жазық карталардағы объектілердің жағдайларын нақты көрсетеді.
Тік бұрышты координаттардың негізгі жүйесі графиктік және сандық бұрыштармен жұмыс бойынша белгілі. Ол 2 сызықтан: абциссалар мен ординаттардан тұрады. Абцисса – 0-ден бастап, яғни координат басынан, 2 бағытта шексіз жалғасатын сандардың бірдей таралуын құрайтын көлденең сызық. Шамаларды – X координаталары деп аталады, олар оң және теріс болады. Екінші сызық, ордината, сол бастапқы нүктеде оң және теріс бағыттарда тік бұрышты қозғалысты қамтамасыз етеді. Олар бірігіп X және Y шамаларын көрсетумен кез келген нүкте мен объектінің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. ГИС – та координаттарды шығару үшін пайдаланатын қондырғылар мен дигитайзерлер координаттарды қарапайым декаративті жүйеге негізделген. Тік бұрышты координаттардың классикалық жүйесі. Әрбір нүкте қос шамамен – X ( абцисса ) және Y ( ордината ) координатасымен анықталады. Дәстүр бойынша бірінші координатаны X, екінші – Y деп атайды. Карта солтүстіктен жоғары бағытталса, әдетте, координата шығысқа бағытталған деп аталады, өйткені ол шығыс бағыттағы бастапқы нүктенің арақашықтығына сәйкес келеді. Осыған ұқсас, Y – координатасы солтүстікке бағытталған деп аталады, өйткені бастапқы нүктеден солтүстік арақашықтықта сәйкес келеді. Көріп отырғанымыздай, батыс және оңтүстік бағыттар жоқ. Бұның орнына бастапқы нүктені картада барлық мәндер оң болатындай орналастырады, немесе басқаша айтқанда координаттар жүйесінің солтүстік-шығыс квадратында барлық нүктелер болуы керек. Бұл координаттарды бірінші оң жағынан, одан кейін бастапқы нүктеден жоғарыға қарай оқуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда территорияның мөлшері әрбір жер учаскі үшін жазық беттің нақты көріністі қамтамасыз ететін координаттардың аралас ( нөлдік емес ) бастауларын талап етуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандай жазық коордиеаттардың мәндері күрделі болғандықтан ұсақ масштабты карталарды талдауда пайдаланылмайды. Мұндай карталар үшін жобалауда құрылған ауытқу компенсациялары талап етіледі.
ГАЖ – тар проекция жүйесі мен координаттар Меркатордың көп таралған универсалды көлденеңі ( VTM ) болып табылады. Ол дистанциялық ( аралық ) зондтаумен, топографиялық карталарды дайындауда, табиғи ресурстардың деректерінің базасын құруда пайдаланылады. Өйткені, ол көптеген елдерде және ғылыми байланыспен қабылданған метрикалық жүйеде нақты өлшеулерді қамтамасыз етеді. Онда өлшеудің негізгі бірлігі метр болып табылады. VTM жер бетін ұзындвғы 6° бойынша ендіктің 60%-тік белдемінде бөледі. Олардың әрқайсысы оңтүстік ендіктің 80°-нан солтүстік ендіктің 84°-на дейін өтеді. Барлық координаттар оң болу үшін, VTM-де координаттардың 2 басы бар: біреуі – экваторда ( солтүстік ) және екінші – оңтүстік ендіктің 80-ші параллелінде ( оңтүстік ). Бұл белдемдер шығыс бағытта 180°меридианнан басталып номерленген. Жер беті градусты ендік бойынша бөлінеді.
Растерлік бейне — фотосуреттің немесе суреттің растрлық нүктелер жиынтығы түрінде берілген графикалық материалдардың компьютерлік ұсынылуы. Растрлық бейнелердің үстіне MapInfo картасын салуға болады. Растрлы файлдар түрлі-түсті немесе ақ-қара пиксель деп аталатын нүктелерден тұрады. Растерлік файл Х және У координата жүйелерінде мәлімет ретінде негізі қаланған (практика жүзінде векторлық бейнелерден өзгеше). Барлық MapInfoдағы мәліметтер векторлық болып табылады. Әдетте, олар векторлық бейнелер үшін «қосу» сияқты етіп, векторлық картаға қарағанда, растерлік бейнелерді бөлшектендіру дәрежесін әлде қайда көп қолданады. MapInfo-да растрлық бейнені тек компьютер экранынан көруге болады «растрлық төсенді» ретінде, ол көрініске өзгеріс енгізуге болмайды. Векторлық картаға қарағанда растрлық бейнеге ешқандай мәліметтер енгізуге болмайды. Олар векторлық карта салу ұшін тек төсенді ретінде қолданылады. 1 суретте Мәскеудің растрлық картасы, оның үстіне MapInfo векторлық картасы салынған Растрлық бейнелерді алудың бірнеше әдістері бар.
Егер сізде бағдарламалық қамтамамен қамтамасыз етілген сканер құрылғысы болса соның көмегімен растерлік файлды құра аласыз. MapInfo өзі сканермен байланыспайды, ол тек басқа программада дайындалған файл көріністерін оқиды. MapInfo сканерлеу программасында құрылған растрлық бейнелерді оқи алады және көрсете алады. Кейбір графикалық пакеттер TIFF форматындағы (Tagged Image File Format) (tif.) бейнелерді экспорттайды немесе сақтауға мүмкіндік береді. Осылай, графикалық пакеттер көмегімен TIFF-файлын құрып, оны содан кейін MapInfo-да көрсетуге болады.
1 сурет. Мәскеудің растрлық картасы
MapInfo-да растрлық көріністер әртүрлі графикалық материалдарды және фотосуреттерді, қағаз карталарын қолдануға мүмкіндік береді Мысалы, егер сіз қағаз карталарымен жұмыс істейтін болсаңыз, онда оларды MapInfo форматында векторлық карта құру үшін қолдана аласыз.
Өткізілген қағаз картасы мен растрлық файл ретінде алынған карталарды сіз карталар терезесінде көрсете аласыз. Карта терезесінде көрсетілген растрлық бейнелерге бұрынғыдай өлшеміне, масштабына немесе осы терезенің орталық нүктесіне өзгерту енгізе аласыз. Мысалы, растрлық бейне көрінісінің көлемін ұлғайту үшін «Ұлғайту лупасы» құралы қолданылады. Сонымен қатар мынаны есте сақтау керек: көлемін қатты ұлғайту растрлық суреттердің көрінісін жоғалатады. Әрбір нүкте (пиксель) нақты көрінеді. Сол үшін бейне әртүрлі түстегі квадраттар жиынына айналады, нақтылығын жоғалтады.
Растрлық бейнелеу экранда векторлық қабаттарға енгізуге болмайтын нақтылықтарды көрсетеді, мысалы, космостық фототүсірімдердің топографиялық нақтылықтарын векторлық форматқа аудару ыңғайсыз. Растрлық бейненің үстіне векторлық қабатты орналастыру арқылы сіз карталарды жөндей аласыз. Төсенді қағазды қолдана отырып редактирования процесі тассировка деп аталады (Қателіктері аз болуы үшін сіздер проекциясы дәл белгілі растрлық бейнеледі немесе өзгертілген аэрофотосуреттерді ғана сандық көрініске келтіре аласыз). MapInfo-да растрлық бейнелерді қолданатындардың көбі сканерден өткізілген карталар немесе фототүсірілімдер. Сонымен қатар басқа да үлгілерді көрсет, соның ішінде әртүрлі компаниялардың эмблемаларын. Карта терезесіне эмблеманы сыйдыру арқылы сіз «Есеп беру» терезесі көмегімен шыққан құжатта қолдана аласыз. Көптеген әртүрлі форматтағы растрлық файлдар қолданыста бар. MapInfo келесі форматтармен жұмыс істей алады:
• файл аты GIF (Graphics Interchange Format)
• файл аты. JPG (JPEG форматы)
• файл аты.TIFF (Tagged Image File Format форматы)
• файл аты.РСХ (ZSoft Paintbrush)
• файл аты.ВМР (Windows bitmap)
• файл аты.ТОА (Targa)
• файл аты -BIL (SPOT спутникті түсірілім)
• файл аты.ЗГО (MrSID форматы)
• файл аты -WMF (Windows Metafile форматы)
• файл аты PNG (Portable Network Graphics форматы)
• файл аты -PSD (Photoshop 3.0 форматы)
• файл аты -ECW (ECW модуль форматы)
Достарыңызбен бөлісу: |