Шағын комплектілі мектептер құрудың себептері қандай? Шағын жинақты мектептер



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі20.92 Kb.
#486689
түріҚұрамы
  1   2   3
практика тапсырма №2


Практикалық тапсырма №2

  1. Шағын комплектілі мектептер құрудың себептері қандай?

Шағын жинақты мектептер – біріккен сынып құрамында шағын оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:
- біріктірілген сыныптармен;
- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды. Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар. Шағын мектеп - параллельді сыныптарсыз, оқушылардың саны шағын мектеп. Көптеген елдерде, әсіресе, ауылдық жерлерде кең тараған. КСРО-да 70-жылдардың басына дейін «шағын мектеп» термині екі, үш не төрт сыныптың оқушылары, барлығын косқанда саны 15-тен аспаса, бір жиынтық сыныпқа біріккен бастауыш мектепке қатысты қолданылған. Жиынтық-сыныппен бір мұғалім жұмыс істейді. Егер шағын мектеп 2 не 3 жиынтық сынып болса, онда соған сәйкес 2 не 3 мұғалім жұмыс істейді. Шағын жинақты мектеп - бұл параллель сыныптары жоқ оқушылар саны аз мектеп. Шағын жинақты мектептерде сыныптардың толық еместігі сай келеді. Бөлек сыныптар мүлде қатыспауы мүмкін мектептер де бар. Осындай мектептердің пайда болуы, бұл біздің байтақ елімізде адамдардың әр түрлі орналасуына байланысты. Бұрын шағын жинақты мектептер тек шағын ғана ауылдарда, уақытша елді-мекендерде қалашықтар да ашылды. 2022 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2019 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады. Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет