1 практикалық жұмыс
Тапсырманың мақсаты: Бұрғылау мәліметтері бойынша ұңғыманың геологиялық қимасын сызуды практикалық машықтану (берілген нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау).
Реттік саны бойынша нұсқалар бекітіледі.
1 р/с – 1 н.; 2 р/с -2 н.; 3 р/с -3 н.; 4 р/с -4 н.; 5 р/с – 5 н.; 6 р/с -6 н.;
7 р/с – 1 н.; 8 р/с -2 н.; 9 р/с -3 н.; 10 р/с -4 н.; 11 р/с – 5 н.; 12 р/с -6 н.;
13 р/с – 1 н.; 14 р/с -2 н.; 15 р/с -3 н.; 16 р/с -4 н.; 17 р/с – 5 н.; 18 р/с -6 н.;
19 р/с – 1 н.; 20 р/с -2 н.; 21 р/с -3 н.; 22 р/с -4 н.; 23 р/с – 5 н.; 24 р/с -6 н..
Практикалық сабақтың жоспары:
Берілген геологиялық материалдар бойынша ұңғыманың қимасын тұрғызу үшін тереңдік масштаб таңдап алу және қиманы құру үшін стандартты бағана түсіру керек.
«Қалыңдылығы» бағанасына қабаттардың қалыңдылығын және «литология» бағанасына шартты белгілер бойынша қабаттың құрамы салынады.
Стратиграфиялық жағдайлары бойынша қабаттарды қосу.
Жалпы жоспарда геологиялық профиль жер қыртысының жоғарғы бөлігінің вертикальды қима бойынша құрылысын көрсетеді. Мұнай – газ кен орнының геологиялық профилі бұрғыланған ұңғымалар құжаттары бойынша құрылады. Ол тектониканы оқуда қажет мұнай шоғырының құрылысы, коллектор қабаттардың литологиясының өзгергіштігі, олардың қалыңдығы, әр – түрлі тіректі горизонтардың қатынасы жөнінде көрнекті түсініктер береді.
Іздеу – барлау жұмысында литологиялық құрамы бөлінген мұнайлы- газды қабаттар және олардың сипаттамасы берілген тау жыныстары белгілі бір мұнай (газ) кен орнында ашылып, стратиграфиялық бөлшектенген геологиялық қима негізгі геологиялық құжат болып табылады (1 сурет).
Геологиялық профиль – берілген бағытта ұңғымалар арқылы өтетін вертикальды бетте орналасқан жер қыртысы бөлігінің құрылысы көрсетілген сызба. Профильде беттің рельефі, негізгі горизонттар, өнімді қабаттар, тектоникалық бұзылыстар және басқа да керекті деталдары көрсетіледі. Геологиялық профильдер ауданның құрылысы, қабаттардың орналасуы, коллекторлардың таралуы, шоғырдың формасы, сумен жапсарласу сипаты туралы көрнекті мәліметтер береді.
Профильдер бірінші қазылған ұңғымалар қималары негізінде және оларды корреляциялаудан кейін құрылады. Жаңа қазылған ұңғымалардың мәліметтерімен толықтырылып жаңа профильдер құрылады. Геологиялық профильдер геологиялық және құрылымдық карталардың масштабтары бойынша құрылады.
Практикалық жұмысты орындауда вертикальды және горизонтальды масштабтар таңдап алынады. Қимаға шартты белгілер арқылы тау жыныстарының литологиясы түсіріледі.
1 сурет - Стратиграфиялық бөлшектенген геологиялық қима
Геологиялық профильді құруда вертикалды және горизонталды масштабтарды бірдей етіп алу қажет. Бірақ, жайпақ платформалық көтерілімдер болған жағдайда көбінесе вертикалды масштабты мұнай мен газ шоғырының құрылысын жеткілікті анық көрсету, құрылымның басқа да элементтерін көрсету үшін ұлғайтады. Вертикалды масштабты ұлғайту горизонталды масштабпен салыстыруда қабаттардың орналасу формасының өзгеруі болмас үшін 10:1 аспауы қажет.
Геологиялық профиль белгілі бір тәртіппен құрылады. Профильде жоғарыда сол жағында – Б (батыс), оң жағында – Ш (шығыс), сонымен қатар солдан оңға қарай: оңтүстік – солтүстік, оңтүстік – батыс – солтүстік – шығыс, солтүстік – батыс – оңтүстік – шығыс.
2 сурет – Ұңғымалар бойынша геологиялық профиль
1- құм; 2- доломит; 3- саз; 4- мергель; 5- мұнайлы құм; 6- гипс;
4- битумды тақтатас; 8- әктас; 9- сазды құм; 10- сулы құм; 11- тығыз сазды
құмтас; 12- сазды тақтатас; 13- ұңғыма сағасы; 14- бұзылу беті.
Су – мұнай жапсары (ВНК) – 450 м абсолюттік белгісінде анықталған.
Шөгінді таужыныстардың жəне кейбір құрылымдық элементтердің шартты белгілері
1 - əктастар; 2 жазу боры; 3 - əксаздар; 4 – доломиттер; 5 – саздар;
6 –саздақтар; 7 – сазды тақтатастар; 8 – құмдар; 9 – сазды құмдар;
10 – құмтастар; 11 – малтатастар (галечники); 12 – конгломераттар;
13 – тасшайырланған (битумданған) тақтатастар; 14 – тас көмір;
15 – шымтезек; 16 – мұнаймен қаныққан құмтас; 17 – газбен қаныққан
құмтас; 18 – сумен қаныққан құмтас; 19 – гипс; 20 – ас тұзы (галиттер);
21 – жанартаулық туфтар; 22 – гнейстер; 23 – кристалдық тақтатастар;
24 – сазды тақтатастар; 25 – мəрмарлар; 26 – кварциттер; 27 – таужыныс
қабаттарының жайпақ (горизонталь) астасуы белгісі; 28 – таужыныс
қабаттарының еңістене астасу белгісі; 29 – таужыныс қабаттарының тік
құлау белгісі; 30 – антиклин қатпар; 31 – синклин қатпар; 32 – күмбез
тұрқылас қатпар; 33 – синклиннің өсі; 34 – лықсыма (сброс);
35 – жорамалданған лықсыма; 36 – ығыспа (сдвиг); 37 – шурфтар;
38 – бұрғыланып жатқан ұңғыма; 39 – мұнайдың жер бетінде ашылу көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |