15. Дәрігердің эмоционалды күйреуі туралы түсінік.
Эмоционалды күйреу синдромы психикалық қажудан пайда болады. Және де кәсіби қатынасты тиімді орындау деңгейі төмендейді: дәрігер бұрынғыдай өз жұмысын толық беріле алмайды, оның өзіндік бағалауы төмендейді, яғни дәрігер өз істерін сәтсіз деп қабылдайды. Дәрігер, науқастың мазасыздығы мен депрессивті ойларына мән бермеуі мүмкін. Науқас жөнінде салқын немесе немқұрайлы, тіпті өшпенділікпен айтуы мүмкін. Дәрігердің мұндай дағдарысы уақыт өте келе қайталанып тұруы мүмкін. Сондықтан да, науқастар мұндай дәрігерге барудан қашып, тіпті тәжірибесі аз, бірақ ілтипатты дәрігерге баруды жөн санайды. Осындай дағдарыс кезінде дәрігердің біршама демалып, кәсіби тренингтерге қатысып, психотерапевт маманның көмегіне сүйенгені дұрыс. Дәрігер әйел адамдарда, ер адамдарға қарағанда эмоционалды күйреу жиірек кездеседі. Эмоционалды күйреуге түскен адамдарды әділетті, сезімтал немесе жұмсақ деп сипаттайды. Сонымен қатар, олар эмоционалды тұрақсыз, көңіл күйі толқымалы және тұйық болып келеді.
16. Психологиядағы белсенді тыңдау. Тыңдау стильдері: рефлексивті емес, рефлексивті және эмпатикалық тыңдау.
"Белсенді тыңдау" дағдысы - әңгімелесушінің психологиялық жай-күйін, сезімдерін, ойларын әңгімеге қатысудың арнайы әдістерінің көмегімен дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін, өз тәжірибелері мен ой-пікірлерін белсенді білдіруді білдіретін әдіс. Белсенді тыңдау кезінде әр пациентке дәрігер,пациенттің темпі және мінезіне қарай,әртүрлі стильдер қолданады. Тыңдау стильдеріне: рефлексивті,рефлексивті емес және эмпатикалық тыңдау болып бөлінеді. Рефлексивті емес тыңдау-пациенттің сөзін бөлмей,мұқият тыңдау. Бұл тыңдау кезінде вербальді емес жесттер және қысқаша: «Түсінемін», «Жалғастырыңыз,өтінемін», «Аха» деген сыңды сөздер қолданысқа түседі. Рефлексивті тыңдау-дәрігер тыңдаған сөздерді дұрыс түсінгенін нақтылау үшін көптеп сөйлеуі мүмкін. Бұл тыңдау кезінде дәрігер:қайталайды,нақтылайды,сөздерді синонимдеріменен алмастырады және қорытындылайды. Эмпатикалық тыңдау-пациенттің жай-күйін түсінуге,оның ішкі сезімін,халін,жағдайын сезініп,пациентке оны шыныменен түсінетінін тыңдау арқылы көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |