КӨЗ КҮТІМІ
Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау,қалі ауыр науқастың көзіне таңертеңгілік тазалықты жүргізу,көзге дәрілік ерітіндіні тамызу алдында.
Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайы, көзден бөлінулердің болуы.
Дайындаңыз: стерилді: дәке тампондарын, лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдарға арналған), пинцетті, ундинканы,көз стаканшаларын, мензуркаларды, тамызғыштарды, фурацилин ерітіндісін 1:2000, вазелин майын, физиологиялық ерітіндіні, қолғаптарды; ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
|
|
|
1.Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.
2.Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.
3.Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.
5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.
6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.
7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.
8. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың, мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
9. Көздерін қарап, тексеріңіз жағдайына баға беріңіз.
10.Пациентті Фаулер қалпына жатқызыңыз.
11. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.
12.Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.
|
|
|
|
|
|
|
|
Бір мензуркаға стерилді вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз,.
|
|
Дәке тампонпондарын пинцеттің көмегімен алып, стерилді лотокка салыңыз.
Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына батырып ылғалдаңыз, оны аздап мензурканың қабырғасына сығыңыз.
|
|
Дәке тампонын оң қолыңызға алып,бір көзін көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай бағыттап сүртіңіз – іріңді қабыршықтардың жұмсап, теріден ажырауын қамтамасыз етеді.
|
|
Құрғақ тампонмен көзді дәл осы бағытта сүртіңіз – жұмсарып, босап қалған қабыршықтарды кетіру үшін.
|
|
Дәке тампонын фурациллин ерітіндісіне малып алып, ылғалдап, дәл осы бағытта көзді сүртіп шығыңыз.
|
|
Сүртуді 4-5 мәрте әрбірінде тампонандарды аустырып, іріңді қабыршықтар толық кеткенше жалғастырыңыз.
|
|
Екінші көзді де дәл осындай әдіспен өңдеңіз.
Барлық қолданыған тампондарды ластанған бұйымдарды салатын лотокқа салыңыз.
|
|
Қолданыста болған тампондарды ҚЖЖК-қа салыңыз, пинцетті, мензуркаларды ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысқа салыңыз.
|
|
Бет пердені,қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-қа салыңыз.Қолыңызды жуып кептіріңіз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |