1. Құрамында галогені бар антисептиктердің құрамында микроб жасуша-сының протоплазмасын денатурациялайтын және жоятын белсенді галогендер: хлор немесе йоды бар.
СhІоrаmіnum - хлорамин Б: бос хлорды бөлетін ұнтақ, 1,5 – 2% еріт. - жараны жууға, тампон, салфеткаларды ылғалдауға; 0,25 - 0,5% еріт,- қолды өңдеуде және бейметалл құралдарды зарарсыздандыру үшін (металл құралдарын өңдеуге болмайды - хлор металлды тотықтырады); 1-5% еріт. - науқасты күтуге арналған заттар мен қолданған заттарын зарарсыздандыру үшін қолданылады.
СhІогhехіdini bigluconas - хлоргексидин биглюконаты (абацил, гиби-скраб, манусан) - 20% 500 мл еріт. флаконда; 0,5% - сулы спиртті еріт. - операциялық алаңды өңдеу үшін; 0,5% сулы еріт. - жара мен күйіктерді өңдеу үшін; 0,5% спиртті немесе 1% сулы еріт. - қолды зарарсыздандыру үшін, құрал жабдықтарды залалсыздандыру үшін, 0,1% сулы еріт. - жалпы зарарсыздандыру үшін; 0,02 - 0,05% еріт. - қуық жолдарын жууға, венерологиялық ауруларды алдын алу үшін қолданылады. Хлоргексидин микробқа қарсы және фунгицидті (саңырауқұлақтарға қарсы) әсер көрсетеді. Қолдың терісінің құрғауын, қышыма және дерматит тудырады. Хлорқұрамды заттар жағымсыз иісті жоятын әсері бар.
Sоlutіо lоdі sріrіtuosа (Б) - йодтың спиртті ерітіндісі: 5% - 10, 15 және 20 мл еріт. флаконда және 5% - 1 мл еріт. амп. - операциялық алаңды, хирургтің қолын, жарақат жанын өңдеу үшін қолданылады. Күшті тітіркендіргіш әсер көрсетіп, терінің химиялық күйігін тудыруы мүмкін. Люголь ерітіндісі (калий йодының сулы ерітіндісіндегі йод еріт.) жұтқыншақ пен көмейдің қабынуында шырышты қабатқа жағу үшін қолданылады.Йодоформ (йодинол, йодовидон, йодонат) - йодтың жоғары молекулалы беттік белсенді заттармен («йод тасымалдаушы») кешенді қосылыстары. Бұл препараттар суда ериді (йод суда ерімейді), белсенділігі жоғары, теріні тітіркендірмейді, аллергиялық реакциялар тудырмай, бояу іздерін де қалдырмайды. Ауыз бен мүрын-жүтқыншақ шырыштарын өңдеуге және жарақат, күйік, ойық жараларды емдеу үшін қолданылады.lodopovidon - йодоповидон (бетадин, йодовидон, повидон-йод): 10% 30 мл, 100 мл және 500 мл еріт. флаконда - операциялық алаңды, жарақатты, жараны, күйікті өңдеу үшін