Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ тардың түрлерін сипаттап көрсетеді.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1.Кескін картаға қорықтар мен саябақтарды тауып, геометриялық фигуралар арқылы белгілеп, қай облыстың территориясында орналасқанын анықтайды.
Ұлттық саябақтарды қызыл түсті қаламмен шеңбер сызу арқылы белгілейді.
Қорықтарды қара түсті қаламмен төртбұрыш сызу арқылы белгілейді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Кескін картаға қорықтар мен саябақтарды тауып, геометриялық фигуралар арқылы белгіледі.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
1. Сызбанұсқа арқылы Қазақстанның екі көмір алабына экономимкалық және экологиялық тұрғыдан баға беріп салыстырыңыз.
|