Тірек- қимыл аппараты бұзылған балалардың психикалық-педагогикалық сипаттамасы



Дата24.03.2023
өлшемі0.56 Mb.
#471046
инкл 6 апта


Тірек- қимыл аппараты бұзылған балалардың психикалық-педагогикалық сипаттамасы
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.
Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тез артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды.
Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады. Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл – қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. 
Балалардың сал ауруы 

Кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) нерв жүйесінің көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың белгілері байқалады. «Церебральдық паралич деген термин пренетальды, интрантальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған біршама синдромдардың тобын біріктіретін дерт. Негізгі патологтялық ошақ - көбінесе мидың «жас» бөлімдерін- ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқа да әрекеттерді реттейтін мидың үлкен жарты шарлары зақымданады.

БЦП-ның нгеізгі клиникалық белгілері: түрлі қимыл - қозғалу кемістіктері, психикалық бүзылулар және тіл мүкістері.
БЦП-ның нгеізгі себептері: ананың жүктілігі кезінде немесе босану кезінде, немесе бала өмірінің алғашқы жылдарында әртүрлі әсерлері.
Пренетальды кезеңде үрыққа зиянды әсер ететін келесі факторларды атап көрсетуге болады:
  • -жүкті ананың инфекциялық аурулармен ауруы (вирусты жүқпалы аурулар, қызамық, токсоплазмоз);
  • -ананың жүрек - қан тамыр және әндокринді жүйелерінің аурулары;
  • -үрықтың жарақаттанулары мен зақымданулары;
  • -ана және бала қанының резус-фактор бойынша сәйкес келмеуі;
  • -физикалық факторлардың әсері (қызыну мен өте қатты тоңу, вибрацияның әсері, оның ішінде ультрафиолетті сәулелер
  • -кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;
  • -экологияның жағымсыз әсері (ауаның, судың ластануы, азық-түліктегі нитраттардың, уландырғыш заттардың, радионуклидтедің, әртүрлі жасанды қоспалардың көп мөлшерде болуы).

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет