11 сынып Қазақ тілі 1 нұсқа
1.«Ақындық туа біткен өнер болса,шешендік жүре келе қалыптасқан қасиет» деген ойды кім айтқан.?
а) Платон ә) Цицерон б) Аристотель в) Сократ г) Демосфен
2. «Сөз мәдениетінің жоғарғы формасы – шешендік» атты ойдың авторын табыңыз.
а) Б.Майлин ә) М.Әуезов б) М.Балақаев в) Ғ.Мүсірепов г) З.Қабдолов.
3.Шешендік сөздің сөйлеушілер санына қарай нешеге бөлінетінін белгілеңіз
а) 3 ә) 2 б) 4 в) 6 г) 5
4. Асан қайғы,Жиренше Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек пен Қойлыбай сыйлап өткен ғажап тіл.
Осы жыр шумағының авторын атаңыз.
а) Қожаберген жырау. ә) Ақтамберді жырау. б) Доспамбет жырау. в) Қазтуған жырау. г) Дулат жырау
5. «Шешендік – кісінің көркі» атты даналық сөздің авторын атаңыз.
а) Платон ә) Гораций б) А.П.Чехов в) Аристотель г) Цицерон
6. «Терең ой,түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді.Әулие деген сол болса керек» деген ойдың авторын белгілеңіз.
а) Шәкәрім ә) Абай б) Демосфен в) А.П.Чехов г) Т.Пейт
7. Шешендіктің отаны аталатын елді ата
а) Египет ә) Үндістан б) Вавилон в) Ассирия г) Эллада
8. «Ақыл-ойды сату сұлулықты сатумен парапар» деген ойдың авторын атаңыз.
а) Демосфен ә) Аристотель б) Сократ в) Цицерон г) Платон
9. «Федр» атты диалогтың авторын атаңыз.
а) Платон ә) Квинтилиан б) Платон в) Сократ г) Аристотель
10. «Шешендік тәлім» еңбектің авторын атаңыз.
а) Квинтилиан ә) Цицерон б) Платон в) Сократ г) В.В.Радлов
11. «Софистер» дегенді қалай түсінетініңізді белгілеңіз.
а) көркем сөздің заңын ақылы оқитындар ә) шешен сөйлейтіндер б) біреудің пікірін жоққа шығаратындар в) өз ойын дәлелдеушілер г) шындықты жоғары бағалаушылар
12.Аристотельдің ұстазын белгілеңіз
а) Сократ ә) Демосфен б) Квинтилиан в) Цицерон г) Платон
13. «Риторика» атты еңбектің авторын көрсет.
а) Сократ ә) Платон б) Цицерон в) Аристотель г) Демосфен
14. «Риторика» атты оқулықтың авторын табыңыз.
а) В.Г. Белинский ә) Н.В.Гоголь б) М.И.Усачаев в)А.Ф.Кони г) М.В.Ломоносов
15. «Шешендікке қысқаша басшылық» атты оқулықтың авторын атаңыз
а ) М.В.Ломоносов ә) И.С.Рыжский б) А.С.Пушкин в) А.Ф.Кони г) Н.В.Гоголь
16. «Риторика тәжірибелері» атты еңбектің авторын атаңыз.
а) Н.В.Гоголь ә) П.С. Проховщиков б) М.В.Ломоносов в) И.С.Рыжский г) А.С.Пушкин
17. «Дәріс оқушыға кеңес» деген тундының авторын белгіле.
а) В.Г.Белинский ә) Н.В.Гоголь б) А.С.Пушкин в) Л.Толстой г) А.Ф.Кони
18. «Шешен болу үшін тілді,ұлттық әдебиеттің қазынасын егжей-тегжейлі білу – басты парыз» деген түйінді сөздің авторын ата.
а) А.С.Пушкин ә) Н.В.Гоголь б) В.Г. Белинский в) А.П.Чехов г) А.Ф.Кони
19. «Сөз – ұлы нәрсе,тіл – ұлттың жан дүниесі» деген сөздің авторын атаңыз.
а) Л.Толстой ә) В.Г. Белинский б) Н.В. Гоголь в) М.В. Ломоносов г) А.С.Пушкин
20. «Тіл – елшінің қылышы» атты пікірдің авторын атаңыз.
а) Құтып ә) Әбунасыр әл Фараби б) М.Қашқари в) Ж.Баласағұн г С.Негимов
21. Қазақтың ұлттық шешендік өнері қай ғасырда дамыған?
а) VIII-ХІ ә)V-Х б)V-VI в) VII-VIII г) V-ІХ
22. Шыңғысханның он екі биінің бірін ата.
а) Майқы би ә) Аяз би б) Қазыбек би в) Әйтеке би г) Төле би
23. Төле би.Қазыбек би,Әйтеке билер қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз
а) VI-ІХ ә) ХVIII б) ХVI в) ХVII г) ХІ
24. Азамат ердің баласы Жабыққанын білдірмес Жамандар мазақ қылар деп!
Толғаудың авторын атаңыз
а) Міржақып ә) Қазтуған б) Ақтамберді в) Асан қайғы г) Қожаберген
25. «Қазақ даласы ән салып тұр.
Қазақтың алты жасар баласынан бастап алпыс жасар қартына дейін жанынан өлең шығарады» деген ойдың авторын атаңыз.
а) В.В.Радлов ә) Л.Толстой б) Потанин в) А.С.Пушкин г) А.П.Чехов.