Психика – мидың (жоғары ұйымдасқан материя) шындықты субъективті бейнелеу қасиеті Басқа табиғи құбылыстар сияқты, психиканың да өзінің даму тарихы мен заңдылықтары болады. Даму ұзақ болды, ол төменгі қарапайым түрлерден, жоғарғы жетілген түрлерге дейін жетті. Психиканың 2 даму тарихы болады: Филогенез - тарихи даму (түрдің бүкіл эволюциясын қамтитын үрдіс)
Онтогенез – бұл туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара даму Психиканың кімге тән екені туралы бірнеше теориялар бар: Антропопсихизм (Р. Декарт): психика тек адамға тән қасиет Панпсихизм (француз материалистері): бүкіл табиғаттың жаны бар, яғни бүкіл табиғатқа (соның ішінде тасқа да) бүкіл әлемге психика тән Поль Тири Клод Гельвеций Дени Дидр Жюльен Ламетри Биопсихизм: психика тек жанды дүниенің қасиеті (өсімдіктерде де бар) Томас Гоббс Вильгельм Вундт Нейропсихизм (Ч.Дарвин): психика барша жанды материяның қасиеті емес, олардың арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс Мозгопсихизм (К.К.Платонов): психика тек түтік тәрізді жүйке жүйесі, бас миы бар ағзаларға тән (яғни жәндіктерге психика тән емес, өйткені олардың жүйке жүйесі түйін тәрізді және айқын бас миы жоқ) САНА Сана – бейнелеудің ерекше түрі, ол адамның барлық психикалық қызметтерінің жалпы қасиеті болып табылады.
Психиканың ең жоғары түрі – адамның еңбек іс-әрекетінде басқа адамдармен тұрақты тілдесуі негізінде қоғамдық-тарихи қалыптасуының нәтижесі. Психика дамуның ең жоғарғы сатысы – сана болып табылады. Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай? Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады. Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әр уақытта байытып отырады. Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән. Жануарларда сана болмайды. Еңбек іс-әрекеті мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
еңбек құралдарын жасап, қолдану, оларды кейін пайдалану үшін сақтау; еңбек үдерісінің өнімділігі мен мақсаттылығы;
еңбектің өнім туралы түсінікке – еңбек мақсатына бағындырылуы, ол заңды түрде еңбек әрекетінің сипаты мен амалдарын анықтайды;
еңбектің қоғамдық сипаты, оның бірлескен іс-әрекет жағдайында жүзеге асырылуы;
еңбектің сыртқы ортаны өзгертуге бағдарлануы.
Еңбек құралдарын жасап, қолдану және сақтау, еңбекті бөлісу абстрактілі ойлап, сөйлеуге, тілдің және адамдардың арасындағы қоғамдық-тарихи қатынастардың дамуына септігін тигізді. Демек, адам іс-әрекеті ұжымдық еңбек іс-әрекеті жағдайында саналы сипатқа ие болады. Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбектің қарым-қатынасында тіл пайда болды. Тіл - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігінен пайда болды. Тіл мен сөйлеу еңбек үрдісінде, адамның одан әрі миын дамыту және санасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Бірақ адамның психикасы саналы ғана емес, бейсаналыны да қамтиды Австриялық психолог, невропатолог және психиатр З.Фрейд психиканың үш құрамдық құрылым моделін құрған З.Фрейд Сонымен, бейсаналы:
түстегі психикалық құбылыстарда;
автоматтандырылған іс-қимылдарда;
кейбір бейсаналы іс-әрекетке құлшыныстарда;
бейсаналы тітіркендіргіштерге жауап қайтаруда білінеді.