«1 сыныпқа арналған қЫСҚаша мәтіндер жинағЫ» Тауық, тышқан және құр



бет10/17
Дата16.09.2024
өлшемі133.69 Kb.
#503650
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
1 сынып мәтіндер

Аққу –киелі құс.
Аққулар алыс Африкадан көктемде келіп, күзде үшып кетеді. Қазақ халқы аққуларды атпаған. Оны атқан адамды аққудың киесі ұрады деп есептейді. Аққуды нәзіктіктің, сұлулықтың, адалдықтың белгісі деп санайды. Әдемі, сұлу қыздарын аққуға теңейді. Аққулар екеу болып өмір сүреді және жұптарын жазбайды. Біздің Қазақстанда аққудың екі түрі кездеседі.Аққу табиғаттың қайталанбас, сұлу көрінісі.
Аналық жүрек.
Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай, еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.
Бұлақ басындағы оқиға
Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық.Бір күні папам, сіңілім Жанар үшеуіміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық.Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз.Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ, бір лақ бақпаққа батып, тұра алмай талпынып жатыр.Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық.Біз Жанар екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.
Мейірім
Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқам. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, үрейлене жылаған баланың даусын естідім. Қасына барсам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік кішкентай қыз баланың жолын бөгеп алған. Шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті куып жібердім. Қыз бала жылағанын қойып, риза болды. (50 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет