Ерте
заманда тауық,тышқан, құр – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:
- Дән таптым!- деп айқалапты.
- Мұны тиірменге апару керек. Кәне, қайсың алып жүресің?- депті тауық.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де апара алмаймын,- депті құр.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Тиірменге тарттырыпты.
Тауық:
- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.
- Мен апара алмаймын,-
депті тышқан
- Мен де апара алмаймын,- депті құр.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
- Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.
- Мен илей алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де илей алмаймын,- депті құр.
Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:
- Кім от жағады?- деп сұрапты.
-
Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де жаға алмаймын,- депті құр.
Отты да тауық өзі жағыпты.
- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.
- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де сала алмаймын.,- депті құр.
Нанды да тауықтың өзі салыпты.
- Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
Тауық нанды алып қойыпты да:
- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.
- Мен,- деп тышқан стол қасына келіп отырыпты.
- Мен де жеймін,- деп,құр да стол қасына келіп отырыпты.
Түске алданғандар.
Үш аңшы аңға шығыпты. Күн
бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді. Үйректі пісіреді. Үйрек піскен соң, бір аңшы:
- Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз,
сондықтан біреуіміз ғана жейік,- депті.
- Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
- Кім жақсы түс көрсе, үйректі сол жесің,- депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып, үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды.
Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
- Қандай түс көрдіңдер?- деп сұрайды.