1-ТАҚЫРЫП. Flash-технологиясының ерекшеліктері. Flash редакторымен танысу
1.Flash технологиясы
2.Flash Macromedia ортасында шешілетін мәселелер
3.Flash-технологияның компоненттері
4.Flash терезесінің негізгі элементтері
5.Flash редакторымен танысу
Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) пішіміндегі векторлық
графиканың пайдалануына негізделген. Осыған қарамастан, бұл бірінші -
векторлық пішім емес, SWF жасаушылары графиканың бейнелі
мүмкіндіктері, онымен жұмыс істеу құралдары жəне нəтижелерді Web-
беттерге енгізу тетігі араларындағы ең сəтті үйлесімді таба алды. SWF-
тің қосымша артықшылығы - оның портативтігі, яғни бұл пішім кез
келген аппараттық-бағдарламалық платформада (атап айтқанда, Mac OS
операциялық жүйесінде (OS) жұмыс істейтін Macintosh компьютерлерінде
жəне Windows-пен жұмыс істейтін IBM компьютерлерінде)
пайдаланылуы мүмкін. SWF-тің тағы бір ерекшелігі - оның негізінде
жасалған суреттер тек қана анимацияланбайды, сонымен қатар олар
интерактивті элементтермен, сондай-ақ дыбыспен сүйемелденеді.
Web-дизайнерлер арасында SWF пішімінің танымалдығы интерактивті -
мультимедиалық қосымшаларды жасаудың портативтігіне жəне
мүмкіндігіне себепші болды. Осыған орай, Macromedia фирмасының
пішімінің пайда болуымен бірге екі негізгі браузерлер үшін: Internet
Explorer жəне Netscape Communicato кірістірілетін компоненттер (Plug-In)
жасалды, бұл Интернет желісінде SWF-тің кеңірек таралуына ықпал етті.
Flash-технологияның компоненттері:
• векторлық графика;
• анимацияның бірнеше түрлерінің қолдауы;
• интерфейстің интерактивті элементтерін құру мүмкіндігі;
• импорттық графикалық пішімдермен өзара əрекеттесуді қолдау
(растрлықты қоса алғанда);
• синхронды дыбыстық сүйемелдеуді қосу мүмкіндігі;
• HTML пішіміне, сондай-ақ Интернетте қолданылатын кез келген
графикалық пішімдерге Flash-фильмдердің экспортталуын
қамтамасыз ету;
• платформалық тəуелсіздік;
• Flash-фильмдерді автономды режімде жəне Web -браузер
арқылы көру мүмкіндігі;
Flash фильмдер жасаушыларын көптеген кертартпалыққа
негізделген операциялардан арылтатын, сондай ақ Flash
технологиясын іске асырудың техникалық аспектілерін егжей
тегжейлі зерттеуден арылтатын визуалды əзірлеу құралдарының
болуы.
Flash редакторымен танысу. Редактордың пайдаланушылық интерфейсінің ұйымдастырылуы
Windows қосымшалары үшін дағдылы болып табылады. Онда мəзір
жолағы жəне ең жиі қолданылатын пəрмендері бар негізгі саймандар
тақтасының батырмалары қолданылады.
Flash терезесінің негізгі элементтері.Терезенің сол жақ шетінде түзету саймандар тақтасы орналасқан. Ол
графикалық нысандарды жасау жəне түзету үшін пайдаланылатын
құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың ыңғайлылығы үшін саймандар тақтасы төрт бөлікке бөлін-
ген:
Tools (Саймандар), құралдардың екі түрі бар: таңдау құралдары жəне
сурет салу құралдары
View (Түр), суретті қарауға арналған басқару құралдары бар - екі ба-
тырма:
Hand Tool (Қол) - батырманы шерту жылжыту жолақтарын пайдаланбай-
ақ, жұмыс кеңістігін тышқанның көмегімен кез келген бағытта жылжытуға
болатын режимді қосады;
Zoom Tool (Масштаб) —батырманы шерту жұмыс аймағында сурет-
тің - жылдам масштабтау режимін іске қосады; осы режимді қосқанда
масштабтау бағытын (ұлғайту немесе азайту) таңдауға мүмкіндік беретін
Options жолында екі қосымша батырма пайда болады;
Colors (Түстер), құрамында контур түсінің жəне заттардың құйылуы-
ның бөлек таңдауын қамтамасыз ететін батырмалар бар;
Options (Параметрлер), онда таңдалған сайманның қосымша параметр-
лерінің орнату элементтері ұсынылған. Қосымша параметрлері жоқ сай-
мандарда Options аймағы бос болып қалады.
Қажет болған жағдайда саймандар тақтасы шекарадан жəне терезеден
алыстатылып, "қалқып жатқанға" айналуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |