Интерактивтік әдіс («Inter» - бұл өзара, «act» - әрекет, қарым-қатынас) – бұл әңгіме, сұхбат және диалог режиміндегі өзара әрекет дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, тыңдаушының оқытушымен қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар, бір-бірімен болған қарым-қатынасын білдіреді. Интерактивтік сабақтағы мұғалімнің ролі тыңдаушының білімді алудағы мақсатына түбегейлі жеткізу болып табылады. Интерактивтік әдіс-тәсілдер бүгінгі таңда барлық оқу орындарында кеңінен қолданылып отыр. Мысалы, шығармашылық, жұппен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аквариум, рөлдік ойын, пікірталас, пікірсайыс және т.б. Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы: - Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкiндік жасау. - Әp6ip үйренушінің өзінін үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау. - Үйренушілер бiлiмдi өздігімен құрастыратын орта құру (кесте). Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы: - Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкiндік жасау. - Әp6ip үйренушінің өзінін үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау. - Үйренушілер бiлiмдi өздігімен құрастыратын орта құру (кесте).
Қағидалар
|
Мақсаттар
|
Орта қалыптастыру
|
- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінін жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
- Үйренушілер арасында ашық, еркін. шығармашылық қарым-қатынас орнату;
Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.
|
Әрекет арқылы үйрету/үйрену
|
- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;
- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.
|
Өмірмен байланыстыру
|
- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.
|
Өзінділік пен дербестікке баулу
|
- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер студент жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі бермей, оны басқа студенттердің табуына ықпал жасау);
- Үйренушілерде сыни және аналитикалык ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, дәлелдеме келтіру).
|
Достарыңызбен бөлісу: |