№1 Тақырып Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар



бет1/18
Дата02.03.2024
өлшемі3.02 Mb.
#494032
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар.

№ 1.1 Тақырып

Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар.


“Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді”
А.Байтұрсынұлы
“Бүгінгі күні де, болашақта да адамға нақты бір салада білім керек, ол құнды болу керек, дәлірек айтсақ, құндылығы кәсіпқойлыққа және ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек. Өйткені, ескі білімге оқушыдан сұраныс жоқ”
Н.Ә.Назарбаев

Инновациялық оқыту технологиялары.

Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы. "Оқыту технологиясы ” ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.

"Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады.

Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат – оқу мақсаттарын нақтылап алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн құрастыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет