№1 тақырып Салықтың және салық салудың түсінігі
Дәріс мақсаты: Салықтың түсінігі және оның нарық жағдайында мемлекет
ӛмірінде алатын орнына талдау жасау
Негізгі ұғымдар: Салық, салықтың экономикалық категориясы, салықтың
құқықтық категориясы, мемлекеттік бюджет, материалдық категория.
Салықтардың
пайда
болуының
және
дамуының
қоғамдық-
экономикалық және саяси мән-жайлары. Салықтың заңи айқындамасы мен
ӛзіне тән айрықша белгілері. Салықтардың қаржылық қатынастар
жүйесіндегі рӛлі мен маңызы. Салық салудың классикалық принциптері.
Ӛркениетті салық салу жүйесінің негізін қалаушылар – А.Смиттің,
Д.Рикардоның, Д.Кейнстің, Н.Тургеневтің, М.Сперанскийдің және т.б.
салықтар, салық салу жӛнінде жасаған тұжырымдары мен ой-пікірлері.
Ежелгі Қазақстандағы және одан кейінгі мемлекеттік даму кезеңдеріндегі әл
– Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың,
А.Байтұрсыновтың,
А.Бӛкейхановтың,
М.Шоқайдың,
Т.Рысқұловтың
экономикалық және құқықтық ілімдері мен кӛзқарастары. Салықтардың
мемлекет қазынасының негізгі бӛлігі – мемлекеттік бюджеттің ең басты әрі
мол түсім кӛзі ретіндегі айрықша маңызы, мемлекеттік - құқықтық сипаты
және әлеуметтік – экономикалық рӛлі.
Салықтардың құқықтық, экономикалық және материалдық категория
ретіндегі мән-жайы. Салықтардың басқа салықтық сипаттағы міндетті
тӛлемдермен
алымдармен,
баждармен
және
тӛлемақылармен
салыстарғандағы
айырмашылығы,
ерекшелейтін
белгілері.
Салық
элементтері.
Салықтардың функциялары: маңызы, негізгі түрлері. Салықтардың
экономикалық категория ретіндегі ӛзіне тән қоғамдық бағдарлары:
фискальдық, бӛлу, реттеу және бақылау – есептеу функциялары.
Салықтардың топтастырылуы: оның негіздері, белгілері, топтары, түрлері.
Тікелей және жанама салықтар, тұрақты бекітілген және реттеуші салықтар,
мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде алынатын салықтар, жалпылай
және мақсатты салықтар, жүйеленген түрдегі және біржолғы салықтар,
үдемелі және шегермелі салықтар, ақшалай және натуралды салықтар.
Алымдар, баждар және тӛлемақылар салық сипатындағы міндетті тӛлемдер
ретінде: ӛздеріне тән ерекшеліктері, құқықтық негіздері, алыну деңгейлері.
Салық салу салықтарды белгілеу және алу жӛніндегі мемлекеттік
қызмет ретінде: маңызы, мақсаты, әдістері, принциптері, құқықтық негіздері.
Салық салудың заңи және экономикалық принциптері. Салық салудың
ұйымдастырылу
сипатындағы
принциптері.
Мемлекеттің
салықтық
юрисдикциясының шегі.
Мемлекеттің салық жүйесі: түсінігі, экономикалық мән-жайлары мен
заңи негіздері, институттары. Салық жүйесінің қалыптастырылу негізінде
жатқан принциптер: салық салуға мемлекеттік - қоғамдық мүдделілік, салық
салудың айқындылығы, әділеттілік, бір дүркінділік, біркелкілік және т.б.
Ұлттық салық жүйесін ӛркендеп, дамыған елдердің салық жүйелерімен
салыстырғандағы айырмашылықтары. Мемлекеттің салықтық, фискальдық
саясатының маңызы. Шет елдердің салық жүйелері, олардың ұлттық
экономика жүйесіндегі маңызы. Шет елдердің салық жүйелерінің негізгі
экономикалық және саяси - құқықтық сипаттамалары.
Корпорация, Салық салу объектісі. Салық субъектісі. Салық базасын анықтау
тәртібі. Салық салынатын табыс. Жылдық жиынтық табыс. Тауарларды,
жұмыстарды, қызмет кӛрсетулерді ӛткізуден түсетін табыс. Міндеттемелерді
есептеп шығарудан түсетін табыстар. Күмәнді міндеттемелер бойынша
түсетін табыстар
Корпорациялық
табыс
салығын
тӛлеушiлерге
Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда,
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында қызметiн
тұрақты мекеме
арқылы жүзеге асыратын немесе
Қазақстан Республикасындағы кӛздерден табыс алатын резидент емес заңды
тұлғалар (бұдан әрi - салық тӛлеушiлер) жатады.
Салық салу объектiлерi
1) салық салынатын табыс;
2) тӛлем кӛзiнен салық салынатын табыс;
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс
салығы салынатын объектiлер болып табылады.
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде
Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс (алынған)
табыстардан тұрады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi) ӛткiзуден түскен табыс:
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәмiле шарттары ӛзгерген;
3) ӛткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет кӛрсетулер) үшiн бағалар,
ӛтемдер ӛзгерген;
4) теңгемен тӛлеген кезде ӛткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет
кӛрсетулердiң) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетiлуге тиiс.
Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстарға:
1) салық тӛлеушi таратылған жағдайда тарату балансы бекiтiлген сәтте
кредитор талап етпеген мiндеттемелердi қоса алғанда, салық тӛлеушiнiң
мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;
2) осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған мiндеттемелердi
қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген талап
қою мерзiмiнiң ӛтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;
3) сот шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.
Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн Салық Кодексінде
белгiленген ставканы осы Кодексқа сәйкес ауыстырылатын залалдар
сомасына азайтылған салық салынатын табысқа осы Кодексқа сәйкес
жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп
шығарылады.
Салық тӛлеушілер корпорациялық табыс салығын тӛлеуді ӛзінің тұрып
жатқан жері бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын
тӛлеуді тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
Салық тӛлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық
тӛлемдердi бюджетке Салық Кодекстің
136-бабында
белгiленген салық кезеңi
iшiнде, осы Кодекстiң
126-бабына
сәйкес анықталған мӛлшерде ағымдағы
айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын тӛлеп тұруға мiндеттi.
Салық тӛлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық
табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (тӛлемдi) декларация
тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей
жүзеге асырады.
Салық Кодексіне сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке
тұлғалар жеке табыс салығын тӛлеушiлер (салық тӛлеушiлер) болып
табылады.
Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу ерекшелiктерi
Резидент емес жеке тұлғалар Салық Кодексында белгiленген
жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп,
тӛлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етедi.
Салық салу объектiлерi
Жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:
1) тӛлем кӛзiнен салық салынатын табыстар;
2) тӛлем кӛзiнен салық салынбайтын табыстар.
Салық тӛлеушінің тӛлем кӛзінен салық салынатын табыстарына:
1) қызметкердің табысы;
2) бiржолғы тӛлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы тӛлемдерi;
4) дивидендтер,
сыйақылар,
ұтыстар
түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Қызметкердің жұмыс берушi есептеген, Салық Кодекста кӛзделген салық
шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары тӛлем кӛзiнен салық салынатын
табысы болып табылады.
Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе ӛзге де
материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi
тӛлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар
қызметкердiң табыстарына жатады.
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi)
ӛндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды ӛткiзу
бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бӛлiгiн бюджетке
аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар
импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым
бойынша бюджетке тӛленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар
(жұмыстар, қызмет кӛрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының
сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет кӛрсетулер) үшiн тӛленуге
тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде
айқындалады.
Салық салу объектiлерi
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi
болып табылады.
Тӛлеушілер:
қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
жеке кәсiпкерлер;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент еместер;
заңды тұлғаның осы қосылған құн салығын дербес тӛлеушiлер ретiнде
танылған құрылымдық бӛлiмшелерi қосылған құн салығын тӛлеушiлер
болып табылады.
Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын тӛлеушiлер Қазақстан
Республикасының кеден
заңдарына
сәйкес осы тауарларды Қазақстан
Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында ӛндiрiлген және Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тiзбесi
заңи анықталған қызмет түрлерiне акциз салынады.
Тӛлеушiлер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар
шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк
аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi
қоспағанда) және дизель отынын кӛтерме, бӛлшек саудада ӛткiзудi жүзеге
асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан
Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз тӛленбесе,
конкурстық массаны, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-
ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке ӛткен және Қазақстан
Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне ӛтеусiз берiлген
акцизделетiн тауарларды ӛткiзудi жүзеге асыратын;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетiн
түрлерiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз тӛлеушiлер
болып табылады.
резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бӛлiмшелерi де
акциз тӛлеушiлер болып табылады.
Әлеуметтік салыц тӛлеушiлері:
1) бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге
асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
2) жеке нотариустар, адвокаттар;
3) Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар
мен ӛкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық
тӛлеушiлер болып табылады.
Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық
бӛлiмшелерi әлеуметтiк салық тӛлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |