1-тақырып. Теледидар технологиясы



бет1/4
Дата27.09.2022
өлшемі42.15 Kb.
#461438
  1   2   3   4
1-дәріс


1-ТАҚЫРЫП.Теледидар технологиясы



  1. Теледидар – ақпарат пен насихат құралы.

  2. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері.

  3. Теледидар құрылымы

  4. Телехабарлардың практикалық функциясы



Теледидар – ақпарат пен насихат құралы.Теледидар бүгінде жер шарында болып жатқан сан саладағы оқиғалар мен жаңалықтарды көрермендерге көрсете отырып, адам қолымен жасалған құндылықтарды насихаттаудың қуатты құралына айналып отыр. Жарты ғасырға жуық тарихында Қазақ теледидары қарышты қадам жасап, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, өнеріміз бен ақыл-ойымыздың дамуына елеулі үлес қосуда.
Теледидар – ақпарат пен насихат құралы. Ол БАҚ құралдарына тән жылдамдық пен байқампаздықты, ауқымдылық пен жан-жақтылықты бойына сіңірген өнердің биік түрі. Оның ғажаптылығы, газет секілді баяндап, радио сияқты үн, дыбыс, тынысты естірту мен ғана шектелмей, кинодағыдай өткен оқиғалар елесін пленка арқылы ғана жаңғыртып көрсетпей, бір мезгілде олардың бәрін қатыстыра отырып, көрерменге өтіп жатқан өмір құбылысын сол сәтінде, оқиға болып жатқан ортадан көрсетуінде.
Ақпарат құралдарының ішінде теледидар көркемдік бейнелеу құралдарының ауқымдылығы жағынан өлшеушіз мүмкіндікке ие. Ол адамды, адамзатпен жүздестіретін, әлемнің бір қырынан оқиғаларды үйінің төрінен көре алатын ғажайып құрал. Көгілдір экрандағы фильмдер, театр спектакльдері, концерттер, сұхбаттар мен тікелей эфир, жаңалықтар, той-думан, жарнама т.б. сан миллиондаған көрермендердің рухани дүниесін байытуға қызмет жасауда. Теледидар жұртшылыққа күнбе-күн саяси, мәдени, эстетикалық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктерді іздестіруде.
Ел мен елді байланыстыратын халыққа ақпарат таратудың көзі болып отырған теледидардың пайда болуы және қалыптасуы көп жылдарды қажет етті. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері 30 жылдардан астам уақытты алды. Телевизияның пайда болуы ХХ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Электротехниканың дамуы мен қолданысқа енуі телевидениеге тікелей қатысты болған еді.


Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері.Электронды сигналдардың арқасында бағдарлама, хабарлар алыс қашықтықтарға жетті. Телевиденияда хабарды эфирге шығару өте күрделі жұмыс болды. Ең алғаш телевидениеде қазіргі замандағыдай бейне мен дыбыс қатар келген жоқ, керісінше, алдымен фототелеграфия дамып, эфирге қозғалмайтын суреттер, сызбалар шыққан болатын. Суреттер мен бейнелер токтың химиялық әрекеті мен әртүрлі мехзаникалық қондырғылардың күшімен жүзеге асты.
Алғаш фототелеграфияның дамуы А.Бейна (1842 ж.), А. Бэйкуелла (1847ж.) ашқан ғылыми құралдармен байланысты.
Фототелеграфия мен телевидениеннің айырмашылығы фото мен киноны салыстырумен пара-пар деуге әдбен болады. Қозғалмайтын бейнелердің байланыс аралығында сәтті шығуы ғалымдарды телевидение туралы ойға шомылдырады. Бірақ фототелеграфиядан телевидениеге көшу көп жұмысты қажет етеді. Яғни жаңа технологиямен қатар техниканың қыр-сырын біліп, тосын жаңалықтар ашу болды. Бұл үлкен қажырлы еңбекті талап етті.
Теледидардың даму кезеңдері.
1 кезең (1900-1930жж.) – орыс ғалымдарының ғылыми тәжірибеде ашқан құралдарын іске қосу. Әлемде алғаш рет электр сәулелі трубканы Петербург университетінің профессоры Б.Л.Розинг ойлап шығарды.
2 кезең. Бұл кезең тәжірибелі бағдарламалармен 1931 жылдан басталады. Бүкілкеңестік электромеханикалық институттың Мәскеу радиобайланыс серіктестігімен. Бұл құрылғы соншалықты тиімді болмағандықтан ғалымдар 3 жылдан кейін өзге бағдарламаны эфирге шығарды. Бұл 30 минутқа созылды. Ал 1938 жылы алғаш телевизиялық орталықтар Мәскеу мен Ленинградта салынды. Телевидениенің дамуын соғыс жылдары тоқтатты.
3 кезең. (1960 ж.соңы мен 1990ж). Телевидение үлкен қарқынмен дамыды: кабельдік ТВ, телетекст ТВ мен баспасөздің бірігі, коммуникацмяның өзгеше аумағы компьютермен бірігу, жекелей трансляция жасады.
4 кезең (1990 ж.бастап) бәсекелестік пайд болды. КСРО-ның ыдырауынан телеканал мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық телеарналар хабар таратуда.


Теледидар құрылымы. Теледидар – бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі ең әсерлі де ең өткір ақпарат құралы. Телевизияның жаппай өрістей бастағанда, 1962 жылы американдық ғалым Маршал Маклюен оның мүмкіндігін бағалай келе, «енді кітап және өзге де баспасөз құралдарын басу ісі келмеске кетті, оның орнын визуалдық ақпарат құралы – телевизия басты» деген екен. Маклюеннің пікірінде әсіреқызбалық бар деп айыптағанымызбен, өзге ақпарат құралдарына қарағанда теледидар аудиториясының әлдеқайда көп екенін мойындаймыз. Бейне мен дыбыстық қатарды үйлесімде бере алатындығымен, кинематографияның, әсіресе техника мен технологияның жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, өмірдің шынайы кескінін сол қалпында, сол бояуымен бере алатын теледидар қай жанрда көсілсе де, жетімділік тұрғысынан өзге ақпарат құралдарынан біртабан артық, жұртшылықтың зейінін арбап, назарын еріксіз өзіне өзіне аударады.
Теледидардың басты мақсаты – аудиторияға ақпарат тарату, идеологиялық тәрбие мен насихат жұмысын жүргізу, саяси-мәдени, экономикалық саладағы хабарлар көлемін өсіру. Ақпараттық және өзге де саладағы хабарлар қатаң саяси сүзгіден өтіп, сюжеттеде тәрбиелілікті көрсету талап етілді. Журналистер қауымы ақпаратың оқиғалылығына баса назар аудара отырып, республиканың халық және ауылшаруашылығы, еңбек ерлері мен мәдениет қайраткерлерін, партияның қаулы-қарарларына орай жоспарын орындаған ұйымдар мен еңбек озаттарын арқау етуі өз шығармаларының жанрлық әрі пішіндік, мәтіндік өзгеше сипатынан көрінеді.


Телехабарлардың практикалық функциясы. Телевизияның спецификалық артықшылықтарын санамалай келе өз зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен идеясына ойысалық. Жалпы тележурналистика жанрлары: ақпараттық, сараптамалық және көркем – публицистикалық деген үш үлкен топқа жіктеледі. Қоғам өміріндегі күнделікті жаңалықтар, өмірге жаңа енген құбылыстармен таныстыратын ақпараттық блок, белгілі-бір мерзім ішінде қордаланған мәселелер мен оқиғалар легін талдап, сараптайтын сараптамалық жанрдағы хабарлардың өзіндік практикалық функциялары (аудиторияны құлағдар ету, нақты бір оқиғаға баға беру) мен берілу мәнерінде жанрлық ерекшелігі (шапшаңдық, ресми сипат) бар. Ал енді көркем-публицистикалық жанрдағы телехабарлардың практикалық функциясы – эстетикалық тәрбие беру, көрерменді әсемдік болмыспен қауыштыру, рухани қажеттілігін сусындату, бір сөзбен айтқанда, рухани ләззатқа бөлеу. Көркем хабарды тамашалауға беттеген көрерменнің психологиялық күйі босаңсып, экран бетіндегі көріністі бар ынта-ықыласымен түйсіну, соған бой алдырып, сондағы шындықпен біте қайнасып, бірге жасасу, эстетикалық нәр алуға әзірленеді. Демек, көркем хабарлар жасауда, оның жанрлық табиғатынан туындайтын эстетикалық ерекшелігі мен мүмкіндігін іс жүзінде бір сәт те назардан шығармастан, барлық процестерді сол факторға бағындырған кәміл. Бұл – көркем телехабарларға қойылатын жалпылама талап. Көркем хабарлардың әрбірінің өзіндік тақырыптық айшығы мен формаларына қарай, олардың әрбіріне қатысты жеке-дара туындайтын міндеттер мен шарттар легі қалыптасады.
Қазіргі қазақ эфиріндегі көркем хабарларды талдау, оларды жасау мәселелеріне көшпес бұрын, қазір телеарналардан беріліп жатқан көркем хабарларды жасалу орнына қатысты екіге бөліп қарау керектігін айтуымыз керек. Бірі – әр телеарна редакциясының өз студиясында жасалатын немесе редакция алқасының ықпалымен, сондағы тележурналистердің басшылығымен, ұйымдастыру, қатысуымен студиядан тыс жерде (мәселен, табиғат аясында) жасалатын көркем хабарлар. Екіншісі – концерттік сахнада немесе театр сахнасында қойылған, бір айта кетерлігі, журналистердің емес, әртістердің басымдығымен, телекөрермендерге ғана емес, залда отырған бұқараға арналып, көрерменнің көз алдында жасалатын көркем хабарлар. Айталық, әртістер қатысымен жасалатын көркем хабар деп отырғанымызға «Бауыржан-шоу», «Шымкент шоу», «Күлкі керуені», «Терісқақпай», «Ән мен әнші», «Сағыныш», «Інжу-маржан», «Айтыс» сынды концерттік және театрлық қойылымдар мен театр спектакльдері жатады. Концерттік бағдарлама, я сахналандырылған қойылым студиялық телехабардан жасалу технологиясы, режиссурасы тұрғысынан түбегейлі ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет