1-тақырып. Теледидар технологиясы


-ТАҚЫРЫП. Теледидар және кино өнеріндегі көрініс пен дыбыстың қолданадылуы



бет3/4
Дата27.09.2022
өлшемі42.15 Kb.
#461438
1   2   3   4
1-дәріс

3-ТАҚЫРЫП. Теледидар және кино өнеріндегі көрініс пен дыбыстың қолданадылуы

1.Телевидение мен киноның бірліктегі әлеуметтік мәселесі


2. Кино мен телевидениедегі көрініс пен дыбыстың қолданадылуы

Телевидение мен киноның бірліктегі әлеуметтік мәселесі. Қоғамда олардың бір-бірін байытулары. Екеуі де БАҚ-ның ішінде көрнекті мәнге ие. Кино-өнердің ең көпшіл түрі. Алайда, теледидар өмірге келген соң оның мүмкіндігі кинодан да асып түсті.


Кезінде жылына (1980-90 ж.ж.) 150 толықметражды фильм және телевидениеге арналып 80 картина, мыңнан аса деректі және ғылыми ленталар, 100-дей мультипликация жасалатын. Жыл сайын әрбір адам – 18 рет киноға баратын.
Телевидениедегі эволюцияның киноның даму тарихын қайталауы. Өнердің тууында техника рөлінің өлшеусіз мол мүмкіндігі.
Көптеген артық қасиеттері: көріністі екі өлшем арқылы көрсету, артист, режиссерлердің кино және телевидениеде көрермендеріне сахна арқылы емес, экран арқылы үндесулері.
Кино мен телевидение көрініс пен дыбысты қолданады, әрі дыбыс әмбебап түрде, тірі даусты адам сөзін, “тіл заттарын”, музыканы да бірлікте қолданады.
Киноның басқа да көркемдеуші құралдары – монтаж, ракурс, план-теледидарға да ортақ. Алайда, киноның тілін меңгере отырып, телевидение бір мезгілде, “қатысушылық эффектілігін” де көрсетеді. Егер киноэкранда тек қана оқиға, зат, адам өткен шақпен кинокамера алдында көрінсе, телеэкран оны сол шақпен беру құдіретіне ие.
Телевидение кинематографияның көркем және документальды туындыларын кең көлемде көрсете алады. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Біріншіден, кинолентаны телевизиялық бағдарламаның қалыбына салу арқылы. Екіншіден, телевидениеден циклды тақырыптық бірліктегі кинофильмдерді демонстрация жасау. Үшіншіден, фильмді, комментарий жасау жолымен телекөрермендер хаттары бойынша көрсету.
Телевидение кинематографияның күшімен көпшілігінде өз картиналарын жасайды. Телевидениеге арналған алғашқы кинокартиналар көп сериальды болып келді.
Телевизия тілінің қалыптасуында киноөнерінің әсері.
Кинематографиядағы көркем ойынды картиналар. Олардың көпшілігінде драматургиялық негізге құрылуы. Көріністегі факті, оқиға, адамдардың ең жоғарғы қарым-қатынасқа дейін көтерілуі.
Өз кезегінде киноның телевидение әсерін сезінуі. Ол көркем кинода таза телевизиялық әдістердің қолданылуы, мысалы кейіпкердің “камераға ашық жұмыс істеуі”. Ірі пландағы көрініс және т.б.
Отандық және әлемдік кино өнері. “Востокфильм”, “Қазақфильм” киностудияларының құрылымы. Кино өнерінің теледидарға өткен басты элементтері. “Амангелді” киносынан бастау алған әр жылдардағы сүбелі туындылар. “Қазақтелефильм” студиясының 30-жыл ішіндегі әдеби-мәдени, өнер, ғылым, өндіріс, тәрбие, педагогика саласындағы түрлі жанрдағы толық метражды фильмдері мен деректі, музыкалық, мультипликациялық туындылары. Видеоның өмірге келуі. Кино өнерінің қазақ топырағында туып дамуы. “Қазақфильм” киностудиясының теледидар экранындағы туындылары. Бүгінгі “Ұлттық кино орталығының” нарық кезеңіндегі өндірістік, шаруашылық құрылымдары.
Теледидардағы жанр формаларының эволюциясын журналистің ұстанған позициясына, өзі көрсетпек болған нысанына көзқарасына, қарым-қатынасына, нысанның өзіндік қасиеттерімен байланыстыра қарастыру. Бейнелеу құралдарының өзіндік белгілері, тіл ерекшеліктері, техникалық мүмкіндіктер әр жанрдың табиғатын, ерекшеліктерін, белгілерін анықтайтындығын түрлі саладағы хабарлармен бірлікте қарастыра отырып түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет