1-тарау. Жалпы талаптар 1-параграф. Талаптың мақсаты мен қолданылу саласы



бет8/11
Дата15.07.2016
өлшемі1.33 Mb.
#201338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3-параграф. Арматура
550. Арматура мен оның элементтерін дайындау үшін қолданылатын материалдар мен тығыздағыштарды жұмыс өлшемдеріне және органикалық жылу тасығыштың қасиеттеріне байланысты алынады.

551. Қазандықтарда сильфон түріндегі арматура қолданылады. 1,6 МПа (16 кгс/ см2) аспайтын қысымға тығыздама арматурасын қолдануға болады.

552. Арматура келте құбырлар мен құбыр өткізгіштерге дәнекерлеу арқылы қосылады.

553. Қазандықтарда жылу тасығыштың кіру және шығу жолы жағынан тиек арматурасы орнатылады. Тиек арматурасы қызмет көрсету үшін жеңіл түрде қол жеткізілетін және қауіпсіз орында орналасуы қажет немесе қашықтықтан басқарылуы қажет.

554. Фланецті қосқыштарды, арматураны және сорғыларды байқап тексеру тесіктеріне, өту жолдарына, қысым түсіру құрылғылары мен оттық пен газ жүрісінің желдету тесіктеріне жақын орнатуға болмайды.

555. Жылу тасығыштың түсіру желілерінде қазандыққа тікелей жақын жерде (1 м аспайтын қашықтықта) екі тиек органы орнатылады.



4-параграф. Сұйықтық деңгейін көрсеткіштер
556. Органикалық жылу тасығышпен жанасатын деңгей көрсеткіш элементтері, оның мөлдір элементі жұмыс температурасы мен қысымында оларға органикалық жылу тасығыштың әсеріне қарсы төзімді жанбайтын материалдардан жасалады.

557. Тікелей әсер ететін су деңгейін көрсеткіштерде қазандықтан деңгей көрсеткішті ажырату үшін қызмет ететін арматураның ішкі диаметрі кемінде 8 мм.

558. Тиек арматурасының өту қимасы деңгей көрсеткіштің корпусындағы өту қимасынан кем емес қарастырылады.

559. Сынама крандарының немесе клапандарының орнына бу қазандығында сұйықтық деңгейін көрсеткіштерді орнатуға болмайды.




5-параграф. Манометрлер
560. Сұйықтық қазандығында манометрлер қазандыққа кіру жолында және одан шығу жолында орнатылады.

6-параграф. Температураны өлшеуге арналған аспаптар
561. Буды қазандықтан бұру құбырында немесе қазандықтың жанындағы қызған сұйықтықта тиек органының алдынан температураны көрсететін және тіркейтін аспаптар, ал бұратын құбыр өткізгіште температураны көрсететін аспап орнатылады.

7-параграф. Сақтандыру клапандары
562. Әрбір қазандықта кемінде екі сақтандыру клапандары орнатылады.

563. Бу қазандығында орнатылатын сақтандыру құрылғыларының жиынтық өткізу қабілеті қазандықтың бастапқы бу өткізгішінен кем болмайды.

564. Сұйықтық қазандығында орнатылатын сақтандыру клапандарының жиынтық өткізу қабілеті қазандықтың бастапқы бу өнімділігінде кеңейтілген жылу тасығыштың көлемінің өсуін бұру үшін жеткілікті болады.

565. Рычагты-жүк сақтандыру клапандарын қолдануға болмайды.

566. Толығымен жабық түрдегі сақтандыру клапандарын қолдануға болады. Сақтандыру клапанының шартты өту жолы 25 кем емес және 150 мм аспайды.

567. Сақтандыру құрылғыларын қазандықтан ажыратылмаған кеңейткіш ыдыста орнатуға болады.

568. Қазандық (ыдыс) пен сақтандыру клапандары арасында үш иінді вентильді немесе барлық сақтандыру құрылғыларын бір мезгілде ажырату мүмкіндігін болдырмайтын өзге де жабдықты орнатуға болады. Бір немесе бірнеше сақтандыру клапандарын ажырату кезінде қалғандары қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз етеді.

569. Кеңейткіш ыдыста орнатылған сақтандыру клапандарының жиынтық өткізгіш қабілеті авариялық жағдайда ыдысқа келіп түсетін инертті газдың массалық ағынына кем емес қарастырылады.

570. Сақтандыру клапандарынан буды немесе қайнау температурасына дейін немесе одан жоғары қызған сұйықтықты бөлу атмосферамен қосылған конденсация құрылғысы арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте қарсы қысым 0,03 МПа (0,3 кгс/см2) аспайды.

571. Ажырататын және бөлетін құбыр өткізгіштер жылу тасығыштың қатып қалуын болдырмау үшін қыздыру құрылғыларымен жарақталады.



8-параграф. Кеңейткіш ыдыстар
572. Сұйықтық қазандықтары мен қыздыру жүйелерінде кеңейткіш ыдыстар немесе оны қыздыру кезінде кеңейген жылу тасығышты қабылдау үшін еркін көлемі болады.

573. Кеңейткіш ыдыстың геометриялық көлемі оны жұмыс температурасына дейін қыздыру кезінде қазандықтағы және қондырғыдағы сұйық жылу тасығыштың көлемінен кемінде 1,3 есе артық болуы қажет.

574. Кеңейткіш ыдыс қондырғының жоғарғы нүктесіне орнатылады.

575. Кеңейткіш ыдыс сұйықтық деңгейін көрсеткішпен, манометрмен және қысымның шекті қысымнан асып кетуінен сақтандыратын құрылғымен жарақталады.

576. Екі және одан астам кеңейткіш ыдыстарды орнату кезінде осы ыдыстардың сұйықтық және газ көлемдері құбыр өткізгіштермен қосылады. Сұйықтықтың қосқыш құбырлары осы ыдыстардың төменгі нүктелерінде, ал газ құбырлары жоғарғы нүктелерінде орнатылады. Осы құбырлардың өту қимасы осы талапқа сәйкес кеңейткіш құбырдың қимасынан кем емес қарастырылады.

577. Кеңейткіш ыдысқа инертті газдың өтуін реттеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

578. Сұйықтықтың қазандығы кеңейткіш сақтандыру құбырының көмегімен (бұдан әрі-кеңейткіш құбыр) кеңейткіш ыдысқа қосылады. Осы құбырға тиек арматурасын орнатуға болмайды.

579. Кеңейткіш құбыр тікелей қазандыққа немесе берілетін немесе кері құбырға қосылады.

580. Кеңейткіш құбырда кеңейткіш ыдыс жағына тұрақты көтергіші болуы қажет.

581. Кеңейткіш құбырда тарылған учаскелері мен құрылғылары болуы қажет. Сорғы мен арматураның өту қимасы оларды қазандық пен кеңейткіш құбыр арасына орнату кезінде кеңейткіш құбырдың өту қимасынан кем емес қарастырылады.

582. Кеңейткіш құбырдың шарты өту жолы Dy 25 кем болмауы қажет, оны 1-кестеде келтірілген қазандықтың бастапқы жылу өнімділігіне байланысты алу қажет.

1-кесте



Қазандықтың бастапқы жылу өткізгіштігі, кВт

Dy құбырдың шарты өту жолы, мм



Қазандықтың бастапқы жылу өткізгіштігі, кВт

Dy құбырдың шарты өту жолы, мм

550

25

5500

80

900

32

8600

100

1200

40

14 000

125

3600

65

20 000

150



9-параграф. Автоматты қорғағыш
583. Қазандықтар мынадай:

1) жылу тасығыштың деңгейі төменгі шекті деңгейден төмен төмендеген;

2) жылу тасығыштың деңгейі жоғарғы шекті деңгейден астам жоғарылаған;

3) жылу тасығыштың температурасы жобада көрсетілген мәннен жоғары артқан;

4) жылу тасығыштың қысымы жобада көрсетілген мәннен жоғары артқан;

5) кеңейткіш ыдыстағы жылу тасығыштың деңгейі шекті мәннен төмен төмендеген;

6) сұйықтықтың қазандығы мен паспортта көрсетілген бу қазандығының ең төменгі бу өнімділігі (жылу өнімділігі) арқылы жылу тасығыштың ең төменгі шығыс мәніне жеткен;

7) жанарғы алдында газ тәріздес отын қысымы шексіз артқан немесе төмендеген;

8) ротациялық жанарғыдан басқа, жанарғы алдында сұйық отын қысымы мейлінше төмендеген;

9) оттықта ыдырату мейлінше төмендеген;

10) мәжбүрлі түрде ауа беретін жанарғы алдында ауа қысымы шексіз төмендеген;

11) жанарғы алаулары сөнген жағдайларда қызуды ажырататын технологиялық қорғағышпен жарақталады.

Қазандықтың шекті рұқсат етілген өлшемдеріне жеткен кезде автоматты түрде дыбыс және жарық дабылы іске қосылады.

584. Қазандық жұмысына авариялық жағдай тудыратын басқару шынжырларында пайда болған ақаулар, гидравликалық, пневматикалық немесе электрлік ажыратқыштарда қосалқы энергияның жоғалуы қыздыруды ажырататын автоматты қорғағыштың іске қосылуына және (немесе) дыбыс және жарық дабылының іске қосылуына әкеледі.

585. Дабыл жүйесінде қосалқы энергияның жоғалуы қазандықты қыздырғышты автоматты қорғағышты іске қосуға және (немесе) қосымша дабылды іске қосуға әкеледі.

10-параграф. Сорғылар
586. Бу қазандықтарының әрқайсысы үшін жеке қорек сызбасында кемінде екі қорек сорғысы орнатылады, оның біреуі жұмыс сорғысының ал екіншісі резервтік. Сорғыларды электрлік қоректендіру екі тәуелсіз көзден жүзеге асырылады.

587. Топтық қорек сызбасында қорек сорғыларының саны ең қуатты сорғы тоқтаған жағдайда қалған сорғыларды жиынтық беру барлық жұмыс қазандықтарының бастапқы бу өнімділігінен кемінде 100 % болатындай есеппен алынады.

588. Конденсаты өздігінен ағып келетін бу қазандықтары үшін қорек сорғыларын орнату міндетті емес.

589. Сұйықтық қазандықтары үшін электрлік жетегі бар кемінде екі циркуляциялау сорғылары орнатылады, оның біреуі-резервтік. Циркуляциялау сорғыларын беру және арынмен жіберу қазандықта жылу тасығыш циркуляциясының қажетті жылдамдығын қамтамасыз ететіндей етіп алынады.

590. Сұйықтық қазандықтары тұтынушыны ішінара немесе толықтай ажыратқан кезде қазандық арқылы жылу тасығыштың тұрақты шығынын ұстауды қамтамасыз ететін автоматты құрылғысы бар рециркуляция желісімен жабдықталады.

591. Жылу тасығышты мәжбүрлі түрде беретін бу қазандықтары мен сұйықтық қазандықтары электр энергиясын ажыратқан кезде отын беруді тоқтататын автоматты құрылғымен, ал электр қозғалтқыш сорғыларын қоректендіретін екі тәуелсіз көздері болған жағдайда бір қорек көзінен екіншісіне ауыстыратын құрылғымен жабдықталады.

592. Жүйеде айналымға жіберетін жылу тасығыштың кемдігін толықтыру үшін жүйені сіңіруді қамтамасыз ететін құрылғы қарастырылады.

11-параграф. Орнату және пайдалану
593. Бу және сұйықтық қазандықтары бөлек тұрған қазандықтарға орнатылады.

594. Қазандықтарды ашық алаңдарда орнату кезінде ЖОЖ суу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар жүзеге асырылады.

595. Қазандық орынжайында құбыр өткізгіштер мен ЖОЖ сыйымдылықтары орналасқан аймақта жылу тасығыштың қатуын болдырмайтын температура болуы қажет.

596. Қазандық орынжайында қазандықтарды мерзімді суландыру және ЖОЖ регенерациялау үшін сұйық жылу тасығышы бар шығын багын орнатуға болады. Бактар қыздырғышпен жабдықталады. Бактарды қазандықтардың үстінен орнатуға болмайды.

597. Жұмыстың ұзақтығына, температуралық жағдайына, қыздыру қабатының меншікті жылу кернеуіне және ЖОЖ пайдалану жағдайларына байланысты мерзімді түрде регенерациялау жүргізіледі.

598. Регенерациялар арасындағы қазандықтардың жұмыс уақытының ұзақтығы мен жылу тасығыштың ыдырату дәрежесін анықтау әдістемесі технологиялық регламентпен белгіленеді. Жылу тасығыштағы ыдырау өнімдерінің құрамы 10 % аспайды.

599. Әрбір қазандық үшін қыздыру қабаттарын техникалық тексеру және шайыр қаспақтарынан тазалау кестесі құрылады. Қыздыру қабаттарын техникалық тексеру және тазалау жүйелі түрде, бірақ қазандық кемінде 8000 сағат жұмыс істегенде жүргізіледі.

600. Қазандықтар оларды жұмысқа іске қосу алдында қазандықтың кейбір элементтерін дәнекерлеуді немесе ауыстыруды қолданумен байланысты монтаждаудан немесе жөндеуден кейін қазандық иесі жұмыс қысымына тең қысыммен герметикалығына сынайды.

601. ЖОЖ қазандықтарын тіркеу және пайдалану үшін іске қосуға рұқсат беру осы Талаптың 8-тарауына сәйкес жүргізіледі.

602. ЖОЖ қазандықтарды техникалық куәландыру тәртібі мен мерзімі дайындаушының әдістемелік ұсынымдарына, мерзімінен жиі емес, осы Талаптың 10-тарауына сәйкес жүргізіледі.



11-тарау. Сода регенерациялау қазандықтарына қойылатын қосымша талаптар

1-параграф. Жалпы ережелер
603. Сода регенерациялау қазандықтары (СРҚ) үшін жұмыс өлшемдері: қысым 4 МПа (40 кгс/см2) және қыздырылған будың температурасы 440°С. СРҚ неғұрлым жоғары өлшемдерге жобалау және дайындау қыздыру қабатының жоғары температуралы коррозияланудан алдын алу шаралары қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырылады.

604. СРҚ сілтілер мен қосалқы отынды: мазут немесе табиғи газды жағу қарастырылады.



2-параграф. Құрылымы, жарық беру және бақылау
605. Қосалқы құрылғы және құбырөткізгіштің орналасуы оттыққа судың келу мүмкіндігін болдырмайды.

606. СРҚ химиялық түрде деаэрирлі сумен тазартылған балқыманың салқындау жүйесімен жабдықталады. Балқымалардың құрылымы мен орналасу орны олар зақымданған жағдайда оттық камерасына судың өтуін болдырмайды.

607. СРҚ бақылау-өлшеу аспаптарымен және қауіпсіздік аспаптарымен жарақтау құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

608. СРҚ үшін қорек құрылғыларының саны мен оларды беру тәртібін қазандықтар үшін қабаттап жағу әдісімен алу қажет. Бұл ретте бу жетегі бар сорғылардың өнімділігі электрлік жетегі бар сорғыларды авариялық ажырату кезінде СРҚ қалыпты салқындату шарттары бойынша алынады.

609. Оттық камерасының барлық жапсарлас жік қосындылары тұтас радиографикалық бақылауға тартылады.

3-параграф. Орнату және пайдалану
610. СРҚ бөлек ғимаратта, ал қазандықтарды басқару пульті СРҚ арналған орынжайдан басқа шығу жолы бар орынжайдың қазандық цехынан бөлек орнатылады.

611. СРҚ сілтілерде форсун алдында қара сілтіде 55 % төмен құрғақ зат болған кезде пайдалануға болмайды.

612. СРҚ мынадай:

1) оттыққа су немесе ерітілген сілті түсу қаупі болған;

2) балқыманың жартысы істен шыққан;

3) балқыманы салқындатуға су беру тоқтаған;

4) барлық жасыл сілтіні қотару сорғылары істен шыққан;

5) барлық қотару сорғылары немесе түтін сорғылар немесе барлық желдеткіштер қатардан шыққан жағдайда қосалқы отынды жағуға ауыстырылады.

613. СРҚ мынадай технологиялық регламентте қарастырылған:

1) оттыққа су өткен;

2) қашықтықтан және автоматты басқару құрылымында, барлық бақылау-өлшеу аспаптарында кернеу жоғалған;

3) балқымадан басқа немесе оттықтың бекітілмеген жерлері арқылы және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ ағыстар болған;

4) балқу ағысын бөлу құрылғылары тоқтаған және балқыма еріткішінде араластырғыш тоқтаған;

5) барлық түтін сорғылар мен желдеткіштер қатардан шыққан жағдайда дереу тоқтатады және қорғағыштың немесе персоналдың әсерімен ажыратылады.



Қабылданған қысқартулар
СРҚ-сода регенерациялау қазандықтары;

ЖОЖ-жоғары температуралы органикалық жылу тасығыш;

ТҚҚ-тұтандыру-қорғау құрылғысы;

ИСҚ-импульстік сақтандыру құрылғысы;

ЖҚЦ-жоғары қысымды цилиндр.

______________________

Бу және су жылыту қазандықтарын

орнату және қауіпсіз пайдалану

жөніндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

1-қосымша

Дайындауға рұқсатты


________ 20_ ж. № _____

Қазақстан Республикасының

уәкілетті органы берген

ҚАЗАНДЫҚТЫҢ ПАСПОРТЫ

(автономды бу жылытқыш және экономайзер)
Тіркеу № _____________

Қазандықты басқа иегерге беру кезінде қазандықпен паспорт беріледі.


1. Жалпы деректер

___________________________________________________________________________________

Дайындаушы кәсіпорынның атауы және мекенжайы

__________________________________________________________________________________________

Шығарылған жылы

__________________________________________________________________________________________

Түрі (моделі)

__________________________________________________________________________________________

Атауы және мақсаты

__________________________________________________________________________________________

Зауыт нөмірі

__________________________________________________________________________________________

Есептік қызмет мерзімі, жыл

__________________________________________________________________________________________

Есептік ресурс, сағ

__________________________________________________________________________________________

Қазандықтың ес.рес.

қыздыру қабатының __________________________

шығатын коллектордың _________________________________

бу қыздырғыштың _____________________________________

Есептік іске қосу саны
суық күйден ___________________________________

ыстық күйден —————————————————



2. Техникалық сипаты мен өлшемдері
__________________________________________________________________________________

Отынның есептік түрі мен олардың жану жылуы МДж/кг (ккал/кг)

_________________________________________________________________________________________

Жағатын отын мен оның жану жылуы, МДж/кг (ккал/кг)

__________________________________________________________________________________

Есептік қысым, МПа (кгс/см2)

барабандағы

шығатын коллектордағы

бу қыздырғыштағы

__________________________________________________________________________________

Қызған будың (сұйықтықтың) есептік температурасы,°С

__________________________________________________________________________________

Бу өнімділігі, т/сағ (кг/с)

Жылу өнімділігі, МДж/ч (ккал/сағ)

__________________________________________________________________________________________

Буландырғыш

Қыздырғыштың өн.

Бу қазандығының аралық қыздырғыштың өн.

Қызу қабаты, м2 экономайзердің өн.

__________________________________________________________________________________________

Су жылыту қызу қабаты, м2

Көлемі, м3

Бу қазандығы

Табиғи циркуляциямен

Барабандағы ең жоғарғы шекті су деңгейінде сулы




тура өтетін

Барабандағы ең жоғарғы шекті су деңгейінде булы




бу




су




Су жылыту қазандығы





3. Сақтандыру клапандары (құрылғылары) туралы деректер


Сақтандыру клапанының түрі

Саны

Орнату орны

Клапанның қиылысу ауданы мм3

Будың немесе сұйықтықтың шығын коэффициенті

Ашу алдындағы қысым, МПа (кгс/см2)

1

2

3

4

5

6

Ескертпе. Қазандықты (автономды бу қыздырғышты, экономайзерді) дайындаушы толтырады. Су жылыту қазандықтары үшін қысымның артуынан қорғау үшін құрылғылардың тізбесін көрсету қажет.




4. Су деңгейін көрсеткіштер туралы деректер


Су деңгейін көрсеткіштің түрі

Саны

Орнату орны

Тікелей әсер ететін







Қашықтықтан әсер ететін









5. Негізгі арматура туралы деректер


Арматура

ның атауы



Саны

МСТ (марка)

Шартты өту жолы, мм

Шартты қысым МПа (кгс/см2)

Жұмыс өлшемдері

Корпус маркасы

Орнату орны

қысым, МПа (кгс/см2)

Темпера-тура, оС

маркасы

МСТ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



6. Өлшеу, басқару, дабыл беру, реттеу және автоматты қорғау үшін негізгі аппаратура туралы деректер


Атауы

Саны

Түрі (маркасы)

МСТ

1

2

3

4

Ескертпе. Аппаратураны қазандықпен бірге жеткізген жағдайда қазандықты (автономды бу қыздырғышты, экономайзерді) дайындаушы толтырады. Басқа жағдайларда қазандық иесі толтырады.



7. Қорек және циркуляция сорғылары


Сорғы түрі

Дайындаушы зауыт

Саны

Судың қорек сорғысына кіру жолындағы ең жоғарғы шекті температура

сы , оС



Өлшемдері

Жетектің түрі (бу, электрлік және тағы басқа)

бастапқы беру, м3/сағ

Бастапқы беру кезіндегі сорғының арыны, МПа (кгс/см2)

1

2

3

4

5

6

7

——————————————————————————————————————————

Ескертпе. Қорек және циркуляциялық сорғыларды қазандықпен бірге жеткізген жағдайда қазандықты (автономды бу қыздырғышты, экономайзерді) дайындаушы толтырады. Жылу электр станцияларының энерго блоктары үшін қазандық иесі толтырады.

8. Қаңылтыр болаттан дайындалған қазандықтың негізгі элементтері туралы деректер*


Барабандардың немесе қазандық корпустарының жиектері мен құбырлардың түптерінің атауы, коллекторлардың (құбырлардың) жиектері, бу салқындатқыштарды, құбыр торларын, ыстық құбырларды қоса алғанда

саны

Өлшемі, мм

материал

Дәнекерлеу туралы деректер

Термо өңдеу туралы деректер

Ішкі диаметрі

Қабырға қалыңдығы

Ұзындығы мен биіктігі

Болат маркасы

МСТ

Дәнекерлеу түрі

Электродтар мен дәнекерлеу сымы (түрі, маркасы, МСТ)

Бұзбай бақылау әдісі

Қолданылған термо өңдеу түрі

Термо өңдеу температурасы

Ұстау ұзақтығы

Салқындату тәсілі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет