10 сынып.
1.Тарихи деректер арқылы адамзаттың өткенін зерттейтін ғылым:
А) Антропология в) археология с) Этнография д) Астрономия
2.Аң стилі өнері тән болды:
А) түріктерге в) сақтарға с) моңғолдарға д) ғұндарға
3.Көшпелі халықтар туралы көзқарастар мен білім жүйесінің негізін кімдер қалады:
А) отырықшы өмір салтын ұстанған халықтар в) еуропа саяхатшылары с) моңғол жаулаушылары д) араб саяхатшылары
4.Б.з.д. 5 ғасырда скиф тайпаларының өмір салтын таңдана среттеді:
А) Сократ в) Пифагор с) Страбон д) Геродот
5.Еуропада көшпелілерді (атап айтқанда, ғұндарды) дәл осылай қабылдады:
А) дінді уағыздаушылар ертінде в) жоғарыдан келген жаза секілді с) құтқарушылар ретінде д) саяхатшылар ретінде
6.Қола дәуірінде Қазақстан шаруашылығында қандай өзгерістер болды?
А) егіншілік дамыды в) суда мен қолөнер жедел қарқынмен дамыды с) бау-бақша шаруашылығы дамыды д) көшпелі мал шаруашылығының басталуы
7.Ратцель, Тойнби сынды ғалымдар «көшпелілер» туралы былай деді:
А) көшпелілер сырттың көмегінсіз өркениетті қоғам мен мемлекет құра алмайды.
В) көшпелілерде мүліктік және әлеуметтік теңсіздік бәрінен бұрын байқалды
С) көшпелілерді феодализмнің бастапқы нышандары болған, тек рулық мемлекет болды
Д) көшпелі және отырықшы өркениеттер дамудың бір сатысында тұр.
8.Еуразия көшпенділерінің осы континет тарихына қосқан үлесін жоғарыф бағалап, көшпелі тайпаларға, әсіресе ғұндар мен түріктерді зерттеуге көп көңіл бөлген тарихы:
А) Л.Н.Гумилев в) К.Ақышев с) А.Чулошников д) А.Окладников
9.Андронов қоғамында рулық-ұжымдық меншіктің орнына келген меншік түрі:
А) үлкен қауым в) тайпалық с) патриархалдық рулық д) жеке отбасы
10.Қарғалы диадемасында бейнеленген қанатты жылқылар нені білдіреді?
А) күнді в) айды с) аспанды д) жерді
11.Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті атаңыз:
А) Тасмола в) Беғазы-Дәндібай с) Нұра д) Кельтеминар
12.1917 жылы қарашада құрылған Түркістан автномиясының құрамына кірген Қазақстанның облыстары:
А) Сырдария мен Петропавл в) Сырдария мен Семей с) Сырдария мен Жетісу д) Сырдария мен Ферғана
13.«Киелі» термині нені білдіреді?
А) бірсарынды, күңгірт в) құрметті, қасиетті с) қарапайым, күмәншіл д) қасиетті, түнерген
14.Домбыра музыкасындағы лирикалық бағыттың негізін қалаушы:
А) Құрманғазы в) Тәттімбет с) Дәулеткерей д) Біржан сал
15.ХХ ғасырдың 60-жылдарында Н.С.Хрущев партиялық ұйымдарды қандай принцип бойынша бөлді?
А) әкімшілік в) аумақтық с) өндірістік д) біліми шегі бойынша
16.Сақтардың Тасмола мәдениеті таралған аймақ:
А) Солтүстік және Орталық Қазақстан в) Оңтүстік және Батыс Қазақстан с) Шығыс Қазақстан д) Шығыс және Батыс Қазақстан
17.Этногенез дегеніміз...
А) Қазіргі адам типінің пайда болуының тарихи процесі в) Нсілдің пайда болуының тарихи проесі с) Шығу-тегі туыс қауымның тарихи қалыптасуы д) этностің пайда болуының тарихи процесі
18.Дамыған көшпелі империя мен ерте көшпелі империяның арасындағы басты айырмашылықты анықтаңыз:
А) үлкен тұрақты армияның болуы в) заңның болуы с) мемлекеттің тұрақты шекараларының болуы д) мемлекеттің тұрақты шекараларының және заңының болуы
19.Рабад дегеніміз ...
А) ортағасырлық қаланың ақсүйектер өмір сүрген бөлігі в) ортағасырлық қаланың кедейлер өмір сүрген бөлігі с) ортағасырлық қаланың әкімшілігі тұрған бөлігі д) ортағасырлық қаланың сауда-саттық ұйымдастырылған бөлігі
20.Нұрлы жол-болашаққа бастар жол инфрақұрылымдық даму бағдарламасның негізгі міндеттерінің бірі:
А) үйлесімді тіл саясаты в) энергетикалық инфрақұрылымды нығайту с) халықтың денсаулығын нығайту д) тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту
Достарыңызбен бөлісу: |