15
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
2.5 Тексерулер
Әдетте, аптасына бір рет Компания мердігер ұйымның әрбір
жұмыс алаңында ЭЕӘ жөніндегі тексерулерді өткізіп тұрады.
Мақсаты ЭЕӘ талаптарының тиімді орындалуына баға беру болып
табылады. Бақылаудың нәтижесі мердігерге хабарланады және
Компанияның алаңдағы шараларды
қадағалау тізімдемесіне
тіркеледі. Әрбір шараны атқару мерзімі оның түріне қарай
беріліп, оны аяқтағанға дейін қадағаланады.
Әрбір мердігер ұйым сәйкестікті бақылаудың ішкі жоспарын
әзірлеуі қажет. Бұған қоса,
жұмыстарды атқару барысында
көрсеткіштерді бақылау мақсатында өздері күнделікті ЭЕӘ
тексерістерді өткізуі қажет. Мердігерлер өз алаңдарында
жүргізген бақылауларды іс-шараларды қадағалау журналында
қадағалап, Компанияның ЭЕӘ тобына ай сайын ЭЕӘ бойынша
есеп берген кезде мәлімдеуі қажет.
Мердігер ұйым өзінің бақылау
және тексеру бағдарламасы
арқылы Компанияға қарағанда көбірек ЭЕӘ шараларын анықтауы
қажет. Өйткені ол сенімділікті қамтамасыз ету бағдарламасының
тиімді орындалуын көрсетпек. Компания мен мердігер ұйымдағы
барлық ЭЕӘ шараларының кем дегенде 75%-ын
мердігер ұйым
анықтауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: